//

«Сатып алу құқығымен жалдау» өткізу әдісі – тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларды жалға беру мерзімі аяқталғаннан кейін немесе мерзімінен бұрын сатып алуға белгіленген мораторийді сақтай отырып, мерзімінен бұрын сатып алғаннан кейін, тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларға меншік құқығының көшуімен жалдау. 

Жалға алушы – «Samruk Kazyna Construction» АҚ-дан сатып алу құқығымен жалдау шартымен жылжымайтын мүлікті ақыға алған жеке немесе заңды тұлға.

Жалдау төлемдерін өтеудің аннуитеттік әдісі – жалдау кезеңі (мерзімі) ішінде төленетін ай сайынғы жалдау төлемінің тең мөлшері белгіленетін төлеу түрі.

Кепілдік төлем – Жалға алушының сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау салдарынан туындайтын материалдық жауапкершілігін қамтамасыз ету ретінде Жалға алушы «Samruk Kazyna Construction» АҚ-ның шотына аударатын төлем.

ЖТTС – жеке тұлға болып табылатын Өтінім беруші, Өтінім беруші мен оның отбасы мүшелерінің жиынтық табысының мөлшерін негізге ала отырып, ай сайын төлеуге мүмкіндігі бар және Өтінім берушінің төлем қабілеттілігі көрсеткішін есептеу үшін қолданылатын жалдау төлемінің ең төмен сомасы.  

Өтінім беруші – «Samruk Kazyna Construction» АҚ-дан тұрғын үй-жайды сатып алу құқығымен жалдау шартымен пайдалануға алуға ниеті бар жеке тұлға, сондай-ақ «Samruk Kazyna Construction» АҚ-дан сатып алу құқығымен жалдау немесе тікелей сатып алу шартымен коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайды алуға ниеті бар жеке немесе заңды тұлға.   

Төрағасының блогы