Төрағасының блогы
Сұрақ қою
Сұрақ қою-
Саламатсыз ба?Мүгедектерге квартилар қарастырылған ба, жеңілдікпен. Құрметпен Индира
Жауап
Қайырлы күн, Индира!
Бүгінгі таңда ҚР бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/ru/news/ сілтемесі бойынша орналастырылады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Салематсызба?! Мен Ақтау қаласынан үй алып едім. Карантинге байланысты ақша төлей алмай жатырмын. Енді жиналып қалған ақшаны бөліп төлеуге болма? Толықтай төлей алмай отырмын. Көпбалалы отбасымыз ерекше баламыз бар. Жұмысым енді тұрақталып жатыр. Енді айына төлейтін сумманы көптен төлеп отырсам боладыма
Жауап
Қайырлы күн, Алтынбек!
Тұрғын үй-жайды сатып алу құқығымен жалдау шартының талаптарына сәйкес Жалға беруші төлемдерді төлеуді кейінге қалдыру және жалдау төлемдерінің кестесін қайта қарау мүмкіндігін бере алмайды.
Сонымен қатар, Шарт аясында құқықты басқаға беруге болады, бұл ретте Жалға алушының үй-жайды қайталама өткізу жүзеге асырылған кезде тұрғын үй құнын өтеу бойынша келтірілген шығындарды толық немесе ішінара өтеу сомасын болашақ Жалға алушыдан алуға құқығы бар.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Ассалаумағалейкум! Менің сұрағым жк Асыл Арман тұрғын үй кешенінен конкурспен үй бірінші болып алдым. Енді үй иесі арыз кері қайтарып алып жатыр. Мен келесі кезекті конкурссыз ала аламба? Осындай жағдайда неге жауапсыз үй иесіне шара қолданылмайды? Біз бір ай күттік барлық процедуралардан өттік.
Жауап
Қайырлы күн, Динмухамед !
Жалға алушының атына талап ету құқығын басқаға берудің үшжақты шартын жасасу бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындау туралы жазбаша талап жолданды.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Салеметсиз бе сиздерден калай квартира алуга болад ? Офис тарныз кай жерде айтасызба?
Жауап
Қайырлы кун, Нуршат!
Қоғамның бас офисінің мекенжайы: Нұр-Султан қ., Е10 к, 17/10 уй және өкілдің кеңсесі Алматы қ. Райымбек даңғ., 481 В орналасқан. Бүгінгі таңда ҚР бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды. Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya сілтемесі бойынша орналастырылады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Салеметсизбе! Актау каласы 32а мкр дағы списокта турган үйлер төлеи алмаи кайтарып берилген халықтың соны калаи алсак болады каида барамыз первоначальный взноспен кридиткема или рассрочкама калаи болады .
Жауап
Қайырлы күн, Алтынай !
Сатып алумен жалдау тетігі арқылы тұрғын үй-жайды сатып алудың негізгі критерийлері:
1) Тұрғын үйдің болмауы немесе Өскемен қаласында соңғы 36 (отыз алты) айда жылжымайтын мүлікпен мәмілелердің болмауы, не тұрғын үй жағдайларын жақсарту, яғни отбасының әрбір мүшесіне 18 шаршы метрден кем келетін осы қалада тұрғын үйдің болуы;
2) Ай сайынғы жалдау төлемдерін төлеуге мүмкіндік беретін төлем қабілеттілігінің жеткілікті деңгейі;
3) Бұған дейін өтініш берушінің «Samruk-Kazyna Construction» АҚ шарттары бойынша сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алмауы.
Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/ru/news/obyavleniya сілтемесі бойынша орналастырылады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Сәлеметсізбе кәзіргі уақытта уақытылы арендасын төлей алмай жатқан 1 бөлмеліктер бар деп есіттім. Қалай алуға болады. Және кімге хабарлассам болады. Ақтау қаласынан
Жауап
Қайырлы күн, Ботакөз !
Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/ru/news/obyavleniya сілтемесі бойынша орналастырылады.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Сәлеметсізбе, менің өтінішім, маған 2018ж.Байтерек бағдарлама бойынша 3бөлмелі Адия тұрғын үй кешенінен(Шымкент) пәтерге одобрения берген еді15млн), маған сол пәтерді қайта алуға мүмкіндік барма, өтініш, көмектесіңізші, одобрения келген, уведомления бар, қалай байланысып, ақпарат алсам болады? Алдын -ала рахмет.
Жауап
Қайырлы күн,Айнагул !
Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya сілтемесі бойынша орналастырылады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Сандыкбаев мырза биз Мангистау обл Ақтау қаласында тұрамыз Самұрық Қазынадан үй алып едик бастапкы салған ақшамыз жоқ деп звандады, сонда ол ақшалар қайда кетти. Соны тексерип бере аласызба. ОТИНИШ
Жауап
Қайырлы күн, Қайнар!
Шарт талаптары бойынша Жалға беруші жалдау төлемдері бойынша берешек сомасын кепілдікті төлемнен есептен шығаруға құқылы. Кепілдікті төлемнен есептен шығару жөнінде толық ақпарат алу үшін Сізге kense@fnsk.kz сайтына ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы анықтаманы беру туралы өтініш жазу керек.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Салеметсиздерме! Мен ЖК И.Есенберлина 19,кв.80 арендаторы Нурмухамбетов Гали. Майдын 4не заявление жаздым сиздерге досрочно выкуп деп. Июльде сумма жиберилди. 12не алдым. 19на дейин толык корсетилген сумма толенди. Енди хабарлассас сентябрь айына бирак дайын болады деп отыр. Мен ауылда турасын. Казир документти тосып Бир ай Оскеменде жатырмын. Енди мен кыркуйекке дейин калай кутемин. Оте узак. Жумысым бари токтап тур. Кайта кайтп келе алмаймын. Осы кужаттарымды тезирек жасап берсениздер.
Жауап
Қайырлы күн, Гали!
Мерзімінен бұрын сатып алу - ұзақ рәсім. Бірінші берешек сомасы есептеледі, содан кейін берешегеңізді өтеу есебінен төлеген сома есеспке алынады.
05.08.2021 жылы құжаттар курьерлік поштамен Өскемен қаласына жіберілді. Біздің өкіліміз шартқа қол қою үшін жақын арада Сізге хабарласады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Саламатсыз ба! Мен Ақтау қаласы,32а шағын ауданы, 9-үй, тұрғынымын. Мен 2020-жылдың наурыз айынан бастап, қыркүйек айына дейін жұмыссыз қалуыма байланысты үйді жалдау ақысын төлей алмадым. Осы кезеңдердің төлемдерін қазіргі кезден бастап соңғы төлем күніне дейін бөліп төлеуге график шығарып берулеріңізді сұраймын.
Жауап
Қайырлы күн, Турлыбек!
Тұрғын үй-жайды сатып алу құқығымен жалдау шартының талаптарына сәйкес Жалға беруші төлемдерді төлеуді кейінге қалдыру және жалдау төлемдерінің кестесін қайта қарау мүмкіндігін бере алмайды.
Сонымен қатар, Шарт аясында құқықты басқаға беруге болады, бұл ретте Жалға алушының үй-жайды қайталама өткізу жүзеге асырылған кезде тұрғын үй құнын өтеу бойынша келтірілген шығындарды толық немесе ішінара өтеу сомасын болашақ Жалға алушыдан алуға құқығы бар.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!