Төрағасының блогы
Сұрақ қою
Сұрақ қою-
Талғар ауданы, Айғаным шағын ауданында жайлы мектеп жобасы 2023ж. Басталып, 2024ж. бітуі керек еді Самұрық қазына констракшн қызметкері Бағдат мырзаның уәдесі бойынша. Бірақ "Шебер" ЖШС компаниясы өз ісін атқара алмай, Самұрық қазына констаркшн келісім бұзды. Енді Айғаным мектебі 2024 жылдың желтоқсан айына дейін іргетасы құйылып, қабырғасы көтеріліп, шатыры жабылады делінген Талғар ауданы әкімі Таңат Есенкелліұлы мен Самұрық қазына констркшн қызметкері Бағдат мырзаның тұрғындармен жиналыста айтқан уәдесінде. 2 жыл бойы 1 мектеп сала алмай жатқан Самұрық қазына констракшн өз қызметкерлерін бақылауда ұстай алмай ма? Жауапсыз құрылыс компаниянысын кінәлі қылудан басқа ешқандай жұмыстар жүріп жатқан жоқ. 2000-нан аса түтіні бар, 2000-нан аса оқушысы бар, 100-ге жуық мұғалімі бар Айғаным ауылына мектеп салу неге созылып кетті. Халыққа жер астынан шыққан су, тендер, жауапсыз құрылылыс компаниясы деген мың сылтау қажет емес. Осы Айғаным мектебіне жауапты дауазымды тұлғалар жауапқа тартылып, жауапкершілігі мол адамдар қызметке алынып, жайлы мектеп бағдарламасы бойынша, Айғаным шағын ауданының мектебінің құрылысын қолға алып, бақылауды күшейтіп, бітіріп берсеңіздер. Айғаным мектебіне байланысты жиналыстардың фото, видео материалдары бар.
Жауап
Елді мекеннің тұрғыны ретінде танытқан азаматтық белсенділігіңіз үшін алғыс білдіреміз. Өздеріңіз білетіндей, Талғар ауданының Көктал ауылындағы «Айғаным» ықшам ауданында жайлы мектептің құрылысын жүргізуге ашық конкурстық рәсімдердің нәтижесі бойынша «SHEBERBUILD» ЖШС белгіленді. Алайда, өз міндеттемелерін орындамағандықтан Бірыңғай Дирекция тарапынан мердігерлік ұйыммен арадағы келісімшарт бұзылды. Қазіргі таңда «KazSMU» серіктестігімен келісімшарт жасалды. Бүгінде құрылыс компаниясымен жұмыс қолын жұмылдырып, қарқынға қарқын қосу бойынша шаруа атқарылуда. Жерасты сулары бойынша жобалық шешім қабылданғаннан кейін, жұмыс күшейтіледі.
«Айғаным» ықшам ауданындағы жайлы мектеп құрылысының мәселесі «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басшылығының тікелей бақылауында.
-

Жетісу облысы Алакөл ауданы Достық ауылында салынатын жайлы мектеп қашан басталып, қашан аяқталады? Неше орынға арналған болады?
Жауап
Қайырлы күн. Жетісу облысындағы Алакөл ауданына қарасты Достық ауылындағы жайлы мектеп 600 оқушы орнына шақталған. Жобаны жүзеге асыру бойынша бүгінде дайындық жұмыстары толығымен жүргізілді. Жақын арада құрылысы бастау алып, ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.
-
Қайырлы күн Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылдық округы ,Кеміртоған ауылынан салынатын мектептің конкрусы не болды қортындысы шықтыма
Жауап
Қайырлы күн. Сұрағыңыз үшін рақмет! Бүгінде мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурстың нәтижесі шығарылып, жеңімпаз ретінде «Промкомлпект-Б» ЖШС танылды.
Мердігерге жайлы мектепті салуға арналған жер учаскесі берілді. 2023 жылдың 27-ші қазанында 1500 оқушыға шақталған мектеп учаскесін перимерті бойынша қоршау жұмыстары бастау алады. Сондай-ақ, мердігер құрылысқа дайындық жұмыстарына кіріспек.
Жаңа форматтағы заманауи білім ошағының учаскесі Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі селолық округі, Кемертоған ауылы, ТСФ-2 көшесі, 25/6 мекенжайы бойынша орналасқан.
-
Ассалаумағалайкум Мәулен Зарықұлы жайлы мектеп жобасы бойынша салынатын Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округы Кеміртоған ауылынан салынатын мектептің конкрусы туралы білейін дегенмін конкрустың нәтижесі не болды мектеп салынама салынбайма.
Жауап
Қайырлы күн!
Алматы облысына қарасты Кеміртоған ауылында ұлттық жоба аясында 1500 орындық жайлы мектеп салу жоспарланған. Білім ошағының құрылысы биыл бастау алады. Қазір мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурстық процедуралар жүріп жатыр. Нәтижесі шыққан уақытта қосымша хабарлайтын боламыз.
-
Ассалаумағалайкум Мәулен Зарықұлы жайлы метеп жобасы бойынша Алматы облысы бойынша өткізілген конкрустардың нәтижесін айтасызба және мектептер қашан басталады
Жауап
Қайыр күн! Осы сілтеме бойынша https://skcn.kz/kz/news/news/1266 сайтта барлық жеңімпаздардың тізімі бар. Қазан айының басында мектептердің ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өтіп, оң қорытынды алу жоспарлануда. Осыдан кейін Құрылыс-монтаж жұмыстары толық көлемде басталады.
-
Сізден сұрайын дегенім биыл жайлы мектбеп бойын салыну керек болатын Алматы облысы Қарасай ауданы Кеміртоған ауылынан салынатын 1500 орындық мектептің конрусқа бермедіңіздер мектеп салынбайма
Жауап
Алматы облысы Қарасай ауданындағы Кемертоған ауылында, Иргелі ауылдық округінде 1500 орындық мектеп салу бойынша мердігерлік ұйымды айқындауға Конкурс өткізілген жоқ. 2023 жығы 18 тамызда қосымша конкурс өткізуге өтінім жолданды.
-
Ассалаумағалейкум Маулен Зарықұлы! Сізге Атырау қаласы ЖК Жерұйықтан хабарласып тұрмын. Айсайынғы төлем, қанша қалды білейін дегем. Жұмыс телефон ешкім көтермейді.
Жауап
Жарасхан, қайырлы күн!
Жалдау төлемдері бойынша берешекті нақтылау үшін менеджер Таубаева Әселге 8 (7172) 55 90 04 телефоны бойынша хабарласуыңызға болады.
Келіп түскен барлық төлемдер туралы анықтама алу үшін өтінішті жазып поштаға жіберу қажет kense@fnsk.kz (өтініш үлгісі поштаңызға қоса жолданды).
-
Арендный платежды гарантированный платежга салп жибериппин кызылорда каласы жаппасбай батыр 76 дом 84 патер бойынша
Жауап
Анар Сартаевна, қайырлы күн!
Төлемнің мақсатын өзгерткіңіз келген жағдайда менеджеріңіз Ибрагимова Жамиляға хабарласып 8 (7172) 57-07-47 (zh.ibragimova@fnsk.kz), өтініш жазуыңыз қажет.
-
Саламатсызба сіздерден жер ұй алуға болама
Жауап
Мария, қайырлы күн!
Қазіргі уақытта «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары бойынша оператор болып табылмайды. Ал бұрын «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған үйлер толық көлемде сатылды.