Төрағасының блогы
Сұрақ қою
Сұрақ қою-
Саламатсызба Жалдамалы патер калай алуга болады Актау каласынын . Кайда барып кенес алуга болады
Жауап
Сәлеметсіз бе, Мейрамгул!
Бүгінгі таңда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Самұрық-Қазына құрылыс» АҚ тұрғын үйлерін Қазақстан Республикасында «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша бөлу аяқталды. Жалға алушылар сатып алу-сату шартымен жалдау шартын бұзған жағдайда жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін. Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің веб-сайтта сілтеме бойынша «Хабарландырулар» бөлімінде орналастырылған. https://skcn.kz/ru/news/obyavleniya Байқауға қатысуға өтінімдер платформада тек онлайн форматта қабылданады https://dom.fnsk.kz/ru.
Бізбен хабарласқаныңызға рахмет!
-
Женiлдiкпен уй ала аламба, Ата-анасы жок деп без очеред, Алматы или облысы бойынша
Жауап
Қайырлы күн, Қуаныш !
Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды. Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады. Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya сілтемесі бойынша орналастырылады.
Пәтер сатып алуға өтінімдер Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық санаттары үшін www.dom.fnsk.kz веб-сайты арқылы қабылданады. Өтінімдерді қабылдау басталуының белгіленген мерзімінде барлық тіркелген пайдаланушылар бір мезгілде пәтер сатып алуға өтінім жіберу мүмкіндігіне ие болады. Кезектілік электрондық өтінімді қабылдау уақыты бойынша автоматты түрде қалыптастырылады. Басымдық уақыт бойынша бұрын берілген өтінімге беріледі, оған сәйкес Өтінім беруші жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ көлік орындарын өткізу тәртібіне сәйкес құжаттарды «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға ұсынуға міндетті.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Актауда неге представитель жоқ. Қашан болады? Переуступка жасай алмай отырмыз.
Жауап
Қайырлы күн, Қуаныш!
Бұл мәселе қарастырылып жатыр. Қазіргі уақытта «Samruk-Kazyna Construction» АҚ атынан өкілдікке үміткерлер қарастырылуда.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет! -
Сәлеметсіздерме! Тұрғын үйге өтінім беру тек Ақтөбе қаласында екен. Басқа қалаларда яғни Шымкент қаласынан жақын арада болама?
Жауап
Қайырлы күн, Жансая!
Бүгінгі таңда Ақтау қаласы бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya сілтемесі бойынша орналастырылады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Саламатсыздар ма? Менің сұрағым неге Енпф счетындағы ақшаны 3 айдың арендасы етіп жіберу керек? Ол сумманы арендный платеж етіп төлеуге болмай ма? Маған 3 айдың ақшасы болу керек деп түсіндірді. Бұл қаншалықты рас?
Жауап
Қайырлы күн, Гүлзина!
Сіз алдағы жалдау төлемдерін зейнетақы жинақтары есебінен төлей аласыз.
Егжей-тегжейлі нұсқаулық https://skcn.kz/kz/page/instrukciya-po-ispolzovaniyu-pensionnyh-nakopleniy-epv сілтемесі бойынша сайттымызда орналастырылды.
«Отбасы банк» АҚ платформасында өтініміңіз өңделгеннен және ақша қаражаты «Samruk-Kazyna Construction» АҚ шотына аударылғаннан кейін, Сізге ақша қаражатын алдағы жалдау төлемдері есебіне аудару туралы өтініш жазып, kense@fnsk.kz электрондық поштасына жіберу қажет.Хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Саламатсыз ба? Мен Шығыс тұрғын уй тұрғынымын. Желтоқсанда Енпф счетынан 90000 мың сосын 64000 мың жібердім .Ол сумма Самруққа барып түсті енді маған менеджерім айтады сіз частисный погашенияға 3 айдың ақшасын төлеуіңіз керек дейді . Бұл сумма жетпейді жейді. Енді мына суммам қайда? Арендный платежға кіргіздім дейді кіргізсе неге график 3 ай болды берілмейді? Осы ақша қайда? Қазір 18 ғасыр емес! Әр ақшаның есебі бар! Қайдв кеткені туралы есеп беріңіз! Өтініш!
Жауап
Қайырлы күн, Гүлзина!
2022 жылғы 20 ақпандағы жағдай бойынша Сіздің Жалдау шартыңыз бойынша артық төлем 179 194,95 теңгені құрайды.
Шарттың 6.3 тармағына сәйкес Жалдау шарты бойынша мерзімінен бұрын ішінара өтеуді жүзеге асыру үшін мерзімінен бұрын ішінара өтеу сомасы кемінде 3 ай сайынғы төлемді құрайды.Хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Ассалаумағалейкум! Отбасы банкі шотына қаражат түскеннен кейін, 40-күннен 20-күнге қысқартылуына байланысты, Қалдық сома анықтамасын тезірек алуға мүмкіндік бола ма?
Жауап
Қайырлы күн, Алмат!
Сіздің өтінішіңіз №589 кіріс нөмірімен тіркелген.
Жеке тұлғалардың өтініштері 15 күнтізбелік күн ішінде қаралады.
Біздің менеджерлер сіздің сұрауыңызды қарастырып, мүмкіндігінше қысқа мерзімде жауап береді.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Сәлеметсіздер ме, өздерің білесіздер Асыл Арман Тұрғын үй кешені қоршалған кешен. Бірақ ішінен осы былтырдан бері базарлар ашылып жатыр, НЕГЕ деген сұраұтарымызға, Акиматқа барыңыздар деп жауап берген. Акиматтың жауабы: Ол жерлер Асыл Арманға, яғни Самруққа тиесілі емес, жеке адамның жерлері деді. Біздің сұрақ. Онда неге ол базар ашылған жер Асыл Арман кешенінен сыртта тұрмайды, неге ішінде қалып қойған. Неге басқа базарлар сияқты кешеннен сыртта тұрған жоқ. Бізге әлі де, мына адам жауапты деген жауапты ешкім айтпады. Олардан қоқыс көп шығады, Ол қоқысты біздің контейнерлерге төгеді. Жауап күтеміз
Жауап
Сәлеметсіз бе, Галия!
Сіздің "Асыл Арман" тұрғын алабының аумағымен шекарадағы орналасқан базар туралы өтінішіңіз қаралды.
"Асыл Арман" ТА жанында орналасқан базар жеке аумақта орналасқанын хабарлаймыз.
Бұл ретте, "Сервис Комфорт" ЖШС басқарушы компаниясына "Асыл Арман" тұрғын алабы тарапынан базар аумағына өту жолын жабу қажеттілігі туралы хабарлама жіберілді.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Салеметсиз бе! Сиздерде ай сайынгы толенетин акша сомасы график бойынша калай толенеди, ай сайынгы толем озгериссиз бир толем бе, ай сайынгы толемдерге сыйакы бериле ме, график арендных платежей тусиндирип берсениз.
Жауап
Қайырлы күн, Жазира!
Келісім-шарттың 3.2. тармағына сәйкес, жалдау төлемдері кестесінің (№2 қосымша) 3-бағанында көрсетілген кезеңге арналған жалдау төлемінің мөлшері кезең ішіндегі Сатып алу бағасынан (4-баған) және кезең үшін сыйақыдан (5-баған) тұрады.
3.3. тармағына сәйкес, сыйақы мөлшері жылдық 10 % құрайды. Сый ақыны есептеу ай сайынғы негізде жүргізіледі.
3.4. тармағына сәйкес, кезең үшін жалдау төлемін төлеу кезінде төленген кезеңнен кейінгі Жалдау төлемдері кестесінің (№2 қосымша) 6-бағанында көрсетілген Сатып алу бағасы төленген жалдау төлемі кезеңіне арналған сатып алу бағасының мөлшеріне азаяды.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Сәлеметсіз бе! БЖЗҚ қорындағы артық ақша сіздердің шоттарыңызға жіберілді. Түскен немесе түспегенін қалай білуге болады? Жаңа кесте жасалынып, келісімшарт беріле ме? Келісімшарт нөмірі 105207456
Жауап
Қайырлы күн, Лариса!
Жалдау шартыңыз бойынша ақша қаражаты түскен жоқ.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!