Төрағасының блогы
Сұрақ қою
Сұрақ қою-
Саламатсызба мен Қызылорда қаласы, Демесинов 77в, 6 пәтердің қарызын толық өтеу үшін Нұрсұлтан қаласына барып 01.03.2021 жылы қолма қол арыз жаздым, ешқандай жауап жоқ. Оның алдында жазған арызым бойынша қарыз сомасын қате есептеген болатын. Енді График погашение бойынша төлей береміз бе. Сіздердің телефондарыңызды ешкім көтермейді, нақты мәлімет ала алмаймыз.
Жауап
Қайырлы күн, Нұрлан !
Сіздің сұрау салуыңыз бойынша жұмыс жүргізілуде. Бар берешек туралы түзетілген анықтама жақын арада Сіздің электрондық поштаңызға жіберілетін болады. Туындаған жағдай үшін кешірім сұраймыз.
Әзірше төлемдерді кәзіргі төлем кестесі бойынша төлеуіңіз қажет.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Салеметсіздер ме! Менің сіздерге қояр сұрағым Самурық қазына мен баспанаға қалай қол жеткізуге болады. Және де ол ушін Өскемен қаласында қай мекенжайына баруымыз қажет. Белгілі бір бағдарламамен жұмыс жасайсыздар ма? Ол қандай бағдарлама? Үйге алғашқы жарнамыз бар.
Жауап
Қайырлы күн, Кенжегүл!
Бүгінгі таңда ҚР бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/ru/news/ сілтемесі бойынша орналастырылады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Саламатсыздарма мен 01.03.2021 жылы Қызылорда қаласы, Демесино 77в, 6 пәтердің қарызын толық өтеу туралы арыз жазған болатынмын. Жауабы қашан болады. Бұған дейінгі жазған арызым бойынша қарыз көлемін қате есептеген болатын. Сондықтан жұмыстарыңызға жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймын.
Жауап
Қайырлы күн, Нұрлан!
Сіздің сұрауыңыз бойынша жұмыс жүргізілуде. Біздің менеджерлер мүмкіндігінше қысқа мерзімде жазбаша жауап береді. Қазіргі жағдай үшін кешірім сұраймыз және менеджеріміздің жұмысына қатысты тиісті шаралар қабылдаймыз.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Сәлеметсіз бе! Болаткан Айткожанович мен Гульмира Батиева Шымкент қаласындағы ЖК «Әдия» 979/15 кв 80тұрғын үйінің тұрғынымын. Біз сіздерге яғни келісім шарттағы номерге ЕНПФ тен, Отбасы банкі арқылы қаржы аудардық, яғни сіздерден енді қарызымыздың ай сайынғы төлемінің шегерілген графигін қашан жібересіздер. Біз фин бөлімшелеріңізге де и fnsk.почталарыңызғада жазып звандап сұрап жатырмыз жауап беру қиынба? не тел көтермейді фин бөлімшелеріңіз, не почтаға жауап жазбайды қызметкерлеріңіз жаңа графикті шығарып беруіңізді сұранамын.
Жауап
Қайырлы күн, Гульмира!
Сіздің ақшаңыз түсті. 26.03.2021 ж. Сіздің Жалдау шартыңыз бойынша берешекті ішінара өтеу жүргізілді. Жаңа төлем кестесі жақын арада Сіздің электрондық поштаңызға жіберіледі. Қол қойылған данасы Сіздің тұрғылықты мекенжайыңызға курьерлік пошта арқылы жіберіледі.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Кеш жарық қалай заявка берсем болады
Жауап
Қайырлы күн, Жазира!
Конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін https://dom.fnsk.kz порталында тіркеле аласыз. Сондай-ақ, осы сайтта нұсқаулық бар, онда жүйені іске қосу үшін үшінші тарап қосымшаларын қалай орнатуға болатындығы көрсетілген. Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya сілтемесі бойынша орналастырылады.
Қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет!
-
Салематсыз ба . Самурык Казынадан уи алган адамдар сатып жатырган уилерден пенсионныи фондтагы акшама Самуырык Казынадан менин уи сатып алуыма бола ма.
Жауап
Қайырлы күн, Гүлфайруз!
Егер Сіз тұрғын үй бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар аясында сатып алу құқығымен жалдау шартын Қоғаммен жасасқан болсаңыз, онда Сіз зейнетақы жинақтары есебінен жалдау төлемдерін ішінара немесе толық төлей аласыз.
Қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет!
-
Сәлеметсізбе! Болат Айтқожанұлы, мен Шымкент қаласындағы ЖК "Әдия" тұрғын үйінің 979/15 кв 80 тұрғыны Батиева Гульмира Камаловна боламын, менің сұрағым сізге бағыталады біз ЕНПФ тен Отбасы банк арқылы ақша аударған болатынбыз, енді келісім шарт, график өзгертілеме? яғни аударылған сумманы пәтер бағасынан кемітілген графикты қашан біздің почтаға қызметкерлеріңіз жолдайды, яғни финбөлімше қоңырауымызға жауап бермейді, не занят болады не трубка көтермейді, қызметкерлеріңізе почта арқылыда шықты жауап жоқ міне 15күн болды. Келісім шарт пен графиктың жаңа нұсқасын өзікізден күтемін! Үлкен рақмет құлақ түріп тыңдағаныңызға.
Жауап
Қайырлы күн, Гульмира!
Төлемдердің жаңа кестесі жақын арада электронды файл түрінде Сіздің электрондық поштаңызға жіберіледі, ал қол қойылған данасы курьерлік поштамен сіздің мекен-жайыңызға жолданатын болады.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Сәлеметсіз бе! Өскемен қаласындағы 2017 жылы алынған пәтерді толық сатып алу қалай жүзеге асырылады? Енпф 2600000 ала аламыз, қалған сомасы қолымызда. Телефон арқылы хабарласқанда бұл мәселені шешу бойынша қанағаттандырарлық жауап алмадым. Жауап күтемін. Рақмет!!!
Жауап
Қайырлы күн, Құралай!
Сізге мерзімінен бұрын толық сатып алу рәсімін жүзеге асыру үшін берешек туралы анықтама беру туралы өтініш жазу қажет. Сіздің үй-жайды жалдау шартыңыз бойынша қарызды өтеуге қаражат түскеннен кейін мерзімінен бұрын толық өтеу рәсімі жүргізіліп, тұрғын үйді меншікке беру шарты жасалады.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Саламатсыздарма! Менде ЕНПФ тан ақша аударылған еді, енді жана график қашан шығады?
Жауап
Қайырлы күн, Қайыржан!
Төлемдердің жаңа кестесі жақын арада электронды файл түрінде Сіздің поштаңызға жіберіледі, ал қол қойылған данасы курьерлік поштамен сіздің мекен-жайыңызға жолданатын болады.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Саламатсыз ба? Мен ЖК Шығыс тұрғыны Дауетаева Гулзина Ашимхановна! Осы үйді алғанда қатты қуанып едім. Енді төбемізге квартирант келіп балалары шулап тарс гүрс тіпті жүргені естіледі, ауыр заттарды лақтырады. 230 пәтер өздері арендатор Самұрықтың рұқсатынсыз квартирасына квартирант жіберуге құқығы бар ма? Екіншіден мен заң орындарына хабарласқанымда бұл үйде шумоизоляция жоқ үйіңізге шумоизоляция жасап алыңыз деді. Осы үйге ақша төлеп отырмыз ғой. Мынау не Сұмдық әлде арендатор осындай тәртіпсіз квартиранттарды жіберуге елдің мазасын алуға құқығы бар ма?
Жауап
Сәлеметсіз бе, Гүлзина!
Шығыс тұрғын үй кешенін «Kaontech International» ЖШС құрылыс салушы салған. Онда, «Самұрық-Қазына Construction» АҚ пәтерлерін жалдаушыларынан бөлек, үлескерлер және басқа пәтер сатып алушылар тұрады. Олар өз мүлкіне билік етуге, оның ішінде оны жалға беруге құқылы. Заң талаптарына сәйкес тұрғындар тыныштықты бұзғаны үшін оларды жауапқа тартуға болады.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!