Төрағасының блогы
Сұрақ қою
Сұрақ қою-
Саламатсыздар ма? Біздің қазіргі тұрып жатқан пәтерімізді 3 бөлмеге ауыстырсақ деп едік Өйткені пәтерді алған кезде 3 баламыз бар еді, қазір 4 баламыз бар Пәтеріміз кішкентай болып тұр Өтініш сондай мүмкіндік болса ауыстырып берсеңіздер Ай сайынғы төлем ақыны кешіктірмейміз
Жауап
Қайырлы күн, Лаура!
Бүгінгі таңда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша "Samruk-Kazyna Construction" АҚ тұрғын үйлерін Қазақстан Республикасында «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша бөлу аяқталды.
Сонымен қатар, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ ішкі ережелеріне сәйкес, жеке тұлға тұрғын үйді жалға алу механизмі арқылы сатып алу құқығын бір рет қана пайдалана алады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Самұрық қазынадан ЕНФ тагы ақшаны ипотекаға аудару үшін рұқсат қағаз алу туралы 29.03.2022 жылы өтініш жібердім, жауап қашан бересіздер?
Жауап
Сәлеметсіз бе, Фариза!
Сіздің анықтамаңыз 31.03.2022 ж. электрондық поштаңызға жіберілді.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Пенсионный фондтан пороговый акшамызды самрукка жартылай жабу ушин справка алу оте баяу жане 15 куннин ишинде деп созып отыр ,бул не деген справка жарты ай каралатын
Жауап
Сәлеметсіз бе, Асемгуль!
Сіздің анықтамаңыз 29.03.2022 ж. электрондық поштаңызға жіберілді.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Мен Алматы облысы Асыларман 11 үй 107 пәтерді жалға алып турып жатырмын. Пенсия қорындағы шектік сомадан артылған акшамен 14.12.2015 жылғы 105209129 шартымен жалға алған пыатердын кредитін жабу үшін Самұрык-қазынадан берілетін аныктаманы жасау уакытын тездетсе болмас па екен. Анықтаманы куткен уакыт 10 күннен асып кетті. Әртүрлі сылтаумен аныктама жасау уакыты созылып жатыр.
Жауап
Сәлеметсіз бе, Алмагүл!
Сіздің анықтамаңыз 29.03.2022 ж. электрондық поштаңызға жіберілді.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Мен Атырау қаласындағы жк Жерұйықтың тұрғынымын. Осы тұрғын үй кешендері салынғанына 4 ақ жыл болды. Бірақ үйдің сыртқы сылақтары құлап, бояуы кетіп қалды. Яғни сапасыз жасалған. Бұны күрделі жөндеуден кім өткізеді? Екіншіден қатты жауын кездерінде төбеден су кетеді. Оны Самұрық қазынаданбыз деп бір адамдар осыдан екі жыл бұрын келіп қарап кетті, жөндеу жүргіземіз деді содан кейін хабар жоқ. Сол күйі тұр, неге? Салып кеткен жылу құбырлары өте сапасыз болып шығып, оның бәрін КСК ауыстырды, бірақ олар темір құбырдың орнына жіңішке пластик құбыр, арзан, салып қойған. Содан бері бірінші қатардағы үйлер салқын. Бұған тікелей жауапты тек қана КСК ма?
Жауап
Салеметсиз бе, Зинаида!
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды.
Жұмыстарға, материалдар мен жабдықтарға кепілдікті қызмет көрсету мерзімі объекті пайдалануға берілген күннен бастап 2 жылды құрайды.
Нысанды ағымдағы жөндеу жұмыстарын "Сапа" ПИК объектісін басқару органы жүргізеді.
Сонымен бірге, "тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес объектіге күрделі жөндеу жүргізуге тұрғындар ай сайын жинақ шотына өзіне тиесілі пәтердің пайдалы алаңының бір шаршы метріне есептегенде кемінде 0,005-АЕК мөлшерінде ақша аударуға міндетті. Бұдан басқа, осы міндеттемелер тұрғын үй-жайды сатып алу құқығымен жалдау шартында да белгіленген (Шарттың 4.3.3, 4.3.18-т.).Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Мен Атырау қаласынан сіздерден арендный үй алғанмын. Сол үйдің ақшасының бір бөлігін бөлшектеп төлеу арқылы төлем аудардым, осы қаңтарда. Енді жаңа есептеліп келген кесте бойынша неліктен сыйақы мөлшерлемесі азайтылмайды? Тек өзімнің төлейтін негізгі берешек суммам ғана азайған. Ал толық жабу туралы мәліметті қарағанда қосып тұрған сыйақы мөлшерлемесі неге көп? Мен қай уақытта қарызымды жабам, сол уақытқа дейін ғана сыйақы алынбай ма?
Жауап
Салеметсиз бе, Зинаида!
Келісім-шарттың 6.8-тармаққа сәйкес ішінара мерзімінен бұрын өтеу енгізілген кезде бірінші кезекте 20% мөлшеріндегі сыйлықақы шегеріле отырып, негізгі борыш өтеледі. Сатып алу бағасы
тиісті кезеңнің басында азаяды, сәйкесінше сіздің кестеңізге сәйкес сыйақы азаяды.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Сәлеметсіз бе, біз наурыз айының 11 күні пенсионкадан частично төлеуге арыз жазған едік. Бұрындары 1 аптаның ішінде тез беруші еді, 2 апта бітті, біз о задолженности справканы әлі алмадық, неге өте ұзақ дайындалып жатыр? Звондасақ келесі апта дейді, интернет істемей тұр дейді, сонда дардай самрұқта интернет болмағаны ма?келесі апта кеш болып кетеді ғой, пенсионкдан болған соң неге жылдамырақ дайындалмайды. Егер 28 наурызға дейін демесе государства біз асықпайтын едік. Пенсионкадан болған соң жылдамдатуға болады ғой.
Жауап
Сәлеметсіз бе, Сауле!
Бізде жүйелік қате туындады, 25.03.2022 г. 17:00 іске қосылды.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Қайырлы күн! Мен Атырау қаласындағы Жерұйық тұрғын үй кешенінің тұрғынымын. Неліктен жылдық налогтың мөлшерлемесі өте көп? Қандай негізге сүйеніп бекітілген бұл салық? Тіпті жер үйде тұратындар 17000 тенге налог төлемейді бір жылға
Жауап
Сәлеметсіз бе, Зинаида!
Жалға алынған үй-жайдың меншік иесі "Samruk-Kazyna Construction" АҚ болып табылады, ол 531-баптың 1-тармағына сәйкес салықтық база осы Кодекстiң 529-бабына сәйкес айқындалатын жеке тұлғалардың мүлiк салығы салық салу объектiлерiнiң құнына қарай мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледi (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1700000120). Сіз кейіннен сатып алынатын тұрғын үйді (пәтерді) жалға алушысыз болғандықтан, жалдау шартының 4.3.28-тармақшасына сәйкес Жалға алушы мүлік салығын төлеу шығындарын өтеуге міндетті.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет! -
Сәлеметсіз бе, мен жеке куәлігімнің мерізімі біткен соң жаңасына ауыстырғанмын. Фамилия аты жөнім, иин сол қалпында тек жеке куәліктің номері өзгерді. Жаңа куәлікті келісім шарт бойынша сіздерге тіркеу үшін қайда тіркеймін, арыздың үлгісін беріңіздерші.
Жауап
Сәлеметсіз бе, Айгуль!
Жаңа жеке куәлікті келісім шарт бойынша тіркеу қажет емес, қосымша сұрақтарыңыз болса, менеджеріңіздің электрондық поштасына сұрау жібере аласыз Асель Трумова, a.trumova@fnsk.kz.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Қайырлы күн! Отбасы банкі шотына қаражат түскеннен кейін, 40-күннен 20-күнге қысқартылуына байланысты, Қалдық сома анықтамасын тезірек алуға мүмкіндік бола ма?
Жауап
Сәлеметсіз бе, Айнагүл!
Сіздің анықтамаңыз 17.03.2022 ж. электрондық поштаңызға жіберілді.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!