//

Төрағасының блогы

Сұрақ қою

Сұрақ қою
  • Сұрақ: Ардақ Тұрманов

    Саламатсыз ба Айтқожанұлы Болатқан Сізден сұрайын дегенім Мен Нұрлы жер бағдарламасы бойынша 2019 жылы Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі 76 үй 87 пәтерден 240 айға жалға алу шарты бойынша үй алғанмын Нұрлы жер бағдарламасы үйді жалға алу және сату бойынша құрылған ба және салынған үй мемлекеттік меншік болып есептелінеді ме әлде меншік иесі Samruk-kazyna Construction болып табылады ма? Жауабыңызға алдын ала рахмет

    Қайырлы күн, Ардақ!

     «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды.

    Сіз (бұдан әрі - Жалға алушылар) Қоғаммен Тұрғын үй - жайды сатып алу құқығымен жалға алудың 2019 жылғы 18 қаңтарда №111213865 шартын (бұдан әрі - Шарт) жасастыңыз. Шарт талаптарына сәйкес, Жалға алушыға Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі, 76-үй, 87 мекенжайы бойынша орналасқан пәтер (бұдан әрі - Үй-жай) берілді.

    «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 2 - бабының 22) тармақшасына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қоры – коммуналдық тұрғын үй қорына, мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорына не мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорына тиесілі және республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына кіретін тұрғын үйлер.

    Сонымен бірге, Жалға алушылар алған үй-жай (тұрғын үй) Заңда көзделген мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үйлеріне жатпайды. Жалға алушыларға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның (бұдан әрі - Қоғам) бөлінген тұрғын үйлері Қоғамның меншігі болып табылады. Жалға алушылар Қоғам алдындағы шарттық міндеттемелерін орындағаннан кейін, үй-жайға меншік құқығы Жалға алушыға беру шарты негізінде өтеді.

    Хабарласқаныңыз үшін рахмет! 

  • Сұрақ: Жазира Оспанова

    Салметсіз бе ? Өскемен қаласы Есенберлина бойынша конкурс болама ?? Осы жылға Болса қашан

    Қайырлы күн, Жазира !

    Бүгінгі таңда ҚР бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
    Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
    Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya сілтемесі бойынша орналастырылады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Ельдос Оспанов

    Саламатсызба! Алматы қаласы бойынша тұрғын үйлер беріле ма! Сіздердегі Нұрлы жер Бағдарламасы тоқтады ма?

    Қайырлы күн, Ельдос!

    Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
    Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
    Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya  сілтемесі бойынша орналастырылады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Рахат Ташенова

    Сәлеметсіз бе!? Біз Көкшетау қаласында пәтер жалдап тұрамыз. 4қыз. Студенттерміз. Айына 80.000тг төлейміз+комуслуга 18000ға шығады. Бізге комуслуга ішіне КСК, Капремонт қосады. Оны біз төлеуге міндеттіміз бе? Уйде тышқан мен таракандар бар. Жағдайы жасалмаған. Не істесек болады? Общяга бермид.

    Қайырлы күн, Рахат !

     «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Көкшетау қаласында тұрғын үйлер салынбаған.
    Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Сіздің туындаған мәселеңіз бойынша тұрғын үйдің басқарушы компаниясына жүгінуіңіз керек.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Кыдыр Джумаев

    Договор -112 217874 бойнша пәтердің карызын біліп бересізба сол пәтердің карызын тугелдей төлеп мен сатып алайындеп едим жаңа договор шығартып . Кредитьный историяға,табыска карайма.

    Қайырлы күн, Қыдыр!

    Сіз салыстыру актісін ұсыну туралы өтініш жазып kense@fnsk.kz электронды поштасына жіберуіңіз қажет немесе жетекшілік ететін менеджер Әсел Трумовамен +7 (7172) 55-90-04 телефон нөмірі арқылы хабарласуыңызға болады (электрондық поштасы - a.trumova@fnsk.kz).

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Кыдыр Джумаев

    Саламатсызба. Мен Актау каласынан 32а мкр нан пәтер алайындеп едім. Бурынгы пәтер есінің карызы бар екен самрук казнаға,сол карызын мен толыктай төлеп өзі атыма жаңадан график погошение шығартуыма болама. Мениң кредітный историяма,жалакыма карайма.

    Сәлеметсіз бе, Қыдыр!

    Жалға алушы Сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзуға ниет білдірген жағдайда, Қоғамның жылжымайтын мүлікті өткізудің ішкі қағидаларына сәйкес, жылжымайтын мүлік қайталама сатуға жатады. Қоғамның сайтында (https://skcn.kz/) пәтерді сатып алу құқығымен жалға алуға конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру жарияланады. Бұл ретте, осы пәтерді сатып алуға ниет білдірген Өтінім беруші бірінші Жалға алушы жалдау шартын жасасқан кезден бастап жалдау төлемдерінің кестесі бойынша ағымдағы күнге барлық жалдау төлемдерін (оның ішінде алдыңғы Жалға алушының дебиторлық берешегін) өтеуге тиіс. Кредиттік тарих қаралмайды, алайда шарттардың бірі - Өтінім берушінің ай сайынғы жалдау төлемдерін төлеуге мүмкіндік беретін төлем қабілеттілігінің жеткілікті деңгейі болып табылады. 

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Жадыра Уракбаева

    Сәлеметсізбе Болатхан мырза! шымкент қаласы жк Адия үйінің сыртқы фасады сары түсті шуба түсіп қалған. және подъездерде лестницада кафел қойылмаған жасап бересіздерме?2020 ж Николаевич мырза келгенде жасап береміз деп еді. Алайда уже жыл өтті ғой. Ұйдің сыртын 2021 жазда Нұртай мырза келген. ол кісі тендер ойнатып күзге қарай жасаймыз деген. осы мәселені қайта көтеріп нәтижесін айтсаңыз

    Қайырлы күн, Жадыра!

    «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды. «Әдия» ТК құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасында баспалдақ марштарының кафель тақтайшаларын орнату қарастырылмаған.
    Сонымен қатар, Қоғам «Әдия» ТК қасбетінің анықталған ақаулары бөлігінде «Әдия Групп Тұран» ЖШС құрылыс салушысына қатысты сот талқылауына бастамашылық етті. Қабылданған шешім туралы қосымша хабарланатын болады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Айнагул Сақтапова

    Салематсызба.Пәтер кезегіне тұру үшін кіріс көзі есепке алынатынын білеміз егер пенсионный тоқтап тұрған болса.Бірақ сетевой жұмыстар арқылы табыс көзі бар болса өтінім бере аламынба

    Қайырлы күн, Айнагул!

    Сатып алу құқығымен жалдау тетігі арқылы тұрғын үйді сатып алудың негізгі өлшемшарттары мынадай:
    1) Соңғы 36 (отыз алты) айда тұрғын үйдің болмауы немесе жылжымайтын мүлікпен мәмілелердің болмауы, не тұрғын үй жағдайларын жақсарту, яғни отбасының әрбір мүшесіне 18 шаршы метрден кем келетін осы қалада тұрғын үйдің болуы.
    2) Ай сайынғы жалдау төлемдерін төлеуге мүмкіндік беретін төлем қабілеттілігінің жеткілікті деңгейі.
    3) Бұған дейін өтініш беруші «Samruk-Kazyna Construction» АҚ шарттары бойынша сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алмаған болатын.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Айнура Турсунбаева

    Сәлеметсізбе! Біз 2020жылы августа Самурук казына компаниядан Ақтау қаласы 32а мкр 9 дом үй алған болғанмын. Ендігі мәселе үйдің тозуында. Бұл домда домофон жоқ , жақсы, тек ол болса екен ЕСІК жоқ подъездге кіретін есік жоқ! Сапасы нашар болғандықтан әлі жөндеу де немесе тағыда басқа сылтаулар болу мүмкін! Келесі мәселе Есік болмағандықтан Домға қауіпсіздік жағы қандай болатынын белгілі?! Кейінгі мәселе ЛИФТ желге лифт коп тоқтайды деп көршілер шағымдануда, ал бұл дом 14 этаждан тұрады! Жақсы біз сізден сатып алдық, бізден кейін бұны кім сатып алады? Сізден осы мәселелердің әділ және дұрыс шешімін табатынызға сенімдіміз, себебі біз КСК және осыған жауапты адамдарға телефон соктык, одан ешқандай жауап жоқ !

    Сәлеметсіз бе, Айнұр!

    Өтінішіңіздегі мәселелер бойынша шаралар қабылдау үшін «ҚАЗЭКО-ЕХРО» ЖК Басқару органына Сіздің өтінішіңізде көрсетілген мәселелерге қатысты түсініктеме беруге және шаралар қабылдауға тиісті сұрау салу жіберілді. 9-үйдің №2 кіреберіс есігі жөнделіп, қалпына келтірілді. Жұмыс істемейтін домофонға қатысты «АРТ-Телеком» ЖШС көрсететін тиісті қызметтер үшін берешекке байланысты домофондар ажыратылғанын хабарлаймыз, осыған байланысты Ақтау қ., 32А ы/а мекенжайында орналасқан КПТҮ объектісін басқару органы «КАЗЭКО-ЕХРО» ЖК-не 30.10.2021 жылы домофондарға қызмет көрсету жөніндегі мамандандырылған ұйымды таңдау мәселесі бойынша пәтер тұрғындарының жиналысын өткізу тапсырылды.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Асылбек Аскаров

    Ассалаумағалейкүм Болатхан аға! Ақтобе қаласынан Нұрлы жер бағдарламасы арқылы жалдамалы үй с правом выкупа қалай алуға болады. ЖК. Бавария тұрғын үйі сіздің компанияыңыз арқылы берілеме.

    Қайырлы күн,Асылбек !

    Бүгінгі таңда ҚР бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
    Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
    Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya сілтемесі бойынша орналастырылады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

Төрағасының блогы