//

Төрағасының блогы

Сұрақ қою

Сұрақ қою
  • Сұрақ: Асель Коржикова

    Саламатсыз ба kense@fnsk .kz почтасына пропискага отиниш жане документтерди жиберип едим. Калай билуге болады отиринишимди плды ма жок па?

    Қайырлы күн, Асель !

    Сіздің өтінішіңіз 21.01.2022ж. №305 бойынша тіркелген.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Толкын Умертаева

    Сәлеметсіз бе Болаттан Айткожанович. Сізге қалай арыз жазсақ болады. Нұсқасын көрсетіп жіберсеңіз

    Қайырлы күн,Толқын!

    Өтінішті «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Марат Жағыпарұлының атына жазу қажет. Зейнетақы жинақтары есебінен мерзімінен бұрын өтеуге арналған өтініштер үлгісі мына сілтеме бойынша https://skcn.kz/ru/page/instrukciya-po-ispolzovaniyu-pensionnyh-nakopleniy-epv  сайтында орналастырылған.
    Басқа өтініштер мәселенің сипатына қарай еркін түрде жазылады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Еламан Бауыржан

    құрыметті Сандыкбаев БолатканАйткожанович мырза маңғыстау облысы ақтау қаласындағы 32а-шығын ауданындағы тұрғын үйлеріңіз яғни "аренда по следуюшим выкупом" пайыздары өте қымбат, айлық табысымыздың 70%ы осы үйдің ақшасын төйлеуге кетеді. тіпті кей айлары төйлей алмай жатамын. соған орай пайызымды азайтуыңызды тұраймын

    Қайырлы күн, Еламан!

    Аталған тұрғын үй кешенінің құрылысы «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Тұрғын үй-жайды «сатып алу құқығымен жалға алу» тетігі ҚР Ұлттық Қоры қолжетімді тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға бөлген ақшалай қаражатты Қоғамның қайтаруы қағидаттарына сүйене отырып белгіленеді. Осыған байланысты сыйақы мөлшерін қайта қарау мүмкін емес.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Анара Турсунбаеа

    Сәлеметсыз бе, Саңдықбаев Болатқан Айтқожанұлы! Ақтау қаласы 32А-10-153 үй тұрғынымын, келісім шарт №112218141, Осы күнге дейін мен уақытында төлем жасап отырмын, 20.07.2021 ішіңара бөліп төлем жасадым зейнетақы жинақ есебінен 4250000 мың теңге / төрт млн екі жұз елу мың теңге/, бір ай бұрын уақыты төлем толенуде, 06 желтоқсан 2021 ж күні зейнет ақы есебінен 680000 мыңтеңге /алты жұз сексен мың теңге/ аударамын деп өтініш жаздым, келген жауабы бұл мекеме менің төлем жасағанымды есептемей бұрыңғы суммамен өзгертпей жіберіп отыр /12/7669 08.12.2021ж/ өтініштін жауабын, сонымен қатар менің қарызым бар деп менің шотымнан гарант ақшадан 290000теңге устаған не себепті? бірде бір маман адам сияқты жауап бермейді,тіпті телефонға жауап бермейді, ол байланыс номерді неге жария қылып береді егер сойлеспесе неге??? жатқан жумбақ! АКТ сверки сурадым әлі жоқ????? НЕ СЕБЕПТІ ГАРАНТИНЫЙ Шоттан ақша ұсталынды????? Бұл жерде мамандардың жауапсыз екендігін көрсетуде, халықпен тілдесе білмейтін мамандар? сурақ қойсан жұмбақтын шешімі есепшіде дейді ватсаппен, ол бөлімде кімдер отыр деген сұрақ туындайды. Осы мәселені тез арада шешіп беруіңізді сұраймыз.

    Сәлеметсіз бе, Анар!

    Сіздің келісім-шартыңыз бойынша кепілтік шотынан ақша ұсталынбаған, менеджер сізге салыстыру актісін жіберді.

    Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, қадағалаушы менеджеріңіз – Әсел Трумоваға +7 (7172) 55-90-04 телефон нөмірі бойынша хабарласа аласыз.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Камшат Сариева

    Саламатсызба.Мен32/а 9/57 үй тұрғыны Самұрық-Қазына арқылы жолдасымның атына үй алған болатынынмын.Үйде газ жок.Шәй тамакты плиткамен ішіп отырмыз.Кварт плат кымбат.Кска деген мекеме ай сайын 6000 тенге толеттіреді халыққа ешқандай ремонт тазалық жүргізілмейді.Тағы бір мәселе мен екі рет пенсионныймен айына толейтин кредитімді 6,7 айга толеп тастап едім.Енді келіп сенің қарызың бар дейді.Мен сіздерге хат жазып жіберген де кай айдан кай ай арылығын көрсетіп нақты жазған болатынмын. Көпбалалы отбасымыз.Жолдасымның жұмысы екі айдан бері уақытша тоқтап калып еді.Жоғарыда көрсетілген мәселелеріме көмектессеңіздер екен.

    Сәлеметсіз бе, Камшат!

    Сіздің мәселелеріңіз бойынша, келесілерді хабарлаймыз: Ақтау қаласы 32а шағын ауданда орналасқан № 5, 6, 7, 8, 9, 10 8йлерде (Бұдан әрі-Объект) газбен жабдықтау жұмыс жобасында және техникалық шарттарда көзделмеген және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 Заңының 42-бабына сәйкес, объектіге қызмет көрсететін ұйым (басқару органы) ретінде кондоминиум объектісін басқару және күтіп-ұстау үшін белгіленген тарифі - 1 м2 пайдалы алаң үшін 40 теңгемен «КАЗЭКО-ЕХРО» ЖК белгіленді. Ал ай сайынғы жалдау төлем ақыларыңыздың мәсәлесі бойынша жақын арада қадағалаушы менеджеріңіз – Әсел Трумоваға хабарласады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Асель Коржикова

    Саламатсыз ба Актобедеги юнис сити уйiме пропискага турайык деп нестесем болады? Арендатор.

    Сәлеметсіз бе, Асель!

    Тіркелуге рұқсат алу рәсімі бойынша ақпарат сілтеме бойынша орналасқан https://skcn.kz/kz/page/instrukciya-po-polucheniyu-razresheniya 

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Гулзина Дауетаева

    Саламатсыз ба,Болатхан Айтқожанович! Сізге сұрағым мен жк Шығыс тұрғынымын Нұр- Сұлтан. Сіздерде арендный платежға форма заяаление бар ма? Ол қашан шығады. Өйткені енпф ақшамды аударайын деген едім.Рақмет! Частичный емес оны білемін!

    Сәлеметсіз бе, Гулзина!

    Сіздің поштанызға сұрағыңыз бойынша жауап пен өтініштің үлгісі жіберілді.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Гульмира Бигалиева

    Сәлеметсіз бе, Болаткан Айткожанович. Өскемен қаласы бойынша Самұрық қазынаның сату бөлімін (менеджерлерді)қай адрестен табуға болады?

    Сәлеметсіз бе, Гульмира!

    «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Өскемен қаласында филиалы жоқ. Барлық сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы бас кеңсеге  8 (7172) 57-55-11 телефон нөмірі және info@fnsk.kz  электронды пошта арқылы жүгіне аласыз.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Алия Мамыраева

    Болатхан Аитхожанович салеметсиз.Оскемен каласынан хабарласып турмыз.Апаиым самрук казынадан 2 болмели патер алган.Соны толеи алмаган сон улкен апаиым казыр уакытында толеп отыр.Переуступка жасауга болады ма ?СИЗДИН КОМЕГИНИЗ КАЖЕТ БОЛЫП ТУР.РАХМЕТ....

    Сәлеметсіз бе, Алия!

    Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес, туыстарына құқықтарды тікелей беру мүмкін емес.
    Алайда, Үй-жайды сатып алу шартының 10-бөліміне сәйкес, Жалға алушы үй-жайды қайталама өткізу құқығын интернет арқылы жүзеге асыра алады.
    Үй-жайды қайталама өткізу ай сайынғы жалдау төлемдерін, бастапқы жарнаны және Жалға алушы жасаған сату құнын мерзімінен бұрын ішінара өтеу сомасын қамтитын Жалға алушының шеккен шығындарының сомасын өтеуге дайын адамдар үшін https://dom.fnsk.kz/ сайтында жүзеге асырылады.
    Егер Жалға алушыға өтелуі тиіс соманы төлеуге дайын Өтінім берушілердің болмауына байланысты тұрғын үй-жайлар Интернет арқылы бөлінбесе, Жалға алушы болашақ Жалға алушыдан тұрғын үй құнының бір бөлігін өтеу бойынша шеккен шығындарының орнын толтыру үшін өз үміткерін ұсынуға құқылы.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Дариға Бердіғұлова

    Сәлеметсізба, Болатқан Айтқожанұлы! Маған ішінара мерзімінен бұрын өтеу кезінде, жаңа өтеу кестесі қашан жасалады? «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның есеп шотына «Отбасы Банк» ТҚЖБ» АҚ-нан 817 000 теңге .2021 жылдың 22 желтоқсанында түсті. Дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде негізгі Шартқа қосымша келісім жасалама? Ішінара мерзімінен бұрын өтеу кезінде негізгі шарттағы 6 -бөлім 6.8.-бөлімшесіне сәйкес сыйлықақы мөлшері 20% ға азаядыма?

    Қайырлы күн, Дариға!

    6.6 тармағына сәйкес, бастапқы жарна және мерзімінен бұрын ішінара өтеу кезінде ай сайынғы жалдау төлемінің мөлшері азаяды, бұл ретте жалдау мерзімі сақтала отырып, 3.13-тармаққа сәйкес Жалдау төлемдерінің кестесі (№2 қосымша) өзгереді.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

Төрағасының блогы