Төрағасының блогы
Сұрақ қою
Сұрақ қою-
Садлематсызба. Мен 2009дан бері очереттемин. Мұғалім болып жумыс жасаймын. Атагымызда уй жок. Уйді калай алуга болады?
Жауап
Қайырлы күн, Заря!
Өскемен қаласында І.Есенберлин к. ТК құрылысы аяқталуда. Жақын арада Қоғамның уәкілетті органы аталған объектідегі пәтерлерді өткізу әдісі мен пәтерлердің бағасын бекітеді. Өткізу бағасы туралы ақпарат Қоғамның "skcn.kz" сайтында жарияланатын болады. Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет! -
Сәлеметсіз бе? Еліміздегі жағдайға байланысты, баршаңыздың саулыұтарыңызды тілеймін. Конкурс нәтежиесі қашан және қалай белгілі болады екен?
Жауап
Қайырлы күн, Айсулу!
Конкурс нәтижелери " skcn.kz" сайтында (https://skcn.kz/ru/news/rezultaty/469) 02.07.2020 жылы жарияланып шыкты. Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет! -
Сәлеметсіз бе,Болатхан Айтқожанович, мен сатып алусыз жалдамалы пәтер алғым келеді.Астана қаласында жалдамалы пәтер кезегінде зейнеткер есебінде тұрмын.Бірақ ол кезек жуық арада болатын емес.Осы қалада пәтер жалдап тұрғаныма 16-жыл болды. Сондықтан, сатып алусыз жалдамалы пәтерде тұрып,өз кезегімді күтпекпін.
Жауап
Қайырлы күн, Базаркул!
Бүгінгі күні Нур-Султан қаласында «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша барлық пәтерлер өткізілді. Жаңа тұрғын үй кешендерін салу жоспарланбаған. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет! -
1 Шымкент каласы налок толеу керек цумасын канша шыгатынын білмей жатырмыз. 2 аренда толеу тартібі
Жауап
Қайырлы күн. Бекбол!
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның Шымкент қаласындағы пәтерлердің жалдау ақысын төлеу үшін қашықтықтан жұмыс режиміне көшуіне байланысты менеджердің k.zhurtekina@fnsk.kz электрондық мекен-жайы бойынша хабарласуыңызды сұраймыз. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет! -
Ассалаумағаликум Болатқан Айтқожанұлы сұрақ: осы сайт арқылы 2019жылы өтініш қалдырған едім, белгілі себептермен құжаттарды уақытында жинап тапсыра алмадым, енді сайт арқылы басқа өтініш бериін десем ашылмайды себебі неде, 2019жыл сіздердің call center соққанымда арыз жазып почта арқылы жібер деген еді бірақ, қандай қылып толтырыу керектігін білмимін образца болса почтама жібересізбе?? Алдын-ала рахмет!
Жауап
Қайырлы күн, Нурболат!
Өтініш үлгісі сіздің жеке поштаңызға жіберілді. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет! -
сәлеметсізбе. өскемен қпласындағы үйлердің кв.м қаншадан? ЖССБ арқылы алуға болама жауап күтем
Жауап
Қайырлы күн, Нұржан!
Өскемен қаласындағы пәтерлерді сату нысан құрылысы аяқталғаннан кейін басталады.
Құны мен әдісі туралы шешімді Қоғамның уәкілетті органы мүлік пайдалануға берілгеннен кейін қабылдайды. Қабылданған шешім туралы ақпарат Қоғамның корпоративтік сайтында "skcn.kz" жарияланады. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет! -
Саламатсыз ба!Актобе қаласының тұрғынымын.Самрук қазына бағдарламасымен үй алуға үлгермедім.Жалғыз мен емеспін көптеген адам осы бағдарлама бойынша үй алуға үміткер.Қазіргі кезде менің айналамда жиырма үміткер бар мен білетін.Батыс 2 ауданда центргрупп"Бавария"үйін салып жатыр.Сол үйді бағдарламамен беріп,халыққа жағдай жасаңызшы.
Жауап
Қайырлы күн, Аяжан!
Ақтөбе қаласында Қоғам «Юнис Сити» тұрғын үй кешенінде және «Батыс Премиум» тұрғын үй кешенінде пәтерлер салып, сатты. Жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысына қаражат бөлінген жағдайда, Қоғам Ақтөбе қаласында құрылыс салушылардың Ақтөбеде жаңа тұрғын үй кешендерін салуға қаражат бөлу туралы өтініштерін қарауға дайын.Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет! -
ЖК Адия үйлердің крышасынан су кетіп,суағырынан подвалға су кетіп жатыр. Үйдің сырты талапқа сай емес. Подьезд краскасы түсіп,жатыр. Подъезд кафелдері әлі қойылған жоқ. Балалар алаңшасы қашан істеледі? Келіп көзбен көрсеңіздер. 1ай төлемесек сразу хат жібересіздер үйді босат деп. Өз қателіктеріңізді қашан жөндейсіздер? Самрұқ Қазына.
Жауап
Қайырлы күн!
«Адия» тұрғын үй кешенінің жалпы аумағындағы ақауларды жою мақсатында АО "Samruk-Kazyna Construction" «ПМК-7К» ЖШС-мен жұмыстарды сатып алу туралы келісім жасасты. Қазіргі уақытта мердігер жұмыстарды келісімшартта белгіленген мерзімде орындауда. Тұрғын үй ғимаратының жертөлелерін жаңбыр суларымен су басу мәселесіне қатысты АО "Samruk-Kazyna Construction" «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне осы мәселені шешуге көмек сұрап өтініш жіберді. Бізге хабарласқаныңыз үшін рақмет! -
Ассалаумағаликум. 2018 жылы Атырау облысы, Атырау қаласында, Жерұйық ТК дан пәтерге ие болған едім. Енді мекен жайға тіркелу жұмыстарын онлайн арқылы жүргіздім. Сіздердің растауларыңыз керек болып отыр. Бұл әрекеттің мүмкін ба? Рахмет
Жауап
Cәлеметсіз бе, Жансейт!!
Азаматтарды тіркеу тек «Samruk-Kazyna Construction» АҚ келісімі болған жағдайда ғана «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ жүгіну арқылы жүзеге асырылады. Бізге хабарласқаныңыз үшін рақмет! -
Саламатсызба. Актобеде Аренда пәтер бітіватыр. Батыс2 1г үйінен берген уақытта бізге жетпей қалды. Біз де мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алғымыз келеді. Ұлттық қордан болінетін ақшаны неліктен халықтан аяйсыз. Актобе қаласында 700ге жуық халық тұрады. Бізге əлі де 3-4үй керек.
Жауап
Қайырлы күн, Асель!
Ақтөбеде қаласында Қоғам «Юнис Сити» тұрғын үй кешенінде және «Батыс Премиум» тұрғын үй кешенінде пәтерлер салып, сатты. Егер Қоғам "Бавария" тұрғын үй кешенін салған жағдайда, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пәтерлерді сатып алуға жалға беруге болады. Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!