//

Құрметті жалға алушылар!

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалға алу шарты бойынша толық/ішінара өтеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалану үшін:

  1. «Отбасы Банк» ТҚЖБ» АҚ-да арнайы шот ашу;
  2. enpf-otbasy.kz платформасында БЗТ алуға өтініш беру;
  3. қаражатты өзінің арнайы шотына аударуды күту;
  4. тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатын көрсете отырып, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға kense@fnsk.kz электрондық мекен-жайына өтінішпен (өтініш нысаны қоса беріледі) жүгіну (жеке тұлғалардың өтініштері 15 күнтізбелік күн ішінде қаралады);
  5. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ берешегі туралы анықтаманы береді;
  6. берешегі туралы анықтаманың сканерленген нұсқасын PDF форматында enpf-otbasy.kz платформасына жүктеу қажет;
  7. мақсаты расталған жағдайда, «Отбасы Банк» ТҚЖБ» АҚ ақша қаражатын «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның банк деректемелеріне аударады;
  8. уәкілетті оператордан ақшалай қаражат түскеннен кейін, үй-жайды мерзімінен бұрын толық сатып алған жағдайда, меншікке беру шартына қол қойылады, ал ішінара мерзімінен бұрын өтеу кезінде, жаңа өтеу кестесі жасалады. (*дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде негізгі Шартқа қосымша келісім жасалады).

** Сондай-ақ, БЗТ қаражатынан берешектің қалдығын ішінара мерзімінен бұрын өтеу кезінде бірінші кезекте жалдау төлемдері бойынша дебиторлық берешек ұсталатынын, ал кемінде 3 айлық жалдау төлемдеріне тең қалдық мерзімінен бұрын ішінара өтеу шотына аударалатынын атап өткен жөн.

Назар аударыңыз!

kense@fnsk.kz электрондық поштасына түсетін өтініштер қоса берілген өтініш нысанына сәйкес келген жағдайда ғана қаралады.

* Өтініш нысаны «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының талаптарына сәйкес жасалды.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, https://skcn.kz/ru/gb/blog Басқарма төрағасының блогына хабарласуыңызды сұраймыз.

Мерзімінен бұрын ішінара өтеу мақсатында Өтініш

Толық өтеу мақсатында Өтініш.docx

Төрағасының блогы