Төрағасының блогы
Сұрақ қою
Сұрақ қою-
Салеметсизбе меним жолдасым косымша кезекте тур, Оскемен каласы ЖК Есенберлина 13/1-13/8 бойынша косымша конкурс болама????
Жауап
Қайырлы күн Шынар!
Бүгінгі таңда Өскемен қаласы бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/ru/news/ сілтемесі бойынша орналастырылады.Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!
-
Ассалаумағалайкум Болатхан Айткожанович! Бізге 1жыл болды пропискага тура алмай жатқанымызга. Заёмщик пен созаемщик ерлі зайыпты,жолдасым созаемчиктің әпкесі,туу туралы куәлік документ бәрі бар бірақ временно прописка береді,бізге постоянно прописка керек. Заёмщик созаёмщик басқа қалада турады. Постоянно прописка бізге беріле ма?
Жауап
Сәлеметсіз бе, Есен!
Сатып алумен жалдау шартының 4.4.4-тармағына сәйкес Жалға алушы Үй-жайда бірге тұратын отбасы мүшелерін тіркеуге құқылы. Сіздің апаңыз туысыңыз болғандықтан, Қоғам оны уақытша тіркеуге рұқсат бере алады. Құжаттарды info@fnsk.kz поштаға жіберуіңіз қажет.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Салматсызба Сандыкбаев Б.А. мен Ақтау қаласы 32 А шағын аудандағы арендалық үйден үй алып төлей алмаған соң 23.10.2020 жылы қайта тапсыруға арызданып декабр айының 18-19 дарына нотариуске барып баска адамның атына өткізген болатын ақшасын төлеп енді менің осы уақытқа дейінгі төленген төлемдерімді қайтаруға қанша уақыт күтуге болады енді бір айға жақындады әлі ақшам түскен жок осы өтінішім арқылы тезрек түсіруге болмайма бір бөлме болсада алып қалғым келеді квартирада жүрміз қазіргі таңда
Жауап
Сәлеметсіз бе, Алтын!
Тұрғын үй-жайды сатып алумен жалға берудің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 112299023 шартына Талап ету құқығын басқаға берудің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №2 үш жақты шартының 2.2.1-тармағына сәйкес «Жалға беруші Құқықты басқаға беру шарты уәкілетті органда тіркелген сәттен бастап 60 (алпыс) жұмыс күні ішінде Төлемді 1-Жалға алушы ұсынған деректемелерге аударады».
Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!
-
Сәламатсіз бе Болатқан Айтқожанұлы. Мен Астана қаласының мектептерінің бірінде мұғалім болып жұмыс істеймін. Астанада пәтер жалдап тұрып жатырмын отбасыммен.Үй сатып алатын жағдайым келмей тұр. Пропискі тұрғаныма енді бір жыл болды.Тапқан табысымыз квартира мен тамақтан артылмайды. Жалдамалы арзан пәтердің кезегіне тұралмадым.Ноутбукті істей алмадым кезекке тұру үшін.Сол жеке қабылдауға жазылсам және сол арзан пәтерге қол жеткізсем.
Жауап
Қайырлы күн, Гүлнар!
Бүгінгі таңда Нұр-Султан қаласы бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/ru/news/ сілтемесі бойынша орналастырылады.Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!
-
Саламатсызба Болатхан Айтқожанұлы. Мен Қызылорда қаласы Демесінов көшесі 77В үйдің тұрғыны едім. Менің яғни 5 қабатта тұратын көршім 60пәтер. Тамыз айынан бері ремонт жасап жатыр. ПЕРЕДЕЛКА жасап. Қәзір желтоқсан айы болды. Ремонт әлі жалғасуда. Жаз айы болса ренжімес едім. Қызылорда қаласындағы сіздердің өкіллеріңізге де шықтым. Әлі бітетін түрі жоқ. Ақша беріп келісе саоуға болады ма әлде? Келісім шартта пәтер ішіне переделка жасалынбауы керек деп көрсетілген... сонда ол келісім шарттың құндылығы қайда? Түсінбедім.. ремонттан миымыз ашып кетті.. подьез іші ластанып кетті алаңсыз. Бір жақты қарап өзіңіз реттемесеңіз. Безобраз мынаусы...
Жауап
Қайырлы күн, Забира!
Демесинов көшесі, 77В-үй №60 пәтерді жалға алушы А.М. Тәңірбергеновке бұрын Жалдау шартының талаптарын бұзғаны туралы және жөндеу жұмыстарын тоқтату туралы хабарлама жіберілген. Бүгінгі күні пәтерді қайта жоспарлау бойынша жұмыстар тоқтатылды, пәтерді бастапқы күйіне келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары тұрғын үйдің басқа тұрғындарының тыныштығын бұзбауы тиіс. Осыған байланысты, егер жөндеу жұмыстарынан шыққан шу тыныштық пен қалыпты демалысты бұзса, Сіз өз құқығыңызды қорғау үшін ішкі істер органдарына (полицияға) жүгінуге құқылысыз.Хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Ассалаумағалейкум,Мен Ақтау қаласы 32а 5 дом тұрғынымын,Мен 13 жылға жалға пәтер алған едім,Отбасым көп балалы,Маған айсайынғы төлем қиын болып тұр,Төлем бағасын қысқартып,жылын 18 жылға ұзартуға болама.Рахмет
Жауап
Қайырлы күн, Мұрат!
Өкінішке орай, Ақтау қаласы, 32А шағын аудандағы тұрғын үй кешенінде тұрғын үйді кейіннен сатып алу құқығымен жалға алудың ең ұзақ мерзімі - 13 жыл, осыған байланысты Сіздің жалдау төлемдерін өтеу кестесін қайта қарау мүмкіндігі жоқ.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Сәлеметсібе Самұрық қазынадан қалай пәтер алсақ болады жолдарын айтасыздар
Жауап
Қайырлы күн, Гүлнұр!
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің "skcn.kz" сайтымызда («мәзір» бөлімінде) орналастырылатын болады.
Сондай-ақ Алматы қаласындағы «Восточка» ТК-де «Тікелей сату» бағыты бойынша жылжымайтын мүлік өткізілуде. Аталған кешендегі жылжымайтын мүлікті екінші деңгейдегі банктер арқылы ипотекаға алуға болады. Сату бөлімінің мекенжайы: Абай көшесі, 150/230-үй, (Ислам Кәрімов көшесінің қиылысы) Гауһартас ТК, 10-блок, 859-кеңсе, тел.: 8 700 350 8888, 8 700 350 9999.Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!
-
Кайырлы кун! Мен сиздердин кызметкерлериниз Журтекина Камилага жалоб жасагым келеди. Сиздерге звондаймын унеми, кызметкерлериниз казакша тил билмейди. Дореки жауап береди, неге олай.? Канша рет звондадым кызметкер "сиз" деп сойлесуди билмейди. Мен частичное погашение и расторжения договора жонинде толык малимет ала алмай жургениме 10 кун болды. Ай сайын жасаган толемдеримнин узиндисин алуга отиниш тастаганмын, оганда жауап жок. Неге кызметтериниз булай? Мен кызылорда каласында турамын. Журтекина Камилага тиисти шара корулеринизди сураймын!
Жауап
Сәлеметсіз бе, Нұрханым!
Келтірілген ыңғайсыз жағдай үшін кешірім сұраймыз. Қызметкер өз жұмысына қатысты ескерту алды, сонымен қатар менеджерлермен тиісті жұмыс жүргізілді.
2020 жылғы 30 қарашада сіздің электрондық поштаңызға сіздің төлемдеріңіз және бар берешегіңіз бойынша барлық ақпарат жіберілді.Хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Ассалаумагалейкум Болатхан Айтқожанұлы. Біз Алматы қаласы ЖК Восточка 11 үйден пәтер алған болатынбыз, пәтерді қабылдап ал дейді бирак көп жері толық бітпеген, бітпей калган болса кімнен талап етеміз? Менеджер ге хабарлассак прораб номерін береді прорабка хабарлассак разнорабочие номерін береді жауапты адам барма ол жерде? Стенада кабель көрінеді, плитага арналған разеткасы жок, лампочка
Жауап
Қайырлы күн, Дәулет!
"Восточка" ТК № 11 тұрғын үйде сатып алушылар тізімінде сіздің болмауыңызға байланысты біз ақаулар мен ескертулердің фактісін анықтауға мүмкіндік жоқ болып отыр. Соған байланысты сіздің жеке поштаңызға кері байланыс үшін сұраныс жіберілді. Ескертулер мен ақаулар фактілері анықталған жағдайда Қоғам және құрылыс салушы жою фактісі бойынша барлық шараларды қабылдайтын болады.Хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
саламатсыз ба, 2020 жылы 09 қарашада Ақтау қаласы 32А-5-131 мекенжайы бойынша үйімді келесі арендаторға көшіру барысымен сделка жасадық. Енді бұрыңғы төленген ақшаны жаңа арендатор Самрұқ-Қазынаға аударды ғой, сол сумманың маған тиесілі бөлігі қанша уақыт ішінде счетыма түседі? Алдын-ала рахмет
Жауап
Қайырлы күн, Жадыра!
Талап ету құқықтарын басқаға беру бойынша үш жақты шарттың 2.2.1- тармағына сәйкес, Жалға беруші Құқтарды басқаға беру шарты уәкілетті органда тіркелген сәттен бастап 60 (алпыс) жұмыс күні ішінде, 1-ші Жалға алушы ұсынған деректемелерге төлемді төлейтін болады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!