Төрағасының блогы
Сұрақ қою
Сұрақ қою-
Тұрғын үйге өтінім беру кезінде ата-анамды тең өтінім берушілер ретінде көрсетуді жоспарлап отырмын. Ата-анам зейнеткерлер. Мұндай жағдайда не істеу керек?
Жауап
«Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлер» бағыты бойынша «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ машина орындарын өткізу тәртібіне сәйкес (бұрын - Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы) отбасы мүшелері тең өтінім берушілер бола алады. Отбасы мүшелеріне күйеуі (әйелі) және олардың ата-анасы, Өтінім берушінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, атасы, әжесі, немерелері, некеде тұрмайтын ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (аға-қарындастары) жатады.
Өтінім берушінің немесе отбасы мүшенің күйеуі (әйелі) онымен бірге тұратынына/тұрмайтынына қарамастан, отбасы мүшесі ретінде көрсетіледі, бағдарламаға сәйкес жасқа байланысты шектеулер жоқ. Осылайша, зейнеткерлер болып табылатын ата-аналар ЖЖТ есептеген кезде Тең өтінім берушілер ретінде қатыса алады.
-
Пәтер Әкімдік арқылы алынған және ай сайынғы төлем 107 мың теңгені құрайды. Мүгедектер (жағдайы төмен, толық емес отбасылар) бұл соманы қалай төлейді?
Жауап
Төлем қабілеттілігі - Бағдарламаның негізгі өлшемшарттарының бірі болып табылады. Жылжымайтын мүлік қорымен сатып алу құқығымен жалға алу шартын жасау үшін Өтінім беруші жалдау төлемдерін, жалға алынатын үй-жайды күтіп-ұстауға негізгі шығындарды және Өтінім беруші мен оның отбасы мүшелерінің өзге де шығындарын төлеуге жеткілікті кіріс жиынтығының мөлшерін растауы тиіс.
Өтінім берушінің кірісі екінші деңгейлі банктер (бұдан әрі - ЕДБ) есептейтін ЖЖТ-мен расталады. Өтінім берушілер Интернет арқылы өтінімді берген кездетөлем қабілеттілігін есептеу үшін www.fnsk.kz сайтындағы калькуляторды пайдалана алады. үй-жайды сатып алу құқығымен жалға алу шартына қол қою алдында өтінім беруші жалдау төлемдерін кесте бойынша төлеу мүмкіндігін растауы тиіс. ЖАО арқылы жалға берілетін үйлерді сатып алу туралы шешімді кезекте тұрған адамдар өздері қабылдайды. ЖАО төлем қабілеттілігін растаған одан әрі сатып алатын тұрғын үйлерді жалға алушылардың тізімін жасап, Жылжымайтын мүлік қорына жібереді.
-
Пәтерлер қалай әрленіп өткізіледі?
Жауап
Пәтерлер таза әрлеуде өткізіледі.
-
Тұрғын үй жағдайын жақсартуға қатысты сұрақ: мысалы, Қарағанды қаласында менің 1-бөлмелі пәтерім бар, 3-бөлмелі пәтер алу үшін не істеу керек?
Жауап
Бағдарлама шарттарына сәйкес егер отбасының әрбір мүшесіне пәтер алаңының 18 ш.м. аз шықса, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлерді сатып алу бағдарламасына, баспанасы жоқ адамдар да, тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж адамдар да қатыса алады. Тұрғын үй жағдайын тұрғын үй-жайды сатып алу құқығымен жалға алу жолымен жақсартуға мұқтаж адам өз мәртебесін пәтердің техникалық паспортының нотариалды расталған көшірмесімен, мекенжай анықтамасымен, отбасының бірге тұратын әрбір мүшесінің тұрғын үйінің бары/жоғы туралы анықтамалармен растауы тиіс.
Кейіннен тұрғын үй-жайды алуға мүдделі тұлға ЭЦҚ пайдаланумен Жылжымайтын мүлік қорының сайтында тіркеледі және интернет-ресурс арқылы өтінім беріп, баспанасы жоқ адамдар өтетін шарттармен тұрғын үйді интернет-ресурс арқылы өткізуге қатыса алады. Өтінімдер қабылдау басталатын белгіленген мерзімде тұрғын үй-жайларды сатып алуға Өтінім беру мүмкіндігі өзінің ЖСН және алған пароль көмегімен Өтінімдерді беру жүйесіне кіріп тіркелген барлық тұтынушыларға бір мезгілде беріледі.
-
Жас отбасы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ желісі бойынша жылжымайтын мүлік сатып алуға ниеттенді, ал күйеуі/әйелі жұмыссыз. Өтінім беруші (күйеуі/әйелі) тең өтінім беруші ретінде некеде тұратын ағасын немесе апасын көрсете ала ма?
Жауап
Бағдарлама шарттарына сәйкес, отбасы мүшелері тең өтінім берушілер бола алады. Отбасы мүшелеріне күйеуі (әйелі) және олардың ата-анасы, Өтінім берушінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, атасы, әжесі, немерелері, некеде тұрмайтын ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (аға-қарындастары) жатады.
Өтінім берушінің немесе отбасы мүшесінің күйеуі (әйелі) онымен бірге тұратынына/тұрмайтынына қарамастан, отбасы мүшесі ретінде көрсетіледі. Осылайша, заңды түрде некеде тұратын ағалары мен апалары Тең өтінім берушілер ретінде қатыса алмайды.
-
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде шоттың бар болуы интернет арқылы өтінім беруге ықпал ете ме?
Жауап
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде шоттың бар болуы өтінім беруге ықпал етпейді.
-
Егер тұрғын үй-жайды жаңадан жалға алған тұлға ай сайынғы төлем сомасын төлей алмаса, компания тарапынан баламалы жолдар көзделді ме?
Жауап
Жалға алушының бастамасымен шартты бұзу үшін «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлер» бағыты бойынша (бұрын - Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ машина орындарын өткізу тәртібінің 4-тарауына сәйкес Жалға алушы шартты бұзу күніне дейін 1 (бір) ай бұрын шартты бұзу туралы хабарландыруы тиіс. Осы Өткізу тәртібінде, Қағидаларда және Шартта көзделген талаптарға сәйкес тұрғын үй-жайды сатып алу құқығымен жалға беру шарты Жалға алушының немесе Жылжымайтын мүлік қорының бастамасымен ұзақ мерзімге сатып алуға мараторий мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін.
Тұрғын үй-жайды қайта өткізу туралы хабарландыруда ай сайынғы жалдау төлемдерін, кепілдік төлемді, бастапқы жарнаны қамтитын жұмсалған шығындар сомасы және мерзімінен бұрын ішінара өтеу сомасы (бар болса) көрсетіледі.
Босатылған тұрғын үй-жай Жалға алушыға өтелетін соманы төлеуге дайын Өтінім берушілер болмағандықтан үлестірілмеген жағдайда, Жалға алушы шартты қайта жасау үшін үміткерді ұсынуға құқылы. Жалға алушы тарапынан ұсыныстар болмаса, Сатып алу құқығымен жалға беру шарты сомаларды өтеусіз бұзылады.
-
Тұрғын үй құрылысы жобасын қарау және оны одан әрі қаржыландыру үшін өтінім беру кезінде қандай құжаттар қажет?
Жауап
Тұрғын үй құрылысы жобаларын қаржыландыру шарттарына, сондай-ақ қажетті құжаттар тізіміне қатысты ақпаратпен «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ www.fnsk.kz веб-сайтының «Құрылыс салушыларға»-Жобаларды іріктеу және қарау қағидалары тарауында танысуға болады.
-
Астана қаласында кейін сатып алу құқығымен берілетін пәтерлер қашан өткізіледі?
Жауап
«Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлер» бағыты бойынша «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Астана қаласында «Шығыс» ТК 1А, 1В тұрғын топтарының құрылысы жүргізілуде. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ желісі бойынша пәтерлерді өткізуге қатысты ақпаратты www.fnsk.kz сайтының жаңалықтар тарату айдарына жазылып алуға болады.
-
Астана қ. коммерциялық жылжымайтын мүлік «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша қашан өткізіледі?
Жауап
Астана қаласында «Нұрлы Жер» бағдарламасы шеңберінде «Коммерциялық тұрғын үй» бағыты бойынша «Алтын Шар» ТК, «Nova City» ТК, «Комсомольский» тұрғын алабындағы тұрғын үй кешендерін пайдалануға беру 2018 жылға жоспарланды.Бағдарлама шарттарына сәйкес «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Құрылыс салушылармен тұрғын үй құрылысын мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттары негізінде ұйымдастырады.
Құрылыс салушыларға жобадағы пулын толығымен еркін нарықта өткізу құқығы берілді. Осыған орай, Құрылыс салушылардың сату бөлімдеріне тікелей жүгінуге болады. Объектілер мен Құрылыс салушылар туралы барлық ақпарат www.fnsk.kz сайтындағы «Біздің объектілер» тарауында орналастырылған.