//

Үй-жайды пайдаланғаны және иеленгені үшін тиісті кезең үшін жалдау төлемінің мөлшері Жалға алушы Жалға берушінің Шартта көрсетілген банктік шотына Шарттың қолданылу мерзімі ішінде бірінші кезеңнен бастап тиісті кезең үшін ай сайын кезекпен төлеуге тиіс Жалдау төлемдерінің кестесінде көрсетілген.

Кезең ішіндегі жалдау төлемінің мөлшері кезең ішіндегі Сатып алу бағасынан (негізгі борыш) және кезең ішіндегі сыйақыдан тұрады.

Сыйақы мөлшері жылдық %-бен есептеледі. Сыйақы ай сайынғы негізде есептеледі.

Сыйақыны есептеу үшін жылына 360 күн және айына 30 күн есепке алынады. Жалдаудың бірінші айы үшін сыйақыны есептеу толық емес айдағы нақты күн саны үшін жүргізіледі.

Кезең үшін жалдау төлемін төлеу кезінде, ақы төленетін кезеңнен кейінгі Жалдау төлемінің кестесінде көрсетілген сатып алу бағасы, төленген жалдау төлемінің кезеңі үшін сатып алу бағасының мөлшеріне азаяды.

Сыйақы шарт жасалған күннен кейінгі күннен бастап есептеледі.

Жалға алушы бірінші кезең үшін жалдау төлемін осы Шарт жасалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде, келесі кезеңдер үшін әрбір келесі кезең басталғанға дейін әр айдың 20-күніне дейін төлеуге тиіс. Бірінші кезеңнің басталуы Шарт жасалған күнге сәйкес келеді және ағымдағы айдың соңғы күні аяқталады. Әрбір келесі кезең әр айдың 1 (бірінші) күнінен басталады және айдың соңғы күні аяқталады.

Тараптар кезекті төлемдерді енгізудің әр айдың 20-күнінен кешіктірілмей төленетін бірыңғай күнін белгілейді.

Жалдау төлемдерін төлеу кезінде Жалға алушы түбіртекте Жалға берушінің сайтында жарияланған төлемнің белгіленген кодына сәйкес төлем мақсатын, осы Шарттың нөмірін және/немесе сәйкестендіру нөмірін және күнін, Жалға алушының ЖСН, Жалға алушының Т.А.Ә. көрсетуі тиіс.  

Жалдау төлемі пайдалану шығыстары мен коммуналдық шығыстарды және Жалға алушы өз есебінен төлеуге тиіс басқа да шығыстарды қамтымайды.

Жалға алушы жалдау төлемін әрбір ақы төленетін кезең басталғанға дейін ай сайын төлеуге тиіс.

Жалдау төлемінің мөлшері Жалға беруші мен Жалға алушының екі жақты келісімі бойынша ғана өзгертілуі мүмкін және осы өзгеріс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының өзгеруіне байланысты туындаған жағдайларды қоспағанда, Жалға беруші жалдау төлемін біржақты тәртіппен көбейте алмайды.

Жалға алушыдан төлемдер, оның ішінде жалдау төлемдері түскен кезде, төлемдер келесі тәртіппен енгізіледі:

  • өтеуге есептелген өсімпұлды өтеу;
  • өтеуге есептелген сыйақыны өтеу;
  • сатып алу бағасының бір бөлігін өтеу.  

Шартта көрсетілген сату бағасы көбейтілмейді.

Жалдау төлемдерін өтеу кестесі Шартпен өзара байланысты жеке құжат болып табылатын және қосымша келісім жасауды талап етпейтін жаңа кестеге Тараптар қол қою жолымен өзгертіледі. Күні кейінірек қойылған жалдау төлемдерін өтеу кестесі, төлемдерді жүзеге асыру үшін негіз болып табылады, осы Шартқа қоса тіркеледі және күші жойылатын бұрыңғы кестені ауыстырады. Жалға беруші Шартта көзделген тәртіппен немесе ҚР заңнамасының өзгеруіне байланысты, осы Шарт бойынша кезекті төлем енгізілетін күннен кешіктірмей қол қою үшін Жалға алушыға жалдау төлемдерінің жаңа кестесін береді.    

Төрағасының блогы