//

Үй-жайды қосалқы жалдауға тапсыруға рұқсат алу рәсімі бойынша ақпарат

  1. Тұрғын үй-жайды қосалқы жалдауға тапсыруға рұқсат алу үшін Сізге жалға алынған үй-жайды қосалқы жалдауға тапсыру ниеті туралы белгіленген үлгідегі өтініш жазу қажет.
  2. Тұрғын үй-жайларды қосалқы жалдауға тапсыруға рұқсат мынадай жағдайларда: 1) басқа қалаға көшкен жағдайда (растайтын құжат, мысалы, жұмыс орнынан анықтама) 2) сатып алу құқығымен жалдау шарты жасалғаннан кейін отбасы мүшелері санының көбейгенін растайтын құжат ұсынылған жағдайда (отбасының бір мүшесіне 18 ш.м. есептеледі, егер отбасы мүшелерінің саны тұрғын үй-жайдың жалпы алаңынан асып кеткен жағдайда рұқсат беріледі) беріледі.
  3. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ күнтізбелік 15 күн ішінде жауап жолдайды.  
  4. Оң жауап алғаннан кейін Сіз күнтізбелік 30 күн ішінде Қоғамның мекен-жайына қол қойылған қосалқы жалдау шартын, сондай-ақ тұрғылықты мекен-жайыңыз туралы жаңа деректерді жібересіз.

Тіркелуге рұқсат алу рәсімі бойынша ақпарат

  1. Тұрғын үй-жайға тіркеу үшін алдымен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-нан тіркеуге рұқсат алу қажет.
  2. Тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуге рұқсат алу үшін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып, белгіленген үлгідегі өтініш жазу қажет. Жалға алушының отбасы мүшелеріне ғана тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелуге рұқсат ала алады. Туыстықты растау үшін растайтын құжаттарды тіркеу қажет (мысалы, егер бала болса, онда баланың туу туралы куәлігі және т.б.).
  3. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-нан жазбаша рұқсат алғаннан кейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жүгіну қажет.

Назар аударыңыз!   

kense@fnsk.kz электрондық поштасына келіп түсетін өтініштер қоса берілген өтініш нысанына сәйкес келген жағдайда ғана қаралады.

* Өтініш нысаны «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының талаптарына сәйкес жасалды.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, https://skcn.kz/ru/gb/blog Басқарма төрағасының блогына хабарласуыңызды сұраймыз.

Тұрақты тұрғылықты жеріне тіркеуге келісім өтініш

Өтініш

Төрағасының блогы