//

Төрағасының блогы

Сұрақ қою

Сұрақ қою
  • Сұрақ: Ахад Сыздык

    Құрметті Болат Айтқожанұлы! Бүгінгі таңда, "Самұрық Қазына" жылжымайтын мүлік қоры АҚ-мен 2019 жылы 11 наурыз үйді жалға сатып алу туралы №113213905 келісім шарт жасаскан болатынмын. Мемлекеттік зейнетақы қорынан өзіме тиесілі қаражатты алуға өтініш беріп қазіргі кезде қаражат Отбасы банк шотына түсіп отыр, ары қарай қаражатты мақсатты пайдалану үшін Сіз басқарып отырған кәсіпорыннан берешекті өтеу туралы анықтама алу қажеттілігі туындап отыр. Ал сіз басқарып отырған кәсіпорыннан аталған анықтаманы алу бүгінгі таңда қарапайым жеке тұлға үшін азаппен тең, себебі арыз 15 жұмыс күн ішінде қаралады, ЕНПФ порталына түскен өтінімнің қарау күнін ескерсек Сіздің кәсіпорыннан анықтама алғанша өтінім уақыты өтіп кетері сөзсіз. Осы ғылыммен техниканың дамыған заманында осы процедураны жеңілдетуге болмайды ма? ЕНПФ 11 566 058 есеп-шотқа қызмет көрсетеді екен, зейнетақы қорына берген өтінішім 3-5 күн аралығында қаралып сапалы қызмет алдым. Менің Сіздің атыңызға берген өтінішім 11 ақпанда жолданғанына қарамастан, + 7 7172 57 55 44 телефонындағы тұлға арыздың түскенін қуаттай алмай отыр, info@fnsk.kz электрондық адресіне жолданған арыздың осы уақытқа дейін түспеуі мүмкін емес, ал бүгін түс уақытынан соң ол телефонмен хабарласу тіпті мүмкін емес. Ұлттық әл-ауқат қорына қарайтын кәсіпорын неге клиенттеріңіздің өтініштерін жылдам қарай алмайды, Бірыңғай зейнетақы қорына келіп түсетін арыздардың жанында Сіздерге келіп түсетін арыздардың саны салыстыруға келмейтін шығар, құрметті Болат Айтқожанұлы, Президент айтқандай "Сапалы қызмет заман талабы" деген қағиданы басшылыққа алып азаматтардың проблемаларын шешуді қолға алсаңыз екен.

    Қайырлы күн, Ахад!

    Біздің менеджерлер Сіздің сұрау салуыңызды кезек тәртібінде өңдеп, мүмкіндігінше қысқа мерзімде жазбаша жауап береді.

    Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!

  • Сұрақ: Айнагүл Жұмағұлова

    Құрметті Болат Айтқожанұлы!Саламатсыз ба? Мен Жұмағұлова Айнагүл Қуанышбайқызы "Самұрық Қазына" жылжымайтын мүлік қоры АҚ-мен 2015 жылы 27 шілдеде үйді жалға сатып алу туралы №104206244 келісім шарт жасаскан болатынмын.. Жылжымайтын мүліктің мекен жайы; Ақтөбе қаласы Юнис Сити Бокенбай батыр 155/7 пәтер 332 үй. Енді осы үйді толықтай ақшасын төлеп сатып алғым келеді ол үшін не істеуім керек ? Өтініш жазу керек пе? Қандай мүмкіндік бар?

    Қайырлы күн, Айнагүл!

    Жылжымайтын мүлікті мерзімінен бұрын сатып алу тәртібі "Сатып алу құқығымен жалдау" шартының 6-бөлімінде айқындалған.
    Сізге info@fnsk.kz электронды поштасына толық сатып алуды жүзеге асыру туралы өтініш жазып жіберу қажет.
    Толық ақпарат алу үшін +7 (7172) 55-90-04 телефон нөмірі бойынша менеджер Әсел Аминоваға хабарласуға болады.

    Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!

  • Сұрақ: Канат С

    Ассалаумағалейкум, Болатхан Айтқожанұлы! Мен, 2019 жылы Ақтау қаласынан жалға алу бағдарламасы бойынша пәтер алған болатынмын. Енді, зейнетақы қорын пайдаланып, мерзімінен бұрын ішінара жабқым келеді. Осы орайда келісімде көресетілген 20%дық штраф бойынша сұрайын деп едім. Инфляция көлемін ескере отырып, мен сияқты көптеген адамдарда өз зейнетақы қорын пайдаланып, ішінара мерзімінен бұрын жабқысы келетін болар. Осы арада 20%дық штрафты алып тастау және мерзімін қысқарту бойынша өтініш жасағым келеді.

    Қайырлы күн, Қанат!

    Аталған тұрғын үй кешенінің құрылысы «Нұрлы Жер»мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Тұрғын үй-жайды «сатып алу құқығымен жалға алу» тетігі ҚР Ұлттық Қоры қолжетімді тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға бөлген ақшалай қаражатты Қоғамның қайтаруы қағидаттарына сүйене отырып белгіленеді. Осыған байланысты жалдау шартының талаптарын қайта қарау мүмкін емес.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Эльвира Кудайназарова

    Салематсызба!!!Мен Актау каласынанмын .32 а мкр да уйлерди тапсырып жатыр деп естигенмин содан маган 3 ханалы уй алыуга комектессениз.операторларыныз дурыс жауап бермейди.

    Қайырлы күн, Эльвира!

    Бүгінгі таңда Ақтау каласы бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды. Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
    Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда  https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya  сілтемесі бойынша орналастырылады, немесе толық ақпаратты менеджер Таубаева Әселден келесі байланыс деректері арқылы білуге болады:
    Тел.: +77172575511э. пошта: a.taubayeva@fnsk.kz

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Талғат Искаков

    Шымкент қаласынан 2018 жылдың желтоқсан айында сіздерден үй алғанбыз. ЖК"Əдия"дан 2019 қаңтардан бастап тұрып жатырмыз жəне ай сайын төлемақыны төлеп отырмыз. Бізге сол төленген қаржының историясын алуға болады ма? Əлі қанша уақыт берешегіміз бар сол жайлы ақпаратты біліп отыратын интернет-банкинг секілді бірдеңе бар ма? Көріп бақылап отыратын.

    Қайырлы күн,Талғат!

    Біздің www.skcn.kz сайтымызда жалға алушыларымыз үшін жеке кабинет қарастырылған. Сіз ЭЦҚ арқылы тіркеліп, жеке кабинетіңізге кіре аласыз. Жеке кабинетте Салыстыру актісін қарау функциясы арқылы сіз барлық төлемдеріңізді салыстыра аласыз.
    Сонымен қатар, менеджерлермен +7 (7172) 55-90-04 телефоны арқылы байланысуға немесе жетекшілік ететін менеджер Журтекина Камилаға k.zhurtekina@fnsk.kz  электрондық поштасына сұрау салуға болады. 

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Гулзина Дауетаева

    Құрметті Болатхан Айткожанович! Мен ЖК Шығыс тұрғын үй тұрғынымын. Мен 2 ай болды Сіздердің менеджерлеріңізден бір анықтаманы ала алмай,ЕНПФ ға счетымнан арендаға алған үйіме пенсионныйымдағы ақшамды аудару үшін Сіздерден погашение туралы график және анықтама керек десем Менеджер маған мен оны 5 күнде де дайындай алмаймын деп грубо жауап берді! Сонда мен график погашение последний датамен анықтаманы қайдан аламын.Сіздердің жұмыс істегісі келмейтін менеджерлеріңіден анықтаманы қалай аламын тіпті бір анықтаманы 5 кунде жасамаймын деп кесіп айтты. Маған кім береді?заявление жаз дейді неге формасын бермейді тіпті мы по удаленному по всему мира пандемия деп грубо жауап берді Справка погашение график не обещаю деді ?Что за отношение? 87172559004 осы номердегі Менеджер ЖК Шығыс тұрғындарына жауап бертін менеджер!Мен график погашение мөрі басылған анықтаманы қайдан аламын!Маған көмек керек !

    Қайырлы күн, Гулзина!

    Азаматтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануы туралы заң күшіне енгендіктен, Сіз info@fnsk.kz. электрондық поштасына жазбаша сұрау салу арқылы қажетті анықтаманы ала аласыз.
    Сіздің сұрауыңызды біздің менеджерлер өңдеп, мүмкіндігінше қысқа мерзімде жазбаша жауап береді. Менеджерлермен тиісті жұмыс жүргізілді. Бұл қызметкер өз жұмысына қатысты ескерту алды. Толық ақпаратты сілтеме бойынша біле аласыз:https://skcn.kz/kz/news/news/627

    Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

  • Сұрақ: Азамат Бердыбеков

    Бүгін, яғни 18.01.2021 жылы, Нұрсұлтан қаласы, Е-10, 17/10 мекен жайына, Алматы облысы, Карасай аудан, Іргелі елді мекенінде тұрған ЖК "Асыл Арман" кешенінен алған пәтердің келесім шартын бұзу бойынша барған болатынмын. Кіре беріс жерде орналасқан ақпарат беретін маман ешқандай сұраққа жауап бере алмады. Онымен қоса 55-90-04 телефонына жауап берген Камила Журтекина есімді маман, өте дөрекі сөйлесіп, төмен деңгейлі маман екенін білдірді. Айттатын сөздері карантин адам кабылдамаймыз, арыз өткізу ішін копия почтаға жіберіңіз деген сөзден баска нақты акпарат айткан жок және келісім шатты бұзу бойынша кандай жұмыстар жүргізілу керектігін білмейді. Неге ондай мәдениеті төмен, білімі жок мамандар Сіздің мекемеңіщде жұмыс істейді??? Неге ол мамандар, жоғарғы деңгейде түсіндіріп жауап бермейді??? Телефонды тастай салу деген ешкандай мемлекеттік мекемелерді жок деп айьуга болады, карантин болса неге арыз калдыруға болатын жәшіктер орналастырылмайды? Самрук Сонстаршэннің бірде бір мамандарымен сөйлесу мүмкіндігі болған жоқ. Құрметті Болатқан Айткожанұлы, Сіздің мекемеңізден кез келген Министрлік қызметкерлерінен акпарат алу және арыз шагым калдыруға ынгайлы!!! Мемлекет басшысы Қасым Жомар Кемелұлы Тоқаевтың халық үніне құлақ асатын мемлекет болу туралы айткан тапсырмасы Сіздің мекемеңізге катысы жок па? Заңда көрсетілген мерзімде маған жазбаша жауап беруіңізді сұраймын.

    Сәлеметсіз бе, Азамат!

    Сіздің атыңыздан 21.01.2021 жылы сенімхат бойынша жалдау шартын бұзуға өтініш қабылданды. 27.01.2021 жылы Нұр-сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15.00-де сіздің пәтеріңізді екінші рет өткізуге конкурс аяқталады. Конкурс нәтижелері бойынша жылжымайтын мүлікке талап ету құқықтарын басқа жалгерге беру үшін, үшжақты шартын жасасу рәсімі жүргізілетін болады.
    Менеджер Журтекина Камилаға қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады.

    Болған жағдай үшін кешірім сұраймыз!

  • Сұрақ: Гульбахыт Тлегенова

    Салематсызба арендаға уй алығым келеді. Бещ первый началныйсыз. Айына 100мынан толеп отыратын кылып

    Қайырлы күн!

    Бүгінгі таңда ҚР бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
    Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
    Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/rezultaty сілтемесі бойынша орналастырылады. 

    Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!

  • Сұрақ: Азамат Бердыбеков

    Құрметті Болат Айтқожанұлы, менімен және жұбайым Әбдіхалықова Перизат Әбдіхалыққызы жалға беруші "Самрұр Қазына" жылжымайтын мүлік қоры АҚ-мен №105210647 келісім шарт жасаскан болатын. Жылжымайтын мүліктің мекен жайы; Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылы, тұрғын массив "Асыл Арман", 21 үй, 163 пәтер. Қазіргі таңда аталған келісім шартты бас тарту себебімен бұзуыңызды сұраймын.

    Қайырлы күн, Азамат!

    Сіздің Жалдау шартын бұзу туралы өтінішіңіз қаралды. 2021 жылдың 25 қаңтарында Сіздің пәтеріңізді қайталама сатуға конкурс жарияланды. Конкурс қорытындысы бойынша, Сізбен және жаңа жалға алушымен жылжымайтын мүлікке құқықты басқаға берудің үш жақты шарты жасалатын болады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Нурсулу Кожбанова

    Сәлеметсіз бе Мен үиді Самұрық қазынадан алғанмын енді ақшасын толеиеи алмаи қалдым абратно үиді тапсырсам болды ма ақшасын қайтарып алсам

    Сәлеметсіз бе, Нұрсұлу!

    Сатып алу құқығымен жалдау шартының 4.3.14-тармағына сәйкес шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, Жалға алушы Жалға берушіні бұзу күніне дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын жазбаша ескертуге міндетті;
    10.7 және 10.7.1. тармағына сәйкес. Сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзу кезінде үй-жайды жалға беруші қоғам белгілеген өткізу тәртібіне сәйкес конкурстық негізде екінші рет өткізуге тиіс. Бұл ретте, жалға алушы сату тәртібінің 4.5-бөліміне сәйкес екінші рет сатуды жүзеге асырған кезде болашақ жалға алушыдан тұрғын үй-жайдың құнын өтеу бойынша келтірілген шығындарды толық немесе ішінара өтеуге құқылы.Егер босатылған тұрғын үй-жай жалға алушыға өтелуге жататын соманы төлеуге дайын не жалға алушы шеккен шығындар мөлшерінен аз соманы ұсынған өтініш берушілердің болмауына байланысты бөлінбесе, сатып алу құқығымен жалдау шарты жалға алушыға өтелуге жататын соманы төлемей бұзылады. Мұндай жағдайда Жалға алушы шартты қайта ресімдеу үшін үміткерді ұсынуға құқылы. Жалға алушы тарапынан ұсыныстар болмаған жағдайда өтеу жүргізілмейді, ал босаған тұрғын үй-жай өткізу тәртібіне сәйкес өткізілуге жатады.
    10.7.2 тармағына сәйкес. Жалға алушы тұрғын үй-жайды сатып алу шарты бойынша тараптар ретінде оны ауыстыру үшін өзінің кандидатурасын тек конкурс бойынша өтініш берушілер болмаған жағдайда ғана ұсынуға құқылы.
    Осыған байланысты, сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзу үшін сізге шартты бұзу туралы өтініш жазу қажет. Толық ақпарат алу үшін +77172575511, +77172559004 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

Төрағасының блогы