Төрағасының блогы
Сұрақ қою
Сұрақ қою-
Салеметсизбе, арендное жилье толем акысын калай билуге болады, Оскемен каласына Есенберлина 13/1 кв 93 патер алгамын, енпф тан частичное погашение жасаймын, калай болады, толемакы каншага азаяды соны билейн десем берилген телефондар мулдем алмайды, соган комектесип жиберсениз дер, жауапкершилик оте аз, звондасак уйыктап отырып жауап береди
Жауап
Сәлеметсіз бе, Майра!
Сізге берешекті ішінара мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асыру үшін өтініш жазып kense@fnsk.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет. Мерзімінен бұрын өтеу туралы қосымша сұрақтар бойынша +7 (7172) 55-90-04 телефоны арқылы жетекшілік ететін менеджер Жолтай Әміржанға хабарласа аласыз немесе a.zholtay@fnsk.kz электрондық поштасына жаза аласыз.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Құрметті Болаткан Айткожанович! Мен Урынбаева Жадыра, Өскемен қаласы, Есенберлина көшесі 13/3 тұрғынымын. Біз 2020 жылдың 28 желтоқсанында көшіп келдік. Тұрып жатқанымызға 5 айдың шамасы болып қалды, әлі күнге электроэнергиясы ШығысЭнергияТрейдке өткізілген жоқ. Қандай себептермен өткізілмегендігін білгім келеді? Қаңтар айында тұрмаған айларға да жылудың ақшасын төледік. Ал енді электроэнергиясын да солай төлейтін болсақ, желтоқсан айына дейін қаншама құрылыс жұмыстары жүргізілді, оған қаншама электроэенергия кетті. Бізге 5 айдың электроэнергиясын төлеу қиындық туғызады.
Жауап
Қайырлы күн, Жадыра!
Есенберлин даңғылы бойындағы №13/1 – 13/8 көп пәтерлі тұрғын үйлер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде салынған.
«Нұрлы жер» бағдарламасының талаптарына сәйкес инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды тұрғын үйлерге жеткізуді жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді. Мәселен, «Өскемен қаласының құрылыс бөлімі» ММ осы тұрғын ауданды электрмен жабдықтау желілеріне қосты. Алайда, «ШҚ ЭТК» АҚ энергия беруші кәсіпорны сыртқы электр желілері бойынша ескертулерге байланысты (электрмен жабдықтаудың екінші енгізілуінің болмауы), электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды ресімдемейді.
Осыған байланысты, қазіргі уақытта ЖАО және «ШҚ ЭТК» АҚ бар кемшіліктерді қысқа мерзімде жояды, содан кейін электрмен жабдықтауға қосылуға тиісті рұқсат беру құжаттары ресімделетін болады.
Сонымен қатар, тұрғын үй салынған кезде және пәтерлерде жөндеу жүргізілген кезде электр есептегіштер қосылмаған, жалға алушылар қоныстаған кезде, есептегіштердің көрсеткіштері нөл болғаны туралы хабарлаймыз.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Саламатсыз.Ораза кабыл болсын Аллам жумыстарынызга береке берсiн. Сізге үлкен өтiнiшпен хат жолдап отырмын.. Мен Кужамбердиева Сандуғаш Нуралы кызы.Алматы каласы Аккент мкр.нан 2017жылы арендаға үй алған едім. Менің жағдайым ол кезде өте жаксы болған.. Алдында не күтіп турганын ешкім білмейді екен Соңғы екі жылдан бері басыма үлкен сынақ келіп, ай сайынғы төлемді төлеуге шамамыз келмей киналып калдык.. Екі балам бар еді, кызым 20-жасар аяк асты жүрегі токтап кайтыс болды..Артынан өз жүрегіме ота жасалды..Ол кайгы аздай уш ағамыз кайтыс болып,ес жиа алмай калдык.. Алғаш өзім жумыссз калып, бірінші операциядан шыккан кезде, арнайы Астанаға барып, бар жағдайды көрсетіп компания басшылығынан жағдайыма карауларынызды өтiнген едім.Елбасына, Депутат Азат Перуашевка өтiнiш хат жолдап,ол кiciлер Самрук басшыларына жолдаған хатында айтқан еді.Сол себепті сiздерден жағымды жауап күтіп жүрген едім.Сонгы үмітпен сізден көмек сурап хат жолдап отырмын.. Менің осы алған пәтерiмде 85-жастагы карт атамыз,улым, жолдасым, мүгедек бауырым бар.. Басымыздагы жалғыз баспанамызды сактап калуга көмек берсеңіздер екен..Тек қана өтiнерім ай сайынғы төлемді шамамыз келгенше жасап беруді, мерзімді узартып , өсімді алып тастуга, калган сумманы толык есептеп жiберунiздi өтiнем.. Алла разы болсын көмектесуіңізді сұраймын.. үлкен өтiнiшпен хат жолдап отырмын.Аккент мкр.Кужамбердиева Сандуғаш Нуралы кызы.
Жауап
Қайырлы күн, Сандуғаш!
Тілектеріңіз үшін сізге көп рахмет, бірақ сіздің мәселеңіз бойынша сатып алу құқығымен жалдау шартының талаптарына сәйкес төлемдер бойынша кейінге қалдыруды ұсыну және жалға берушінің жалдау төлемдерінің кестесін қайта қарау мүмкін емес.
Хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Саламатсызба! Мен ЕНПФ арқылы арендный платеж төлей аламба?
Жауап
Сәлеметсіз бе, Абай!
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да тұрғын үйді сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалға алу шарты бойынша толық/ішінара өтеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалануға болады. Толық ақпарат сілтеме бойынша https://skcn.kz/kz/news/news/627.
Бізге хабарласқан үшін рахмет!
-
Уй алгым келет агшам дайын комекдесинизши отиниш
Жауап
Қайырлы күн, Айзада!
Бүгінгі таңда ҚР бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya сілтемесі бойынша орналастырылады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Салеметсіз бе? Болаткан Айткожанович! Маған 2016ж ЖК «Шығыс»-тан "Қолжетімді бағдарлама бойынша" қызым Адилова Ботагоз Бейсенбаевна 1985 ж 31 мамырда туған 2топ мүгедек бағдарлама мен 3бөлмелі пәтер берген. Данный комьпютерде бар сол не болды Білейін деп едім Үйдің кезегінде 2009ж бастап тұрмыз Анасы Адилова Багдат. Сот87028821504. Нұрсултан қаласы.
Жауап
Қайырлы күн, Бағдат!
"Samruk-Kazyna Construction" АҚ "Шығыс" ТК тұрғын үйді бөлуге қатысы жоқ.
Сізге әкімдікке жүгінуді ұсынамыз.Хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Ассалаумағалейкүм, наурыздың басында өтініш жібергем жалдамалы пәтерді толығымен жабу ,қанша қарыз туралы мағлұмат алайын деп. Өтінішті қабылдап алды, 29 наурызда хабарлама келді,өтініш қабылданбады деп, 2 ай өтті телефон шалсам алмайды, жауаб бермеді, шара қолдануынызды сұраймын.
Жауап
Қайырлы күн, Медет!
Қоғамның корпоративтік поштасына "Kuralaioralgazina10@gmail.com" кіру хаты түспеген, өтінішіңізді info@fnsk.kz поштасына қайта жіберуіңізді сұраймыз.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Мен Адилова Багдат маған 2016 жылы жеңілдікпен "Қолжетімді бағдарлама —2020" менің қызым Адилова Ботагоз Бейсембайқызы (2 топтағы мүгедек) Шығыстан 3 бөлмелі пәтерге направления берілген.Қолымызда қағаз бар. Данный компьютерде бар екен департамент жильяда тексерттім. Доходымыз жетеді. Шығыста салынып жатқан үйдің қай үйден беріледі екен соны білгім келеді.Үйдің кезегінде 2009 жылдан бастап тұрамыз. Осыған жауап беруіңізді сұраймын, жауапсыз қалдырмайды деп сенемін. Анасы Адилова Багдат Нұр-султан қаласы.
Жауап
Қайырлы күн, Багдат!
Бүгінгі таңда ҚР бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу Нұр-Сұлтан қаласында аяқталды.
Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/ru/news/ сілтемесі бойынша орналастырылады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Құрметті Болатқан Айтқожанұлы! 27 маусым 2016 жылы "Асыл Арман" тұрғын массиві, 21 үй, 163 пәтерді жалға алу, сатып алу шартымен алған болатынмын. Алайда, ағымдағы жылдың 05.03.2021 жылы, 3 жакты келісім шарт жасасып, жоғарыда көрсетілген пәтерден бас тарттым. Арадан 1 ай өткеніне қарамастан Сіздің мекеме тараптарыңыздан қайтарулуға жататын 840 000 тенгеге жуык қаражат осы күнге дейін қайтарылған жок. Неге Сіздің мекемеңіз заңсыз 2 ай маған тиесілі қаражатты ұстайды???? Әлде бұл мекеме әр азаматтардан осылай 2 айлық қаражаттарын коммерциялық түрде айналымға шығарады ма??? Шұғыл жауап беруіңізді сұраймын!!!
Жауап
Қайырлы күн, Азамат!
01.03.2021 жылы талап ету құқықтарын басқаға берудің үшжақты шартының 2.2-тармағына сәйкес, Жалға беруші өтеу сомасын Талап ету құқықтарын басқаға беру шарты уәкілетті органда тіркелген сәттен бастап 60 (алпыс) жұмыс күні ішінде 1-Жалға алушы ұсынған деректемелерге төлейді.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Сәлеметсіздер ме. Мена Алматы облысы, Қарасай ауданандағы Асыл Арман ТК тұрғынымен, сонда 15 жылға баспананы сатып алу құқығымен жалға алғанмын. 17.03.2021 ж. info@fnsk.kz э-поштасына Зейнетақы қорында жиналған қаражатты бір бөлігін жалға алынған баспананың ақысын ішінара өтеуге пайдалану үшін арнайы формада толтырылған Өтініш жолданған едім. Сол күні кешке Өтінішімнің қабылданып, менежердің қолында екендігі туралы жауап хат алдым. Жылдам берілген жауапқа қуанып қалған едім. Содан бері ұзақ уақыт нәтиже туралы жауап болмаған соң, Өтінішімнің жайы туралы сұрап 5-сіуір күні тағы да хат жаздым. Өкінішке орай, бүгін 1-айға жуық уақыт өтті, жауап әлі жоқ. Өздеріңізге белгілі, жауап хатта күтіп отырған Анықтаманы ОтбасыБанктің арнайы порталына 45 күнде жүктеу керек. Олай болмаған жағдайда үрдісті басынан қайта өткізу керек болады. Мына 45 күнде жауап алынбаса, ондағы 45 күнде жауап алатынымызға кім кепіл? Сұрарым, берілген Өтінішке жауап ретінде Анақтаманы беруді тездетуге болады ма?
Жауап
Қайырлы күн, Гүлім!
Сіздің сұранысыңыз өңделді. Анықтама электрондық поштаңызға 01.04.2021 жылы жіберілді.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!