Төрағасының блогы
Сұрақ қою
Сұрақ қою-
Саламатсыз ба! Нур-Султан каласында Нурлы жер (арендное жилье) багдарламасымен кашан уйдер бериле бастайды..?
Жауап
Сәлеметсіз бе!
Нұр-Сұлтан қаласында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 2020 жылы тұрғын үй құрылысы жоспарланбаған. БІзге хабарласқаныңыз үшін рахмет! -
Саламатсыз ба Болатхан Айткожанович .Сізге сұрағым ., мен көпбалалы отбасы ретінде очередь онлайн қалай жылдам қоюға болады ? Басында уй жоқ жинаған аздап ақшам бар , бірақ очередь қоюды ескермеппін. Бақытты отбасылық программа бойынша алайын деп ем .Айтынызшы өтінемін
Жауап
Сәлеметсіз бе, Шынар!
"Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша барлық ақпаратты
жергілікті атқарушы органнан біле аласыз. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет! -
Салеметсиздерме меним сурагым кызылорда каласы нан самрук казына дан уй алуым ушин кайда документ тапсырамыз
Жауап
Қайырлы күн, Айдана! Бүгінгі күні “Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "Жалға берілетін тұрғын үй" бағыты бойынша Кызылорда қаласында 2020 жылы жаңа тұрғын-үй кешендерінің құрылысы жоспарланбаған.Алайда, жылжымайтын мүлік қайта сатылуы мүмкін.
Жылжымайтын мүліктің қайта сатылуы туралы ақпарат біздің сайтымызда орналастырылатын болады. Барлық ақпаратты skcn.kz сайтының "мәзір" бөлігінен алуды ұсынамыз. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет! -
Сәлеметсіз бе, құрметті Болатқан Айтқожанұлы! Мен Турлыбаев Тимур Алматы қаласынын тұрғынымын тамыз айында өткен интернет арқылы үйге өтінім бергенмін, енді маған сол өтінімді аннулировать ету қажет. Себебі 06 мамырдағы интернет арқылы болатын реализацияға өтінім беру қажет? Көрсетілген номерлерге хабарлассам ешкім жауап бермеді карантинге қатысты.
Жауап
Қайырлы күн, Тимур!
Өтінішіңіз қарастырылды (өтінім жойылды). Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет! -
Салеметсизбе мен 3 балам бар жалгыз басты анамын очередте турганыма 1 жыл болды акиматка мен арендное жилье калай заявка берем алуга боладыма по следуешем выкупом актау каласынын тургынымын пропискамда актау
Жауап
Қайырлы күн, Жулдыз!
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ақтау қаласының 32А шағын ауданында, көп пәтерлі тұрғын үйде, 3-бөлмелі пәтерлер бар. Сатып алу жөнінде келесі нөмірге хабарласуға болады: 8-701-111-22-52. Бізге хабарласқан үшін рахмет! -
Қайырлы кун ! Алматы қаласындағы төтенше жағдай байланысты ,ай сайынғы төлемді кешіктірсек .Ешқандай айыпұл жүрмейді дейді.Соған біздің тарапымыздан кандайда бір өтініш жазу керек па ?Егерде жазатын болсак өтінішті қайда жазамыз ?
Жауап
Қайырлы күн, Аружан!
«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында 2020 жылғы 16 наурыздан бастап төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) басшылығы жалгерлерге (жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар) жылжымайтын мүлікті сатып алу құқығымен жалдаудың бұрын жасалған шарттары бойынша жалдау төлемдерін төлеуді 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 1 маусымға (қоса алғанда) дейінгі мерзімге кейінге қалдыруды ұсынды. Жалгерлер көрсетілген кезең үшін есептелген жалдау төлемдерін 2020 жылғы 25 желтоқсанға дейін төлеуі тиіс. Шарттарда көзделген өсімпұл мен айыппұл санкциялары есептелмейді, сондай-ақ кепілдік төлемнен есептен шығарылмайды. Жалгерлерге өтініш жазудың қажеті жоқ.Бізге хабарласқаныңыз үшін рақмет! -
2019жылы Шымкент қаласы Адия тұрғын үй кешенінен үй алғанбыз, Үйдің сыртқы бөлігіндегі су ағарлар дұрыс орнатылмағандықтан, дуалдағы жағылған сұйықтықтарды ағызып жіберген, соны жасап берулеріңіздіөтінеміз...
Жауап
Қайырлы күн, Айгерим!
Қоғам тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың 2020 жылға арналған жоспарына сәйкес, "Әдия" ТК ортақ пайдалану орындарындағы ақауларды жою бойынша жұмыстарды сатып алу рәсімін өткізуде.
Осыған байланысты, Қоғам өтінішіңіз бойынша тексеруді сатып алу қорытындыларын шығарғаннан және тендер жеңімпазымен тиісті шарт жасасқаннан кейін жүзеге асырады, бұл туралы Сізге қосымша хабарланатын болады.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет! -
Қызылорда қаласы Е.Демесинов көшесінен (Набережная ) нақты ақшаға демек сатып алуға пәтер бар ма? Немесе қәзіргі таңда ипотекасын уақытында кешіктіріп төлеп отырған тұрғындардан бар ма? ұялы тел: 87059519188 хабарласу.
Жауап
Қайырлы күн, Шолпан!
Бүгінгі күні “Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "Жалға берілетін тұрғын үй" бағыты бойынша Кызылорда қаласында 2020 жылы жаңа тұрғын-үй кешендерінің құрылысы жоспарланбаған.Алайда, жылжымайтын мүлік қайта сатылуы мүмкін.
Жылжымайтын мүлікті қайта сату туралы ақпарат біздің сайтымызда орналастырылатын болады. Барлық ақпаратты skcn.kz сайтының "мәзір" бөлігінен алуды ұсынамыз. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет! -
Салеметсизбе толемди қалай кейинге шегере аламыз көрсетілген тел ном звандасам жауап бермейді
Жауап
Қайырлы күн, Дархан!
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимін енгізу туралы» 2020 жыл 15 наурыздағы № 285 Жарлығының негізінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ 30.03.2020 ж. бастап 13.04.2020 ж. дейін қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Осыған байланысты жалдау ақысын төлеу үшін келесі электрондық пошта мекенжайлары бойынша жетекші менеджерге хабарласуыңызға болады, тізіммен мына сілтеме бойынша таныса аласыз: https://skcn.kz/ru/news/news/408. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет -
Сәлеметсізбе сұрақтарым бар еді??? Өскемен қаласынан Самұрық қазынаның үйлерінен без первоначального взноса квартира алайыншы деп едим... 1) Өскемен қаласындағы обьектілерге конкурс қай айда қай күні сағат нешеде басталады??? 2) Қандай банкпен несие аламыз ??? 3) кв,м2 канша мын тенге ? точнее 3х комнатный уй каншага шыгады? канша процентпен алганда канша переплата болады? неше жылға беріледі ?ай сайынгы платеж канша болады??? 4) Сіздердің үйлеріңізді алып берем деп услугасына ақша сұрап жүрген реалторлар қаншалықты сенімді???
Жауап
Қайырлы күн, Назерке!
Қазіргі уақытта «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Өскемен қаласындағы И.Есенберлин көшесінде тұрғын үй кешенін салуда. Тұрғын үйлер пайдалануға берілгеннен кейін, Қоғамның уәкілетті органы пәтерлерді сату әдісі туралы шешім қабылдайды яғни тікелей сатып алу немесе сату арқылы жалға беру және шаршы метрдің бағасын орнатады, содан кейін сату әдісі мен орнатылған баға туралы ақпарат Қоғамның skcn.kz сайтында орналастырылады. Тікелей сату әдісі қабылданса, пәтерді несие арқылы сізге қолайлы екінші деңгейлі банктердегі ипотекалық бағдарламасы арғылы сатып алуға болады. Ай сайынғы төлемді екінші деңгейлі банк есептеп бере алады. Біздің Қоғам Өскемен қаласындағы риэлторлармен және басқа консалтингтік компаниялармен жұмыс жасамайтындығын хабарлайды. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!