//

Төрағасының блогы

Сұрақ қою

Сұрақ қою
  • Сұрақ: Мейрамгул Кекилова

    саламатсызба Болатқан Айтқожанұлы, сізге сұрағым мен сіздердің үш айлық кепілдеме ақшасын құйып пәтер алу жөнінде көбірек мағлұматты қайдан алсам болады. Мен Шымкент қаласының тұрғынымын, мемлекеттік қызметкермін. Жақын арада сіздерден Үй ала аламынба

    Қайырлы күн, Мейрамгул!
    Бүгінгі күні “Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "Жалға берілетін тұрғын үй" бағыты бойынша Шымкент қаласында 2020 жылы жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысы жоспарланбаған.
    Жылжымайтын мүлік қайта сатылуы мүмкін. Жылжымайтын мүлікті қайта сату туралы ақпарат біздің сайтымызда орналастырылатын болады. Барлық ақпараты "skcn.kz" сайтының "мәзір" бөлігінде алуды ұсынамыз. Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!

  • Сұрақ: Биржан Ораз

    ассалаумагалейкум мен актау каласфы 32а шагын ауданнан 2 болмели уй алдык уй сапасы оте нашар кв метр оте кымбат терезе сыныватр душтан су кетпейди унитаз тесик есиктери дурыс жабылмайдлы менин 4 балам бар биреуи инвалит асматик 120мын толеу онай емес кск жумыс истемейди дом сапасыз нашар амал жок алгасын ишпей жемей толеп отырмыз каткан нан жеп нансызда отырмыз арасында комектесиниздер уй багасын тусирип 87028078821

    Қайырлы күн, Биржан!
    Аталған тұрғын үй кешенінің құрылысы «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде жүргізілген. Бір шаршы метрдің құны ҚР Ұлттық қоры қолжетімді тұрғын үйлердің құрылысын қаржыландыруға бөлген ақшалай қаражаттың Қордың қайтаруына негізделеді. Осыған байланысты 1 шаршы метрдің құнын азайтуға мүмкіндік жоқ. ПИК (пәтер иелерінің кооперативі) жұмысының сапасына қатысты шаралар қабылданатын болады, ескертулеріңіз болған жағдайда, ПИК-ке өтініш қалдыруыңызға болады. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Эльмира Сартбаева

    Саламатсыз ба Уй кезегинде коп балалы ана ретинде турмын. алгашкы жарнасыз интернет аркылы пәтерге заявка береаламыз ба ? кашан сол багдарламалар болады. КИК багдарламасы оте тиымды болатын. Алгашкы жарна куятын жагдайым жок . Алдын ала рахмет

    Сәлеметсіз бе, Эльмира!
    «Нұрлы Жер» бағдарламасының шарттарына сәйкес, бағдарламаға өздерінің төлем қабілеттілігін растай алатын және тұратын аймақта жылжымайтын мүлкі жоқ немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартқысы келетін ҚР азаматтары қатыса алады. Бұл ретте, аталған бағдарламаға қатысу үшін бастапқы жарна талап етілмейді. Алайда, Қоғамның жылжымайтын мүлікті өткізудің ішкі ережелеріне сәйкес, Жалға алушылар 3 айлық жалдау төлемі мөлшерінде кепілдік төлем енгізуі тиіс.
    Мұндай талап Жалға алушылардың ай сайынғы жалдау төлемдерін төлемеуі жағдайына қарастырылған. Бұл жағдайда ай сайынғы төлемдер кепілдік төлемнен алынады. Бүгінгі күні Өскемен қаласындағы ТК құрылысы аяқталды. Осы кешенде жылжымайтын мүлікті сату шамамен 2020 жылғы 4-тоқсанға жоспарланған. Өткізу туралы барлық ақпарат Қоғамның "skcn.kz" сайтында орналастырылады. Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!

  • Сұрақ: Баян Туреханова

    Саламатсызба Курметти Болатхан Аиткожанович мен жалгыз басты анамын. Менің жағдайыма байланысты үй алу тек сиздердин компанияларыныздан ғана келип түр.. Калай отиниш берсем кайда барсам болады...???? Жилстройсбербанктен депазит аштыргам уакытылы салып турам 2016 бери...Медицина кызметкеримин туракты жумысым бар...

    Қайырлы күн, Баян!
    «Нұрлы Жер» бағдарламасының шарттарына сәйкес, бағдарламаға өздерінің төлем қабілеттілігін растай алатын және тұратын аймақта жылжымайтын мүлкі жоқ немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартқысы келетін ҚР азаматтары қатыса алады. Бұл ретте, аталған бағдарламаға қатысу үшін бастапқы жарна талап етілмейді. Алайда, Қоғамның жылжымайтын мүлікті өткізудің ішкі ережелеріне сәйкес, Жалға алушылар 3 айлық жалдау төлемі мөлшерінде кепілдік төлем енгізуі тиіс.
    Мұндай талап Жалға алушылардың ай сайынғы жалдау төлемдерін төлемеуі жағдайына қарастырылған. Бұл жағдайда ай сайынғы төлемдер кепілдік төлемнен алынады. Бүгінгі күні Өскемен қаласындағы ТК құрылысы аяқталды. Осы кешенде жылжымайтын мүлікті сату шамамен 2020 жылғы 4-тоқсанға жоспарланған. Өткізу туралы барлық ақпарат Қоғамның "skcn.kz" сайтында орналастырылады. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Аяужан Казиханова

    Салеметсізбе,мен последующий выкуппен уй алгым келеді,атырау каласынан. Атырауда офистарыңыз болса или менед.номері дегендей. Барып сойлекім келіп тур уй жонінде.

    Сәлеметсіз бе, Аяужан!
    Бүгінгі күні “Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "Жалға берілетін тұрғын үй" бағыты бойынша Атырау қаласында 2020 жылы жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысы жоспарланбаған. Жылжымайтын мүлік қайта сатылуы мүмкін. Жылжымайтын мүлікті қайта сату туралы ақпарат біздің сайтымызда орналастырылатын болады. Барлық ақпараты "skcn.kz" сайтының "мәзір" бөлігінде алуды ұсынамыз. Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!

  • Сұрақ: Умида Исабекова

    Салеметсизбе мен коп балалы анамын казир декреттемин ЖК асыл арманнан патер калай алсам болады кезекке турган жокпын

    Қайырлы күн, Умида!
    Бүгінгі күні «Нұрлы жер» бағдарламасының Жалға берілетін тұрғын үй-жалары бағыты бойынша Асыл Арман ТК-дегі барлық пәтерлер өткізілді. Алайда, жалға алушылар бұрын жасалған жалдау шарттары бойынша өз құқықтарын басқаға беруге құқылы. Жылжымайтын мүлікті қайта сату туралы ақпарат біздің сайтымызда орналастырылатын болады. Сол себепті барлық ақпаратты "skcn.kz" сайтынан қарап алуыңызға болады. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Асель Орынғали

    Салематсызба Болаткан Айткожанович мен Ақтау қаласынан жазып отырмын сізге сұрағым мен бюджетник катарында кезекте тұрмын арендные жилье аркылы без первоначальный взнос квартира ала аламынба жаңадан салынып жаткан домдардан 2айлык бопем бар жолдасым жумыс жасайды

    Қайырлы күн, Асель!
    Қазіргі уақытта Ақтау қаласында 32А ш/а ТК-дегі пәтерлер сатылуда. Сіз біздің менеджер Таубауева Әселмен 8 775 140 3080 телефоны арқылы байланыса аласыз немесе 32 А ш/а, 8-үй мекен-жайында орналасқан «Samruk-Kazyna Construction» АҚ сату бөліміне барып, сатылатын пәтерлер туралы ақпаратпен таныса аласыз. Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!

  • Сұрақ: Али Айкенов

    Ассалаумағалейкүм, Өскемен қаласында 113/1-113/8 позициялары 2 кварталда берілу керек болатын, неге ай сайын шегіндіріп жатыр, нақты берілетін уақыты қашан???

    Сәлеметсіз бе, Али!
    Инвестициялау шартының талаптарына сәйкес, объектіні пайдалануға бергеннен кейін Құрылыс салушы пәтерлерді Қоғам меншігіне беруі тиіс, содан кейін Қоғам пәтерлерді «Нұрлы Жер» бағдарламасының шарттарына сәйкес өткізеді. Қазіргі уақытта Құрылыс салушы пәтерлерді Қоғам меншігіне беруді жүзеге асыруда, оларды өткізу 2020 жылдың 4 тоқсанына жоспарланған. Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!

  • Сұрақ: Маржан Дакен

    Сәлеметсіз бе! Жалдасымыз екеуміз 2014 жылы Алматы қаласынан үй алған едік. Енді сол үйді Нұр-Сұлтан қаласына ауыстырғымыз келеді. Қалай жасауға болады? Бұл жайлы толық ақпаратты кімнен алсақ болады?

    Сәлеметсіз бе, Маржан!
    "Нұрлы жер" бағдарлама шарттарында өңірлер арасында пәтерлерді айырбастау қарастырылмаған.Алайда, жалға алушылар бұрын жасалған жалдау шарттары бойынша өз құқықтарын басқаға беруге құқылы. Жылжымайтын мүлікті қайта сату туралы ақпарат біздің сайтымызда орналастырылатын болады. Сол себепті барлық ақпаратты "skcn.kz" сайтынан қарап алуыңызға болады. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Бибигуль Петрова

    Салеметсызбе мен не полный семья болып очередьте турмын Атырау каласынан. Сизгерде арендной жилья га тапсыра аламынба

    Қайырлы күн, Бибигуль!
    Бүгінгі күні “Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "Жалға берілетін тұрғын үй" бағыты бойынша Атырау қаласында 2020 жылы жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысы жоспарланбаған.
    Жылжымайтын мүлік қайта сатылуы мүмкін. Алайда, жалға алушылар бұрын жасалған жалдау шарттары бойынша өз құқықтарын басқаға беруге құқылы. Жылжымайтын мүлікті қайта сату туралы ақпарат біздің сайтымызда орналастырылатын болады. Сол себепті барлық ақпаратты "skcn.kz" сайтынан қарап алуыңызға болады. Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!

Төрағасының блогы