//

Төрағасының блогы

Сұрақ қою

Сұрақ қою
  • Сұрақ: Гаухар Мусиреп

    Салеметсиз бе Болаткан Мырза. Мен Мусиреп Гаухар ЖК Восточка 16 /22 уй, 34 квартира тургынымын. Предварительный договор купли продажи номер 12/5/34 от 8 апрель 2021. Апрель айында квартира алдым 7-20-25 программа бойынша но ар ай сайын ипотеканы толеп отырмын. Енди акт приём передач откиздим барлык дефект жаздым. Есик терезе пол качествосы оте томен. Бирак сурайтыным полды ауыстырып беруди отинемин себеби бизге дейн квартира суга кеткен содан ламинат жарамсыз болып калган. Отиниш 5 ай болды квартира га кошип келе алмай отырмын, казир озим аренда га времянка алып турып жатырмын 3 балам мен. Отинип сурайтыным тек полды Жана ламинатка ауыстыруын сураймын.

    Cәлеметсіз бе, Гаухар!

    Алдыңғы хаттамадағыдай, 23.07.2021 жылғы тексеру актісіне сәйкес Сіз өз еркіңізбен қабырғаларды, есіктерді демонтаждау және ламинатты демонтаждау арқылы тұрғын үй-жайдағы (пәтерде) қайта жоспарлау бойынша жұмыстарды жүргіздіңіз. Пәтердің иесі жоғарыдағы аталған жұмыстарды реконструкция жүргізудің заңдылығы бойынша Құрылыс жүргізуші компанияның келісімсіз жүргізгендіктен, Құрылыс жүргізуші компаниясы кепілдік міндеттемелер шеңберінде ақауларды жоюға міндетті емес.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Ербол Төлепберген

    Қайырлы кеш Менсіздердің салған үйлеріңіз яғни жк восточка бойынша жазып тұрмын Ақыры үй салып жұмыс істеп жатыр екенсіздер неге бастаған заттарыңызды аяғынадейін шықпайсыздар 6- айдан асты үйді алғаныма Не подьёзде тазалық жоқ Су дұрыс ақпайды Дворда түк жоқ Домофон қослмаған подвалда су басып жатыр и т б сұрақтар көп Қол астыңыздағы жұмскерлерге айтсаңыз әні міні ертең аха міне деу арқыды фокус болып кетеді Жк Восточка 16/20 9 петно тездетіп бітірсінші тұру не возможно.

    Cәлеметсіз бе, Ербол!

    Сіздің сұрағыңыз бойынша «Berkut Development» ЖШС Құрылыс жүргізуші компанияға жазбаша хабарлама жіберілді. Құрылыс жүргізуші компаниядан жауап алғаннан кейін нақты ақпарат береміз.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Гаухар Мусиреп

    Салеметсиз бе Мен ЖК Восточка 16/22 кв 34 тургынымын. Квартира алдым осы айга дейн ипотеканы уакытысында толеп келемин. Акт приём передач бойынша ламинат ауыстырылмады, ламинат жарамсыз. 4 ай болды. Енди сотка беремин.

    Cәлеметсіз бе, Гаухар!

    Премьер-НС ЖШС  23.07.2021ж., бас мердігер ұйымының өкілдері Сіздің пәтеріңізді тексеріп, тиісті тексеру актісі жасалынды. Тексеру актісіне сәйкес пәтерде қабырғаларды бұзып, қайта жоспарлау жұмыстары, еден құрылғысының құрамын өзгерте отырып ламинатты бөлшектеу жұмыстары жүргізілді.

    Сіздің назарыңызға, АО «Samruk-Kazyna Construction» пәтер иесі орындаған барлық өзгерістер үшін жауап бермейтінін жеткіземіз.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Айдана Рахманова

    Сіздер арқылы үй алсам деп едім,қайда және қалай аламын?счет ашып ақша салу қажетпе?Жолын айтсаныз.

    Қайырлы күн, Айдана!

    Бүгінгі таңда ҚР бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
    Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
    Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya сілтемесі бойынша орналастырылады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Лаура Жаксыбаева

    Саламатсыздар ма? Алматыдан Асыл Арман мкр ауданы бойынша квартира арендага болашакта сатып алу багдарламасы бар ма

    Қайырлы күн, Лаура!

    Бүгінгі таңда Асыл Арман ТК бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша пәтерлер бөлу аяқталды.
    Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
    Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/ru/news/ сілтемесі бойынша орналастырылады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Сауле Саменова

    арендное жилье со следущем выкупом қалай алуға болады Самұрық қазына банк арқылы?Өзім Алматы қаласынанмын ,мектепте жұмыс істеймін,тұрғын үй кезегінде 2014 жылдан бері кезекте тұрамын.Бастапқы жарна қанша болу керек?

    Қайырлы күн, Сауле!

    Бүгінгі таңда ҚР бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
    Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
    Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya сілтемесі бойынша орналастырылады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: муратжан маргаскин

    ассалаумағалеукум құрметті Сандықбаев Болатқан Айтқожаұлы мен көп балалы отбасы есімім Муратжан Алимғазынович сізден сұрарым каранти кезінде ақшамды төтей алмағаныма байланысты хабарласып отырмын сізден көмек мен төлемеймін деп отырғам жоқ тек қайтатдан төлеуді ары қарай жалғастырсам өтелмеген қарыздарымды алдағы төлеммен қосып төлесем бір мүмкіндік берсеңіздер

    Қайырлы кун, Муратжан!

    Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай кезеңінде халыққа, бизнеске қолдау көрсетуге, әлеуметтік шиеленісті болдырмауға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру шеңберінде, Қоғам жалға алушыларға (жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар) 2020 жылғы 16 наурыз бен 16 тамызды қоса алғандағы кезеңге жылжымайтын мүлікті кейіннен сатып алумен жалдаудың бұрын жасалған шарттары бойынша жалдау төлемдерін төлеу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады. Жалға алушылар көрсетілген кезең үшін есептелген жалдау төлемдерін 2021 жылғы 31 наурызға дейінгі мерзімге өсімпұл мен айыппұл санкцияларын есептемей, сондай-ақ шарттарда көзделген кепілдік төлемнен есептен шығармай төлеуге тиіс еді.
    Жалдау шартының талаптарына сәйкес төлем кестесін қайта қарау мүмкін емес.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Шабай Амангельлиев

    Сәлеметсібе! Мен Амангельдиев Шабай! Сатылған үйдің ақшасы не себепті уақытында аударылмайды. Үйді сатканымызға 2 ай болды. Ал менджелер бүгін ертең 1-2 күннен соң деп әлі келе жатыр.

    Қайырлы күн, Шабай!

    Ақшалай қаражат 24.06.2021 жылы қайтарылды.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Махаббат Тасболатова

    Сәлеметсіз бе ? Сұрағым мен ай сайын бір ай алдын ала төлеп отырмын .Енді соны жеке кабиенттен көрейін десем акт сверкіде дұрыс көрсетілмеген және 6203 теңге шығып тұр төлеу керек деп ол не жөнінде екен . Сосын 6900 теңге тұр пеняда мен пеня уақытымен төлеп отырмын

    Қайырлы күн, Махаббат!

    Жеке кабинет тестілік режимде жұмыс істейді. Қазіргі уақытта төлемдерді салыстырып тексеру жүргізілуде. Жақын арада Сіздің төлемдеріңіз сәйкестікке келтіріледі. Қосымша сұрақтарыңыз болса, сұрауыңызды Сіздің менеджеріңіз Темірғалиева Айгүлдің - a.temirgaliyeva@fnsk.kz  электрондық поштасына жібере аласыз.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Құндыз Кулиманова

    Сәлеметсіз бе, мен алматы қаласы бойынша пәтерге кезекте тұрмын. Пәтерді қай жерден және неше пайызбен алуға болады? Ипотека қымбат болып тұр. Мамандығым: мұғалім, үйленгенмін, 2 балам бар, жасым 38

    Қайырлы күн, Құндыз !

    Бүгінгі таңда ҚР бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу Алматы қаласында аяқталды.
    Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
    Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/ru/news/ сілтемесі бойынша орналастырылады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

Төрағасының блогы