//

Төрағасының блогы

Сұрақ қою

Сұрақ қою
  • Сұрақ: Алмагуль Симтикбаева

    Қайырлы күн! Жилой комплекс «Асыл Арман» (Вторичная реализация) 12.11.2020ж күнгі конкурсқа өтінім берген едім. Енді түсінбегенім алдын ала қандай сумма төлеу керек. Айта аласыздар ма? жалғыз басты ана ретінде қандай жеңілдіктер бар?

    Қайырлы күн, Алмагуль!
    2020 жылғы 18 қарашада біздің сайтта «Асыл Арман» ТА орналасқан тұрғын үй-жайларды қайта бөлу бойынша конкурс нәтижелері орналастырылған, конкурс нәтижелерімен https://skcn.kz/ru/news/rezultaty/569 сілтемесі бойынша таныса аласыз. 

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Ardak Молдашева

    Мен қазіргі уақытта үйді сатып құтылғым келіп отыр сендерден, осы Самрұқтан. Қайдан жолықтым сендерге. Енді офис неге жұмыс жасамай тұр Ақтау қаласы??? Дистанционна емес, постоянно қаусап тұрадығо, адамы жооқ

    Сәлеметсіз бе, Ардақ!
    Төлем қабілетсіздігі жағдайында, Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес, Жалға алушы жалдау шартын бұзу туралы өтініш жаза алады, содан кейін пәтер интернет арқылы конкурс өткізу жолымен қайталама сатылуға жатады.
    Бекітілген Үй-жайларды өткізу ережелері мен тәртібіне сәйкес Қоғам қайталама өткізу рәсімін жүзеге асыруы тиіс, яғни интернет арқылы пәтерді қайталама сатуға конкурс өткізілетін болады. Өтінімді бірінші болып берген Өтініш беруші пәтерге құқықты басқаға беру шартын жасасуға басым құқыққа ие болады. Бұл ретте, Жалға алушының Өтініш берушіден кепілдік және жалдау төлемдерін төлеу бойынша шеккен шығыстар сомасын алуға құқығы бар.
    Конкурс бойынша Өтініш беруші болмаған жағдайда, Жалға алушы Құқықты басқаға беру шартын жасасу үшін өз үміткерін ұсынуға құқылы.
    Толық ақпарат алу үшін, мына телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызға болады: +7 (7172) 57 55 11.

  • Сұрақ: Ardak Молдашева

    Саламатсыз. 3ай берген көмектеріңнің түрлері, отсрочка қылып, декбарьге дейін төлей алмаса, пеня жүреді дит,рас па сол? Сосын неге біз налог төлеу керекпіз, как квартиранты тұрып жатырмыз. Сосын 2020басында счетчиктерге пломб қойылмай жарты жылдай жүрдіңдер, қойылатын кезде сертификатты біреулерге тегін, біреулерге 3000 теңгеге саттыңдар Ақтау қаласы, Жанар деген әйел. Сертификатты тегін алғандар, счетчиктің номерлері сәйкес келгендер, документері дұрыс деп. Номерлері сәйкес келмей, документтері дұрыс еместер. Сендерғо берген документті, үйді барып көрсетесіңдер, неге дұрыс бермей, өздерің ошибка жасап, ол ошибканы халық төлеу керек. Слишком салғырт жұмыс жасайды офиске келгендер. Асель деген қыз отырды, нестеп отырғанын өзі білема вообще, не үшін отырғанын????  Сонымен 10% түсірмейтін болыпсыңдар, как будто элитный дом сатып отырғандай, ең болмаса есіктерін дұрыс салмайсыңдарма??? Көмекке мұқтаж жандарға деп халыққа арнайы бағытпен салынған үйлерді, көкке көтеріп сатып отырсыңдар ұшыртып,халықтың ондай ақшасы болса сендердің үйлеріңді алмайдығо. Бағасы сұмдық, жұмыстарың нашар. Қалай ұйықтайсыңдар жалпы сендер???

    Қайырлы күн, Ардақ!
    Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, Қоғам жалға алушыларға 2020 жылғы 16 наурыздан 16 тамызға дейінгі кезеңге жалдау төлемдерін төлеу бойынша мерзімін ұзартуды ұсынды. Көрсетілген кезең үшін есептелген жалдау төлемдері өсімпұл мен айыппұл санкцияларын есептемей, сондай-ақ шарттарда көзделген кепілдік төлемнен есептен шығарусыз 2020 жылғы 25 желтоқсанға дейін төленуге тиіс. Аталған тұрғын үй кешенінің құрылысы «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. «Сатып алу құқығымен жалға алу» тетігі мен тұрғын үй-жайдың құны Қоғамның ҚР Ұлттық Қоры қолжетімді тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға бөлген ақшалай қаражатты қайтару қағидаттарына сүйене отырып белгіленеді.
    Жәнеде, № 5, 6, 7, 8, 9, 10 үйлерінде электр энергиясы бойынша барлық есептеу құралдары пломбаланған.

    Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

  • Сұрақ: Жадыра Уракбаева

    Сәлеметсіздерме. Шымкент қаласы ЖК Адия ТҰ де судың мәселесі күрделі болып кетті. Жергілікті водоканал үйге кіргізген труба дұрыс орнатылмаған деп отыр. Трубаларды ауыстырыңдар дейді. Ол қыруар ақша ғой. 3,4,5 этажға су көтерілмей катель бұзылып қалмасын деп отырмыз. Мәселені шешіп берсеңіздер. Жауап күтем! Алдын ала Рахмет

    Сәлеметсіз бе, Жадыра!
    Сыртқы инженерлік желілерге қызмет көрсету Шымкент қаласының коммуналдық қызметтерінің жауапкершілік аймағында екенін назарға ала отырып, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» ММ-не судың баяу қысымы жағдайын шешуге көмек көрсету туралы қолдаухатты (24.11.2020 жылғы шығыс №11-2 / 5020) жолдады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Майрамгул Аллабергенова

    Саламатсызба курметти Болаткаен мырза. Мен Актау каласынан хабарласыб отрмыз. Сизге бир отинишим бар еди уйим жок сатыб алуга еш мумкиндигим жок первоначальный толейтин ешкандай акшам жок патер жалдаб туратын едим. Маган кредит сиякты айсайын толеб отыратындай уй бересизба. Жумыс жасаймын 70мын айлык аламын.

    Қайырлы күн, Майрамгүл!
    Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй сатып алуға үміткерлерге қойылатын талаптар:

    1) төлем қабілеттілігі;
    2) соңғы 3 жылда жеке тұрғын үйінің болмауы.
    Өкінішке орай, Сіз төлем қабілеттілігіне қойылатын талаптар бойынша өте алмайсыз.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Жұлдыз Молдашева

    Сәлеметсізбе Болат мырза. Мен 2бөлмелі үйімді анамның туған апасының атына өткізгім келеді. Ешқандай ақшасын талап етпей, өзім тұрмысқа басқа қалаға шыққалы жатырмын, анам өзенде тұратын кісі еді. Апамның жақында 18ге толған ұлы бар,жалғызбасты. Өз атында мүлкі жоқ, тек тұрақты жұмысы бар адам, ай сайын уақытында төлей алады. Сол осы үйімді ешқандай төлем сұрамай тек нағашы аапамның атына өткізсем, ол кісілерде ақша құймай, менің төлеп келген арендныйым мен гарантинийімді осы кісілерге өткізсеңіз. Тек переоформление жасап берсеңіз. Оқығанымдай бұл кісілердің атында соңғы 3жылда дүние-мүлік тіркелмеген. Өз баспаналарына қол жеткізе алмай келе жатқан адамдар. Жол сілтеп жіберсеңіз, Алла жар болсын сізге.

    Қайырлы күн, Жұлдыз!
    Жалдау шартының талаптарына сәйкес, Сіз келісімшартты бұзу туралы өтініш жаза аласыз. Содан кейін сіздің пәтеріңіз «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның үй-жайларды өткізудің ішкі қағидаларына сәйкес конкурс өткізу арқылы қайталама сатылуға жатады. Бұл конкурсқа осы өңірде жеке баспанасы жоқ кез келген ҚР азаматы қатыса алады.

     Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!

  • Сұрақ: Жансая Курамысова

    Сәлеметсіз бе? 2011 жылдан бастап үй кезегінде тұрмын. Бастапқы жарнасыз екі бөлмелі үй алғымыз келеді. Қалай тез алуға болады?

    Қайырлы күн, Жансая!
    Бүгінгі таңда Ақтөбе қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
    Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
    Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің "skcn.kz"  сайтымызда («мәзір» бөлігінде) орналастырылатын болады. 

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Жаксылык Калдыкулов

    Асалламу Аликым жк шугыладан кватира следушей выкупым аренда жайлы кватира алу ушин кай жерге жолыксак болады казирги танда биреудин уйын жалга алып отырмыз озимизге калатындай баспана болса демиз от басымызда 7 адамбыз

    Қайырлы күн, Жаксылык!
    Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
    Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
    Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің "skcn.kz" сайтымызда («мәзір» бөлімінде) орналастырылатын болады.
    Сондай-ақ Алматы қаласындағы «Восточка» ТК-де «Тікелей сату» бағыты бойынша жылжымайтын мүлік өткізілуде. Аталған кешендегі жылжымайтын мүлікті екінші деңгейдегі банктер арқылы ипотекаға алуға болады. Сату бөлімінің мекенжайы: Абай көшесі, 150/230-үй, (Ислам Кәрімов көшесінің қиылысы) Гауһартас ТК, 10-блок, 859-кеңсе, тел.: 8 700 350 8888, 8 700 350 9999.

    Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!

  • Сұрақ: Нурлан Бакилов

    Қайырлы күн Болаткан Айткожанович, Сізге бір өтініш, ай сайынғы төлемдерді (аренда, мүлік салығын) kaspi.kz арқылы төлем жасауға қызметін қосуға жәрдемдесуді сұраймын. Рахмет.

    Қайырлы күн, Нурлан!
    Бүгінгі таңда «Kaspi Bank» АҚ-мен ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізілуде. Әзірге «Kaspi Bank» АҚ қосымшасы арқылы жалдау төлемдерін төлеу жобасын іске асыру мүмкін емес. Бірақ біз болашақта бұл жетістікке жетеміз деп үміттенеміз. Бұл туралы барлық жаңалықтар "skcn.kz." сайтымызда орналастырылады.  

    Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!

  • Сұрақ: Жумат Абдимауленов

    Сәлеметсіз бе! Осы жылы карантин уақытында үш айдың төлемін кейінге қалдыруды ұсынған едіңіздер. Көп адамдар карантин салдарынан жұмыссыз қалды немесе айлықтары қысқартылды. Бірақ енді карантиннен кейін де жағдай қатты түзеле қойған жоқ. Төленбеген үш айдың жалдау ақысын 2020 жылдың желтоқсан айына дейін төлеп бітіру қиынға соғуда. Осы мәселеге байланысты өзгерістер болады ма?

    Қайырлы күн, Жумат!
    Аталған тұрғын үй кешенінің құрылысы "Нұрлы Жер"мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Тұрғын үй-жайды "сатып алу құқығымен жалға алу" тетігі ҚР Ұлттық қоры қолжетімді тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға бөлген ақшалай қаражатты Қоғамның қайтаруы қағидаттарына сүйене отырып белгіленеді. Осыған байланысты, өкінішке орай, қарызды кейінге қалдыру бойынша негізгі шартқа өзгерістер енгізу мүмкін емес.

    Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!

Төрағасының блогы