//

Төрағасының блогы

Сұрақ қою

Сұрақ қою
  • Сұрақ: Айжан Сарсенова

    Құрметті жоғарыда отырғандар! Бір уақыт халыққа көңіл болсеңіз .Мемлекеттік бағдарлама бойынша Актобе қаласында Батыс 2ауданында Центргрупп салып жатқан "Бавария"тұрғын үйін қарапайым халыққа арендаға берсеңіз жақсы болар еді.

    Қайырлы күн, Айжан!
    Ақтөбеде қаласында Қоғам «Юнис Сити» тұрғын үй кешенінде және «Батыс Премиум» тұрғын үй кешенінде пәтерлер салып, сатты. Егер Қоғам "Бавария" тұрғын үй кешенін салған жағдайда, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пәтерлерді сатып алуға жалға беруге болады. Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!

  • Сұрақ: Айсауле Сыдыкова

    Қайырлы күн! Мен Шуғыла бағдарламасымен 29 пәтер конкурсына қатысып, конкурсты ұтып алдым. Бірақ Центр кредит банкке құжаттарымды өткізгеннен соң, олар МСАП есептелген қағаз берді. МСАП мөлшері 130 000 тг деп көрсетілгеніне қарамастан, мен айына 200 000 төлеп тұра аламын. Тек карантин жағдайына байланысты құжаттарды толық өткізе алмадым. Менде депозитте ақша бар, бірақ оны неге есепке алмайды керек болса анамның атындағы үйді залогқа қоя аламыз. Бүгін конкурстың құжаттарын өткізетін соңғы күн дейді. Осы жағдайды тез қарастырып бере аласыздар ма, өтініш!

    Қайырлы күн, Айсауле!
    МСАП-ты тек екінші деңгейлі банктер есептеп анықтама бере алады, есептеу кезінде ресми кіріс есепке алынады. Ай сайынғы жалдау төлемін төмендету үшін өтініш беруші бастапқы жарна енгізуге құқылы. Егер сіз бастапқы жарна енгізгеннен кейін ай сайынғы жалдау төлемі 130 000 теңгеден кем болса, онда сіз сатып алу құқығымен жалдау келісім-шартын жасай аласыз. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Асемгул Токтарова

    Салеметсизбе биз арен.жилье калай алуға болады?

    Сәлеметсіз бе Асемгүл!
    Жақын арада (2020 ж. 3-тоқсан) Өскемен қаласында сатып алу құқығымен жалға берілетін пәтерлерді сату жоспарланып отыр.
    Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі туралы хабарлама skcn.kz сайтында орналастырылады.
    Қатысу үшін хабарлама жарияланғаннан кейін өтініш беру керек. Қызығушылық танытқаныңыз үшін рақмет!

  • Сұрақ: Жанар Камидолдина

    Сәлеметсіз бе! Мен Семей қаласынан хабарласып тұрмын. Маған 8202 тенге мөлшерінде 2020 жылғы мүлік салығын төлеу үшін хабарлама келді. Бүл салықтың мөлшерлемесі неге көп. Және де мен 3 топтағы мүгедек салық төлеуге міндеттімін бе? Алдын-ала рахмет!

    Қайырлы күн, Жанар!
    Сіздің өтінішіңізге жауап электронды поштаңызға жіберіледі. Толық ақпарат алу үшін +7 (7172) 57-55-11 телефон нөміріне хабарласа аласыз. Қызығушылық танытқаныңыз үшін рақмет!

  • Сұрақ: Дана Әділова

    Саламатсызба Болатқан Айтқожаұлы ! Шымкент қаласынан несиеге үй алсам деп едім. Сол үшін қайда немесе қай мекемелерге хабарлассам болады? Байланыс номерлеріңізді және осы мәселе жайында толық кеңесті қалай алуға болады? Рақмет....

    Қайырлы күн, Дана!
    Бүгінгі күні “Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "Жалға берілетін тұрғын үй" бағыты бойынша Шымкент қаласында барлық пәтерлер сатылған және 2020 жылы жаңа тұрғын-үй кешендерінің құрылысы жоспарланбаған. Алайда, жылжымайтын мүлік қайта сатылуы мүмкін.
    Жылжымайтын мүліктің қайта сатылуы туралы ақпарат біздің сайтымызда орналастырылатын болады. Барлық ақпаратты skcn.kz сайтының "мәзір" бөлігінен алуды ұсынамыз.Қазіргі уақытта «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ақтау қаласындағы пәтерлерді жалға беру арқылы сатады, сонымен қатар 2020 жылдың 3 тоқсанында Өскемен қаласындағы тұрғын-үй кешеніндегі пәтерлерді сату жоспарлануда.
    «7-20-25» және / немесе «5-10-20» бағдарламалары бойынша кез-келген жаңа тұрғын үй кешенінен екінші деңгейлі банктердің ипотекалық несиелеуі арқылы пәтер сатып алуға болады. Толық ақпарат алу үшін +7 (7172) 57-55-11 телефон нөміріне хабарласа аласыз.
    Қызығушылық танытқаныңыз үшін рақмет!

  • Сұрақ: Руслан Сейтенов

    Салеметсиздерме менде сиздерге мынадай сұрақ Кызылорда қаласы Демесинов көшесі 77 үйлерге подъездердиң кире берисине сиздердиң тараптарыңыздан бақылау камералары құрыладыма? Қаладағы тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы алынған үйлерге бейне бақылау камераларын қазақтелеком мекемесі келип орнатып жатыр екен осыған жауап бересиздерме алдын ала рахмет.

    Қайырлы күн,Руслан!
    Қызылорда қаласы, Демесинов көшесі, 77 үй мекен-жайында орналасқан тұрғын үй кешенінде, жобалық құжаттар бойынша бейнекамераларды орнату қарастырылмаған. Бізге хабарласқаныңыз үшін рақмет!

  • Сұрақ: Erkin Kokkozov

    Ассалаумагаликум Самурук Казына аркалы патер алуга болама ипотека есибинде

    Қайырлы күн, Еркін!
    Қазіргі уақытта «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ақтау қаласындағы пәтерлерді жалға беру арқылы сатады, сонымен қатар 2020 жылдың 3 тоқсанында Өскемен қаласындағы тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сату жоспарлануда.
    «7-20-25» және / немесе «5-10-20» бағдарламалары бойынша кез-келген жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алуға болады, екінші деңгейлі банктердің ипотекалық несиелеуі арқылы. Толық ақпарат алу үшін +7 (7172) 57-55-11 телефон нөміріне хабарласа аласыз.
    Қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Айгуль Мамешева

    Ақтөбе қаласынан Юнис сити районынан 1 бөлмелі уйге конкурска катысканмын.2 болып тіркелдім енді результатын кайдан білуге болады?

    Қайырлы күн, Айгүл!
    Жуырда конкурстың нәтижелері Қоғамның корпоративті сайтында skcn.kz «Нәтижелер» бөлімінде жарияланады. Қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: ДӘРИҒА ӘЛИАКБАРОВА

    Сәлеметсіз бе?! Сатып алу арқылы жалға алу үшін өтініш қалай беремін

    Қайырлы күн,  Дәриға!  Сізге толық ақпарат алу үшін  +7 (7172) 57–55–11   телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз. Бізге хабарласқаныңыз үшін рақмет! 

  • Сұрақ: Дулатбек Сарбухиева

    Мен Сарбухиев Дулатбек Калилоллаевич 2019жылдың қазан айының соңында келісім шартқа тұрғанмын.2 айдан астам уақытқа 2019жылға неге 9349,54 тенге төлеуім керек.Қандай негізге сәйкес ондай сумма есептелінді.

    Қайырлы күн, Дулатбек!

    Сіздi біздің қызметкермен хабарласуыңызды сұраймыз: a.baisakova@fnsk.kz электрондық поштасы арқылы немесе 8 (7172) 559004 (ішкі 193) нөмірі бойынша.

Төрағасының блогы