//

Төрағасының блогы

Сұрақ қою

Сұрақ қою
  • Сұрақ:
    Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй-жайлар қандай мерзімге беріледі?

    Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй-жайлар, мемлекеттік бағдарламада өзге шарттар көзделмесе,  5, 7, 10 және 15 жылға беріледі.

  • Сұрақ:
    Жалдау төлемінің құрылымына мүлікті күтіп-ұстау төлемдері кіре ме?

    Сатып алу құқығымен жалға беру шарты жасалған кезде, мүлікті күтіп-ұстау төлемдері (коммуналдық және пайдалану қызметтері, күрделі жөндеуге, мүлікті сақтандыруға, Жылжымайтын мүлік қорының мүлікке салынатын салық төлеумен байланысты шығындарды өтеуге жиналған қаражат) жалдау төлемінің құрылымына кірмейді және жалға алушы оларды өз бетінше төлейді.

  • Сұрақ:
    Тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларды «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ желісі бойынша өткізу қағидалары мен тәртібі туралы қайдан білуге болады?

    «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлер» бағыты бойынша «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын өткізу қағидаларымен «Самұрық - Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ  www.fnsk.kz веб-сайтының «Тұрғын үйлерге өтінім берушілерге» бөлімінде танысуға болады.

  • Сұрақ:
    Тұрғын үйді «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлер» бағыты бойынша сатып алуға кімнің құқығы бар?

    Жалдау төлемдерін және жалға алушының негізгі шығындарын төлеу үшін жеткілікті және расталған кірісі бар Қазақстан Республикасы барлық азаматтарының жылжымайтын мүлікті сатып алуға құқықтары бар.

  • Сұрақ:
    «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлер» бағыты бойынша мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде алынған бір пәтер болса, пәтерді сатып алу құқығымен жалға алуға қайта үміттенуге бола ма?

    «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлер» бағыты бойынша «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын өткізу қағидаларына сәйкес (бұрын – Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы) жеке тұлға сатып алу жолымен тұрғын үй-жайды иелену құқығын бір рет қана іске асыра алады. Бағдарлама бойынша тұрғын үй-жайды сатып алу құқығымен жалға алу немесе сатып алу-сату шартын жасасқан тұлғалар, сондай-ақ кірістері ЖЖТ есептеген кезде ескерілген олардың Тең өтінім берушілері Бағдарламаға қатысу құқығын іске асырған жеке тұлғалар болып есептеледі.

  • Сұрақ:
    «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы жобаларын іріктеу үшін әлеуетті өтінім берушілерге (құрылыс компанияларына) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының қарауына қандай құжаттарды ұсыну қажет?

    «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы жобаларын іріктеу бойынша қарауға ұсыну қажет құжаттар тізімі «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ  www.fnsk.kz веб-сайтының «Құрылыс салушыларға» тарауында орналастырылған.

  • Сұрақ:
    Жалға берілетін тұрғын үйлерге кезекке қалай тұруға болады және ол үшін қандай құжаттар қажет?

    Жалға берілетін тұрғын үйлерге кезекке тұру үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органдарға жүгіну қажет, себебі тұрғын үйлерді «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлер» бағыты бойынша Жылжымайтын мүлік қоры желісі бойынша өткізу бірінші кезекте төлем қабілеттілігін растаған, тұрғын үйді кейін сатып алумен жалға алушылар тізімін қалыптастырып, Жылжжымайтын мүлік қорына жіберетін жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - ЖАО) арқылы жүзеге асырылады. Бұдан әрі ЖАО арқылы үйлестірілмеген Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үйлері одан әрі жалдау төлемдерін төлеу үшін жеткілікті кірісін растаған, баспанасы жоқ немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж адамдарға артықшылық көрсету қағидатын сақтай отырып, сатып алу құқығымен жалға беру жолымен интернет арқылы өткізілуге жатады.

    Құжаттар тізімімен, қатысу қағидаларымен және жалға берілетін тұрғын үйлерді «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ  желісі бойынша өткізу тетіктерімен www.fnsk.kz корпоративтік сайтының «Тұрғын үйлерге өтінім берушілерге» - «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ  тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ машина орындарын өткізу тәртібі бөлімінде танысуға болады.  

  • Сұрақ:
    Тұрғын үйді міндетті түрде сақтандыру қажет пе және сақтандыру рәсімі қанша тұрады?

    Бағдарламаның талаптарына сәйкес Жалға алушы сатып алу құқығымен жалға беру шартының бүкіл қолданылу мерзімі бойы тұрғын үй-жайдың зақымдануынан немесе жойылуынан келтірілген зиянды өтейтін мөлшерде Жылжымайтын мүлік қорының (пайда алушының) пайдасына сақтандыру төлемдерді жүзеге асыруды көздейтін мүлікті сақтандыруды жыл сайын жүзеге асыруға міндетті.  Сақтандыру төлемініңі жалпы сомасы Жылжымайтын мүлік қорының сақтандыруы сәтіне тиісті тұрғын үй-жайдың негізгі құнының сомасынан төмен болмауы тиіс.

  • Сұрақ:
    Пәтерді мерзімінен бұрын сатып алған жағдайда, қалған сома қайта есептеле ме?

    «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлер» бағыты бойынша «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ машина орындарын өткізу тәртібіне сәйкес (бұрын - Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы) тұрғын үй-жайды мерзімінен бұрын меншікке алуға мараторий мерзімі (3 жыл) аяқталғаннан кейін ғана сатып алу құқығымен жалға берілген тұрғын үй-жайларды мерзімінен бұрын толығымен сатып алуға болады. Тұрғын үй мерзімінен бұрын толығымен сатып алынған кезде, жалға алушы жылжымайтын мүлік құнының қалған сомасын тікелей сатып алу бағасымен төлейді. Қалған кезең үшін жалдау төлемдері есептелмейді.

  • Сұрақ:
    Кепілдік төлемдер қандай жағдайларда есептен шығарылады? Кепілдік төлем бірінші 3 айдың жалдау төлемі ретінде есептеле ме?

    Сатып алу құқығымен жалға алу шартының 5-тарауына сәйкес кепілдік төлем тұрғын үй-жайды сатып алу құқығымен жалға берудің бірінші 3 айының жалдау төлемі ретінде есептелмейді. Кепілдік төлем осы Шарттың бүкіл қолданылу кезеңіне төленеді және сол Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін немесе осы шарттың талаптары сақталған кезде шарт мерзімінен бұрын тоқтатылғаннан кейін  Жалға алушыға қайтарылады немесе жалға алудың соңғы 3 (үш) айының жалдау төлемі есебіне алынады.

    Мынайдай жағдайлардың бірі немесе жағдайлар жиынтығы орын алғанда: 

    • Жалға алушының жалдау төлемінің сомасын уақытылы (күнтізбелік 5 (бес) күннен артық мерзімі кешіктірілген қарыз) төлемеуі;
    • Жалға алушының коммуналдық төлемдерді уақытылы (күнтізбелік 5 (бес) күннен артық мерзімі кешіктірілген қарыз) төлемеуі;
    • Жалға алушының пайдалану қызметтері үшін төлемдерді уақытылы (күнтізбелік 5 (бес) күннен артық мерзімі кешіктірілген қарыз) төлемеуі;
    • Жалға алушының Үй-жайларға және/немесе ортақ пайдалану орындарына зиян (Жалға алушы зиян келтірген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келтірген зиянды өз еркімен жоймаған жағдайда) келтіруі;

    Жалға алушының осы Шартта көзделген өзге міндеттемелерді орындамауынан Жалға алушыда Жалға беруші немесе үшінші тұлғалар алдында Үй-жайларды пайдаланумен және иеленумен байланысты ақшалай міндеттемелердің пайда болуы Кепілдік төлімді есептен шығару үшін негіз болады.

Төрағасының блогы