Ақтөбе қаласындағы тұрғын үй-жайды қайта бөлуге өтінім берген Өтінім берушілерден құжаттарды қабылдау мерзімі
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ көлік орындарын өткізу тәртібі негізінде Ақтөбе қаласы, «Батыс Премиум» ТК-де сатып алу құықығымен жалға берілетін тұрғын үй-жайды сатып алуға үміткерлер ретінде www.dom.fnsk.kz сайтында қайта бөлуге өтінім берген Өтінім берушілерден құжаттарды қабылдау мерзімі туралы хабарлайды.
Қайталама өткізу туралы хабарландыру берілген күні |
Үй № |
Пәтер № |
Пәтер ауданы (ш.м.) |
Қабат |
Бөлме саны |
19.04.2021 |
1Г, 2-корпус |
116 |
64,9 |
9 |
1 |
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның Ақтөбе қаласындағы кеңсесіне құжаттарды тапсыру қажет Өтінім берушілердің тізімі (қосымшаны қараңыз) қоса беріледі.
Назар аударыңыздар! Құжаттарды қарау кезінде Өтінім берушілердің құжаттары қатысуға өтінім беру барысында қалыптастырылған кезектілікке сәйкес бірінші кезекте қаралады. Егер құжаттарды тапсыру құқығына ие болған Өтінім беруші жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ көлік орындарын өткізу тәртібінде көрсетілген критерийлерге сәйкес келмеген, құжаттарды жарияланған мерзімде тапсырмаған жағдайда, онда оның кезектілігі келесі Өтінім берушіге ауысады.
Құжаттар келесі мекенжайда қабылданады: Ақтөбе қ., Шернияз к., 68-үй, Нотариус «Авжанов Ж.К.»
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ құжаттарды қабылдау кестесі: 2021 жылғы 03 мамыр сағат 10.00-ден бастап 11 мамыр сағат 18.00-ге дейін |
Үзіліс: сағат 13.00-дан 14.30-ге дейін
Демалыс: сенбі, жексенбі.
Өтінім берушілер Ақтөбе қ., Шернияз к., 68-үй, Нотариус «Авжанов Ж.К.» мекен-жайында орналасқан кеңсеге жүгініп, мынадай құжаттар тізімін ұсынуы тиіс:
Тұрғын үй-жайларды бөлу үшін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға ұсынылатын құжаттар тізбесі:
- Өтінім берушінің, тең Өтінім берушінің (-лердің) және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері.
- Өтінім берушінің, тең Өтінім берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің, оның ішінде кәмелетке толмаған балалардың Қазақстан Республикасы бойынша сол елді мекенде оқшауландырылған тұрғын үй-жайларының жоқтығы және Өтінім беру сәтіне дейін тұрғын үй-жайлармен жасалған мәмілелерінің болмағаны туралы Тіркеуші органнан (ХҚКО) анықтаманың түпнұсқасы.* Тіркеуші органның оқшауланған тұрғын үй-жайдың болмауы туралы анықтамасының берілген күні нақты объектіге өтінімдер қабылдаудың басталуы туралы хабарландыру бірінші жарияланған күннен ерте болмауы тиіс.
- Неке қию, некені бұзу туралы куәліктің, жұбайының/зайыбының (жұбайы/зайыбы болған жағдайда) қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі.
- Балалардың (балалар болған жағдайда) туу туралы куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері, кәмелетке толмаған балалардың ЖСН.
- Бар тұрғын үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері, тұрғын үйдің техникалық паспортын, мекенжай анықтамасы. Егер құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқалары ЕДБ-де (кепілде) болған жағдайда, онда тұрғын үйге ЕДБ куәландырған құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелерін, техникалық паспортты, сондай-ақ құжаттардың банкте екендігі туралы ЕДБ-нің хатын ұсыну қажет.
- Өтінім беруші, тең Өтінім беруші (-лер) некеде тұрмайтыны туралы нотариалды расталған өтініш (егер өтініш беруші үй-жайды бөлуге өтінім-сауалнама берген сәтте некеде тұрмаса).
- Туыстық дәрежесін растау үшін Өтінім берушінің кәмелетке толған отбасы мүшелерінің туу туралы куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері.
- Бастапқы жарна сомасын (бастапқы жарна енгізілген жағдайда) төлеу ниетін растау үшін Өтінім беруші мен отбасы мүшелерінен ақшалай қаражаттың болуы туралы ЕДБ анықтамасының түпнұсқасы.
- Өтінім берушіден құжаттарды ұсынуға сенімхаттың түпнұсқасы (қажет болған жағдайда).
Ескертпе:
Осы қосымшаның 1, 3, 4 ,7-тармақтарында көрсетілген құжаттардың көшірмелері құжаттардың түпнұсқаларымен салыстырғаннан кейін Өтінім берушіге қайтарылады.
Осы Қосымшаның 9-тармағында көрсетілген Сенімхат Өтінім берушінің атынан үшінші тұлға әрекет жасаған кезде ұсынылады.
Барлық мәселелер бойынша келесі телефондарға жүгінуге болады: 8 (7172) 57-55-11, 8-701-270-90-96, 8-747-785-14-39, 8-707-714-00-35. Сату бөлімінің жұмысы бойынша өз тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызды келесі электрондық мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: info@fnsk.kz