//

Қоғам 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған орнықты дамудың 17 мақсатын толық қолдайды, оның 8-і қоғамның орнықты дамуы жөніндегі саясаттың негізіне алынды

БҰҰ-ның жаһандық шартының қағидаттарын мойындай отырып, Қоғам өз қызметінде мынадай қағидаттарға берілгендігін мәлімдейді:

 

Адам құқықтарын қорғау саласында

халықаралық деңгейде жарияланған адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді және құрметтейді;

адам құқықтарының бұзылуына қатысы жоқтығын қамтамасыз етеді.

Еңбек қатынастары саласында

жиналыс бостандығын қолдайды және ұжымдық шарттар жасасу құқығын таниды;

міндетті немесе мәжбүрлі еңбекті жоюға ықпал етеді;

балалар еңбегін жоюға ықпал етеді;

еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюға ықпал етеді.

Қоршаған ортаны қорғау саласында

қоршаған ортаға жағымсыз әсерлердің алдын алуға ықпал етеді;

бастамаларды қабылдайды және экологиялық жауапкершіліктің таралуына ықпал етеді;

экологиялық қауіпсіз технологияларды дамытуға және таратуға жәрдемдеседі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында

сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне және басқа да заңсыз әрекеттерге, соның ішінде бопсалау мен парақорлыққа төзбеушілік туралы мәлімдейді.

 

"Самұрық-Қазына" АҚ Корпоративтік басқару кодексіне, қоғамда орнықты даму саласындағы саясатқа сәйкес орнықты даму саласындағы басқару жүйесі құрылды, оған мыналар кіреді:

- Директорлар кеңесі, атқарушы орган және қызметкерлер деңгейінде орнықты даму қағидаттарын ұстану;

- үш компонент бойынша ішкі және сыртқы жағдайды талдау (экономика, экология, әлеуметтік мәселелер);

- әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардағы орнықты даму саласындағы тәуекелдерді анықтау;

- мүдделі тараптардың картасын құру;

- орнықты даму саласындағы мақсаттар мен тиімділікті айқындау, іс-шаралар жоспарын әзірлеу және жауапты тұлғаларды айқындау;

- тәуекелдерді басқару, жоспарлау, адам ресурстарын басқару, Инвестициялар, есеп беру, операциялық қызмет және басқаларын қоса алғанда, негізгі процестерге, сондай-ақ Даму стратегиясы мен шешім қабылдау процестеріне тұрақты дамуды интеграциялау;

- тұрақты даму саласындағы лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

- тұрақты даму саласындағы іс-шараларға тұрақты мониторинг жүргізу және бағалау, мақсаттар мен тиімділікке қол жеткізуді бағалау, түзету шараларын қабылдау, тұрақты жақсарту мәдениетін енгізу.

Тұрақты даму бойынша Саясаты

Төрағасының блогы