//

Төрағасының блогы

Сұрақ қою

Сұрақ қою
  • Сұрақ: Гүлбану Оынбева

    Мен жалға үй алғым келеді ол үйді өзіме қалай аударам жалғыз басты анамын маған жолын түсіндіруіңізді өтінем жауп беруіңізді асыға күтем . тел: 87763390983

    Сәлеметсіз бе, Гулбану!
    "Нұрлы Жер" бағдарламасының шарттарына сәйкес, бағдарламаға төлем қабілеттілігін растай алатын және тұратын аймақта жылжымайтын мүлкі жоқ ҚР азаматтары немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартқысы келетін азаматтар қатыса алады.
    Бүгінгі таңда Өскемен қаласындағы ТК құрылысы аяқталды. Бұл кешенде жылжымайтын мүлікті сату шамамен 2020 жылдың 4-тоқсанына жоспарланған. Осы объектідегі жылжымайтын мүлікті сату туралы барлық ақпарат Қоғамның "skcn.kz." сайтында орналастырылады. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Эльмира Нурымбетова

    Саламатсыз ба? менім қоятын сұрағым 2019 жылы қаңтар айында уйді ипатекаға алдым. Енді мен уйдің толық суммасын жапқым келеді қалған 19 жылдың пайызын алып тастай ма қалай болады толық түсіндірме алсам осы сұрақтар бойынша қай жаққа кіммен сөйлесуге болады алдын ала рахмет

    Қайырлы күн, Эльмира!
    "Samruk-Kazyna Construction" АҚ қашықтан жұмыс режиміне ауысуына байланысты, жалдау төлемдері мәселелері бойынша сіз жетекшілік ететін менеджердің электрондық мекенжайына жүгіне алады. Біздің менеджерлеріміздің электрондық мекен-жайларын мына сілтеме бойынша таба аласыз: https://skcn.kz/ru/news/news/474. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Жузимай Сатышова

    Сәлеметсіздер ме? Мен Шымкень қаласындағы Адия ТК нен баспана алған болатынмын. Созаявитель ретінде қызыммен күйеубалам қосылып еді. Олар мемлекеттік қызметкер ретінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезекке тұрған болатын. Кезегі келіп қалса баспана алуына Самрұқ қазынада Созаявитель ретінде тіркелгені үшін кедергі болады ма болмайды ма? Енді олар өздері баспаналы болу керек қой!

    Қайырлы күн, Жузимай !
    Тұрғын үйді сатып алу құқығымен жалға беру тетігі «Samruk-Kazyna Construction» АҚ бағдарламалары шеңберінде сатып алу құқығымен жалдау тетігі арқылы тұрғын үй-жайды бір реттен артық сатып алуға құқығы бар ҚР азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар үшін көзделген. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ бағдарламалары шеңберінде тұрғын үй-жайды сатып алу құқығымен жалдау шарттарын жасасқан тұлғалар, сондай-ақ табыстары МСАП есебінде пайдаланылған сатып алу құқығымен жалдау шартында көрсетілген отбасы мүшелері өз құқығын іске асырған жеке тұлғалар болып есептеледі. Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!

  • Сұрақ: Галия Шабалова

    Менин сизден сурагым келген Оскеменнен квартира бар ма? Кай кезде бериледи Алу ушин кайда жазылады?

    Қайырлы күн, Галия!
    "Нұрлы Жер" бағдарламасы аясында Өскемен қаласындағы ТК құрылысы аяқталды. Бұл кешендегі жылжымайтын мүлікті сату шамамен 2020 жылдың 4-тоқсанына жоспарланған. Осы объектідегі жылжымайтын мүлікті сату туралы барлық ақпарат Қоғамның "skcn.kz." сайтында орналастырылады. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Алия Пауен

    Мен Пауен Алия Самрук Казына Актау 32а-8-50 уй алганмын қазіргі карантинге байланысты жумыстан акысыз демалыс берілуіне байланысты төлей алмай отырмын апрель,май,июнь айларын толей алмадым енди августь айында толей алмаймын жалақымыз осы айда түспейді отсрочка бересиздерма қалай толеймін.

    Сәлеметсіз бе, Алия!
    Төлемдерді кейінге қалдыру мәселесі басшылықпен қаралатын болады. Шешім қабылданғаннан кейін корпоративтік сайтта хабарландыру жариялау арқылы міндетті түрде сізді хабардар етеміз. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: София Жанесеева

    Саламатсызба медицина саласында 14жыл еңбек етіп келем қазіргі таңда балама уйде отырмын уй жалдап келдім жолдасым мынандай жағдаймен жұмыссыз қалды енді квартираны қандай мүмкіндік бар алуға

    Қайырлы күн, София!
    "Нұрлы Жер" бағдарламасы аясында Өскемен қаласындағы ТК құрылысы аяқталды. Бұл кешендегі жылжымайтын мүлікті сату шамамен 2020 жылдың 4-тоқсанына жоспарланған. Осы объектідегі жылжымайтын мүлікті сату туралы барлық ақпарат Қоғамның "skcn.kz."сайтында орналастырылады. Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!

  • Сұрақ: Гулмира Агынбаева

    Салеметсизбе. Інім 1 ком квартира арендное жилье с выкупом алды. 2 йга оплатасын кешіктіріп жатыр. Ұстіне пеня қосыла ма және неше қосылады? Айына 78 000 тг. Рахмет

    Қайырлы күн, Гулмира!
    Сіз сұратқан ақпарат құпия боғандықтан, біз оны ұсына алмаймыз.
    "Samruk-Kazyna Construction" АҚ қашықтан жұмыс режиміне ауысуына байланысты, жалдау төлемдері мәселелері бойынша сіздің ініңіз жетекшілік ететін менеджердің элктрондық мекенжайына жүгіне алады.
    Біздің менеджерлеріміздің электрондық мекен-жайларын мына сілтеме бойынша таба аласыз:"https://skcn.kz/ru/news/news/474". Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Алмагүл Сұлтанханқызы

    Салеметсіздерме .Мкр.Шұғыла 341/3 корпус 9,11 кв тұрғынымын..Мен фамилиямды ауыстырдым .Бұрынғы фамилиям Бокбаева Алмагүл Сұлтанханқызы,қазіргі фамилиям Сұлтанханқызы Алмагул .Сұрайын дегенім уйдің документіне әсер етпейдіме ? Мен заявление жазыу керекпінбе ? Телефон номерімде ауысты 87783323921

    Қайырлы күн, Алмагүл!
    Сіздің өтінішіңізді қарап келесіні хабарлаймыз:тегіңіз ауысқан жағдайда, сізге барлық растайтын құжаттарды қоса бере отырып, байланыс деректерін көрсете отырып, қоғамның мекен-жайына жазбаша түрде жүгіну қажет, содан кейін Сізге қосымша келісім жасасу үшін біздің қызметкерлеріміз хабарласады. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Гулнар Жунисова

    Сәлеметсіз бе? Өскемен қ., І.Есенберлин даңғылы бойынша коммерциялық үй-жайлары бар 113/1-113/8-поз. көп пәтерлі тұрғын үйлер қашан беріледі? Өтінішті қай уақытта қалай беруге болады.? Менің жасым 60 . Мен үй ала аламын ба?

    Қайырлы күн, Гулнар!
    Өскемен қаласында І.Есенберлин к. ТК құрылысы аяқталуда. Жақын арада Қоғамның уәкілетті органы аталған объектідегі пәтерлерді өткізу әдісі мен пәтерлердің бағасын бекітеді. Өткізу бағасы туралы ақпарат Қоғамның "skcn.kz" сайтында жарияланатын болады. Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!

  • Сұрақ: Жадыра Ережепова

    Саламатсыздар ма! Мен Ақтау қаласында алынған арендалық тұрғын үйді Алматы қаласына ауыстыра аламын ба?!

    Қайырлы күн, Жадыра!
    Бағдарлама шарттарында өңірлер арасында пәтерлерді айырбастау қарастырылмаған. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

Төрағасының блогы