//

Төрағасының блогы

Сұрақ қою

Сұрақ қою
  • Сұрақ: Нелли Узакбаева

    Саламатсызба ! Маған уй керек еді Актау каласынан кай жерге барып хабарласамын

    Қайырлы күн, Нелли!

    Бүгінгі таңда Ақтау қаласы бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
    Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
    Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда  https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya  сілтемесі бойынша орналастырылады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Маржан Дулатовна

    Сәлеметсізбе, сұрағым, риелторлар бұрын қарызы бар үйлерді білмеуі мүмкін бе? басқа адамға қарызы бар үйді сатуы қаншалықты заңды? Және құжат 1 -1,5 айда дайын болуы керек. 3-4 айға дейін бермеуінің орынды орынсыз екеніне жауап берсеңіз?

    Қайырлы күн, Маржан!

    «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) коммерциялық ұйым болып табылмайды. Қоғам риэлторлық және/немесе консалтингтік компаниялармен жұмыс істемейді.
    Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы барлық ақпарат  сілтемесі бойынша https://skcn.kz/ru/news/obyavleniya сайтымыздың «Хабарландырулар» бөлімінде орналастырылады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Арман Рсбаев

    Ассалааму алайкум қалайсыз? Ақтөбе қаласынан, үй алғым келеді арендага, Актобе қашан тағы үй беріледі, сол үй алуыма жәрдем берсеңіз, арендага алайын деп едим, Актобе де программа битти деди жұмысшыларыныз соны реттеп берсениз

    Қайырлы күн, Арман !

    Бүгінгі таңда ҚР бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
    Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
    Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya  сілтемесі бойынша орналастырылады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Гулжан Бердибаева

    Салеметсизбе. Мен уйге очередке турам немесе аренда жилье программасына катыссам димин. Квартира да уйсиз жургениме 3 жыл болайын деп жатыр.

    Қайырлы күн, Гулжан !

    Бүгінгі таңда ҚР бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
    Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
    Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya  сілтемесі бойынша орналастырылады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Бейбит Юсупов

    салеметсизбе Болаткан Айткожанулы ! 9. 09 2021ж арыз жазып едик. толык сатып алу соган али жауап жок. 2 ай кутиниз дейди. сол жагы калай. сатып алганнан кейн тагы 2 ай кутемизбе оформление документов. сонда калай?

    Қайырлы күн, Бейбіт!

    Сатып алу құқығымен жалдау шартының 6.5-тармағына сәйкес «Жалға алушы үй-жайдың сату бағасын төлеу кезеңі басталғанға дейін кемінде 2 (екі) ай бұрын енгізілетін төлемнің мөлшерін көрсете отырып, толық өтеу ниеті туралы Жалға берушіні жазбаша хабардар етуге тиіс». Сіздің өтінішіңіздің негізінде берешек сомасы (жалдау төлемдері, салықты өтеу, мерзімі өткен төлемдер үшін өсімпұл бойынша бар берешекті ескере отырып) есептеледі. Содан кейін Сізге берешек сомасы және оны өтеу мерзімі туралы ақпарат жіберіледі. Берешек сомасы көрсетілген кезеңге дейін төленген жағдайда, салыстырып тексеру актісі жасалып берілетін болады.
    Бұдан әрі, мәміле жасау үшін құқық белгілейтін құжаттар Сіздің аймағыңыздағы нотариусқа жіберілетін болады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Алмас Утелов

    Сəлеметсіздерме. Мен Утелов Алмас Ақтау қаласы 32а шағын ауданы, 10 үй, 53 пəтер 2 бөлмелі (49.9 шаршы метір) тұрғыны. Желтоқсан айы 2020 жылы Жеке кабинетімде " Возмещение налога на имущество" деген жерінде 4 800 теңге қарыз деп шығып тұрды, мен 5 000 тенге толедім, сосын 1-2 айдан кейін тағы да 3 700 тенге қарыз деп Жеке кабинетіме шықты мен тағы да 4 000 теңге ақша төлеген едім. Ешқандай қарыз суммам болмаған, бірақ осы айдан бастап тағыда "Возмещение налога на имущество" дегенге 1 434 теңге қарыз деп жеке кабинетіме келіп тұр, бұл қайдан шыққан қарыз, қалай есептелініп тұр маған түсіндіріп берсеңіздер жəне жылыга қанша теңге төлену керек салық үшін???

    Қайырлы күн, Алмас!

    Тұрғын үй-жайды сатып алумен жалдау шартының 4.3.28-тармағына сәйкес Жалға алушы мүлік салығын төлеу бойынша шығындарды Жалға берушіге өтеуге міндетті, бұл ретте өтеу кезеңділігін Қоғам айқындайды.
    Қоғам мүлік салығын Кодекстің 521-бабының 6-тармағы негізінде есептеген кезде, Кодекстің 531-бабында («Жеке тұлғалар үшін салық мөлшерлемелері») белгіленген мөлшерлемені қолданады, себебі Қоғам Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 122 бұйрығымен бекітілген Салықты мемлекеттік және (немесе) үкіметтік тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру шеңберінде жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берілген салық салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мөлшерлемелері бойынша есептейтін заңды тұлғалардың тізбесіне енгізілген.
    Осыған байланысты, Шартқа сәйкес Жалға алушы Жалға берушіге мүлік салығын төлеу жөніндегі шығыстарды тоқсан сайын өтеуге міндетті.
    Бүгінгі күні жеке кабинет тестілік режимде жұмыс істейтінін қосымша хабарлаймыз.

    Толық ақпарат алу үшін Ақтау қаласы бойынша жетекшілік ететін менеджерге +7(7172) 55 90 04 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз!

  • Сұрақ: Динмухамед Мусоев

    Құрметті Болатхан Айтқожанұлы! Асыл Арман ТК конкурс бойынша 14үй 251пәтерді ұтып алдым. Банктен төлем қабілетін растаттым. Алматы қ.Самұрық қазынаның өкілдігіндегі маман Үсіпбекке 28 шілде 2021ж. барлық құжаттарымды өткіздім. 10.08.2021ж.өкілдіктеріңізге барсам менеджер Конурбаева Мария 14үй 251 пәтер ді менің атыма рәсімделмейтінін және құжаттарымды алып кетуімді сұрады. Себебін сұрағанда үй иесі Киргабаков Мухтар үйін сатпайтын болды деп жауап берді. 11.08.2021ж.менеджер Конурбаева Мария хабарласып 13.08.2021ж. сағат 14-30 әйелім екеуімізді келуімізді ескертті акт сверка жасап үйді менің атыма рәсідейтінін. Мен 13.08.2021ж.аталған әйелім екеуіміз бардық. Үй иесі М.Киргабаков мүдем телефонға жауап берген жоқ және келмеді. М.Конурбаевадан сұрағанда танертен хабарласқанын сағат 14-30 келетінін айтты. Сағат 18-00 ге дейін күттім ешкімнен ешқандай жауап болған жоқ және Конурбаева Мария Дүйсенбі хабарласам деп шығарып салды. Осы аталған 14 үй 251 пәтер бойынша қызметтік тексеріс жіберуіңізді және заң бұзушылықтар орын алған жағдайда шара қолдануыңызды сұраймын. Менің бір ай уақытым кетті және моральдық психологиялық қысымнан өтіп жатырмын. 14 үй 251 пәтер маған рәсімделмейтін болса келесі босаған пәтерден конкурссыз пәтер алуға рұқсат беруіңізді сұраймын.

    Сәлеметсіз бе, Динмухамед!

    Жалға алушының атына талап ету құқығын басқаға берудің үшжақты шартын жасасу бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындау туралы жазбаша талап жолданды.
    Бүгінгі күнде сіздің мәселеңіз шешілді. 23.08.2021 жылы "Асыл Арман" ТК 14-үй, 251-пәтер бойынша құқықты басқаға беру жөнінде мәмілеге қол қойылды.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Динара Асаубаева

    Салеметсизбе! Менин сизден сурайын дегеним семейден павлодарга кошип келгенбиз енди арендный жилье с выкупом ала аламызба атымызда ешкандай уй жок 2 балам бар квартирада турып келемиз онын ози кымбаттап жатыр

    Қайырлы күн, Динара !

    Бүгінгі таңда ҚР бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
    Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
    Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya  сілтемесі бойынша орналастырылады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Динмухамед Мусоев

    Құрметті Болатхан Айтқожанұлы! Асыл Арман ТК конкурс бойынша 14үй 251пәтерді ұтып алдым. Банктен төлем қабілетін растаттым. Алматы қ.Самұрық қазынаның өкілдігіндегі маман Үсіпбекке 28 шілде 2021ж. барлық құжаттарымды өткіздім. 10.08.2021ж.өкілдіктеріңізге барсам менеджер Конурбаева Мария 14үй 251 пәтер ді менің атыма рәсімделмейтінін және құжаттарымды алып кетуімді сұрады. Себебін сұрағанда үй иесі Киргабаков Мухтар үйін сатпайтын болды деп жауап берді. 11.08.2021ж.менеджер Конурбаева Мария хабарласып 13.08.2021ж. сағат 14-30 әйелім екеуімізді келуімізді ескертті акт сверка жасап үйді менің атыма рәсідейтінін. Мен 13.08.2021ж.аталған әйелім екеуіміз бардық. Үй иесі М.Киргабаков мүдем телефонға жауап берген жоқ және келмеді. М.Конурбаевадан сұрағанда танертен хабарласқанын сағат 14-30 келетінін айтты. Сағат 18-00 ге дейін күттім ешкімнен ешқандай жауап болған жоқ және Конурбаева Мария Дүйсенбі хабарласам деп шығарып салды. Дүйсенбі күні хабарласып 20.08.2021ж. сағат 14-30 үйді сделка жасайтыны туралы Конурбаева Мария хабарлады. Бірақ 18.08.2021ж.хабарласып сделка болмайтыны туралы және Киргабаков Мухтар өз өтінішінен бас тартып арыз жазғаны туралы хабарлады. М.Конурбаевадан барып сұрағанымда Киргабаков М., Нұр Сұлтан қ. басышымен сөйлескенін (Лаура Асылбековнамен ) сол кісі М.Киргабаковақа үйді қайтарып алу бойынша өтініш жаз дегенін атап өтті және қазіргі оның арызын Нұр Сұлтандағы юристер қарастырып жатқанын атап өтті. Менің Сізге жазған (Сандықбаев) жазған 1544 нөмірдегі арызымды Алматы қ. Конурбаева Мария жауап жазады деп жолдай саласыздар да. М.Киргабаковтың арызын Нұр -Сұлтанда юристермен қарастырасыздар бұл қалай? Осыған дейін осы сайт арқылы обращение жасадым ешқандай жауап болған жоқ нақты жауап қашан болады? Осы аталған 14 үй 251 пәтер бойынша қызметтік тексеріс жіберуіңізді және заң бұзушылықтар орын алған жағдайда шара қолдануыңызды сұраймын. Киргабаков М. неге бір жақты шешім шығармайсыздар осынша уақыттан бері сделкаға келмегені үшін ? Менің бір ай уақытым кетті және моральдық психологиялық қысымнан өтіп жатырмын. Сізден өтініш 14үй 251 пәтер берілмеген жағдайда келесі пәтерді конкурссыз алуға рұқста беруіңізді сұраймын.

    Қайырлы күн, Динмухамед !

    Жалға алушының атына талап ету құқығын басқаға берудің үшжақты шартын жасасу бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындау туралы жазбаша талап жолданды.
    Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес қайталама сатылатын тұрғын үй-жайлар конкурс арқылы бөлінеді.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Айгуль Байма

    Саламатсыз ба ! Сурагым бар еди!Мен еки жылдан бери последующим выкупом квартира алдым айына 167000 толем,мен айына 170000 т толеп келемин.Енди маган гарантиный платеж толтыр деп офистен звондады.Мен коп балалы анамын кумис алка иесимин.Тапкан акшамызды ай сайын просрочка жасамай толеп отырмыз.Ендиги сурагым мени сотка береди ме,пеня жургизеди ме кимнен комек сураймыз женилдик жок па ,кайда барамыз президенттен комек сураймыз ба?

    Қайырлы күн, Айгуль !

    Сіздің аты-жөніңіз бойынша біздің жүйеде жалға алушы табылмады. Шарт нөмері мен тіркелген күнін көрсетуіңізді сұраймыз.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

Төрағасының блогы