//

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама), Жалға берілетін тұрғын үйлер бағыты бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның Тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ көлік орындарын өткізу тәртібіне сәйкес, Өскемен қ., І. Есенберлин даңғылы, 13/1, 13/2, 13/3, 13/7 және 13/8-үйлердегі 289 пәтерді сатып алу құқығымен жалға беру тетігі арқылы өткізу басталғаны туралы хабарлайды.

р/с

Пәтердің типі

Бөлме саны

Типі бойынша ең төмен ауданы, ш.м.

Типі бойынша ең жоғары ауданы, ш.м.

12 жылға ең жоғары ай сайынғы жалдау төлемі 

Ең жоғары кепілдік төлем

Конкустағы пәтерлердің жалпы саны

1

типті

Бір бөлмелі

44,2

46,0

89 092,34

267 277,02

48

2

 1Б  типті

Бір бөлмелі

41,5

44,3

85 799,80

257 399,40

70

3

 1В  типті

Бір бөлмелі

44,8

45,6

88 317,62

264 952,86

17

4

 2А  типті

Екі бөлмелі

64,9

66,7

129 183,89

387 551,67

19

5

 2Б  типті

Екі бөлмелі

55,2

57,8

111 946,46

335 839,38

31

6

 2В  типті

Екі бөлмелі

62,5

63,6

123 179,84

369 539,52

25

7

 2Г  типті

Екі бөлмелі

58,3

59,0

114 270,61

342 811,83

13

8

 2Д  типті

Екі бөлмелі

66,2

67,3

130 345,97

391 037,91

15

9

 3А  типті

Үш бөлмелі

82,7

85,9

166 370,26

499 110,78

26

10

 3Б  типті

Үш бөлмелі

81,4

85,3

165 208,19

495 624,57

25

 

Барлығы:

289

* Сатып алу құқығымен жалдау шарты қысқа мерзімге (5, 7 немесе 10 жыл) жасалған жағдайда, жалдау және кепілдік төлемі ұлғаю жағына қарай қайта есептелетін болады.

Сатып алу құқығымен жалға алу кезінде Объектідегі тұрғын үй-жайдың 1 шаршы метрі үшін ай сайынғы төлемнің мөлшері мыналарды құрайды:

Жалдау мерзімі

5 жыл

(60 ай)

7 жыл

(84  ай)

10 жыл

(120 ай)

12 жыл

(144 ай)

Айына 1 ш.м. үшін жалдау төлемі, теңге

3 443,38

2 690,46

2 141,69

 

1 936,79

Тұрғын үй-жайды сатып алу құқығымен жалға алу тетігі арқылы

сатып алудың негізгі критерийлері:

1) Өскемен қаласында соңғы 36 (отыз алты) айда тұрғын үйдің болмауы және/немесе жылжымайтын мүлікпен мәмілелердің болмауы не тұрғын үй жағдайларын жақсарту, яғни отбасының әрбір мүшесіне 18 шаршы метрден кем келетін осы қалада тұрғын үйдің болуы;

  • ай сайынғы жалдау төлемдерін төлеуге мүмкіндік беретін төлем қабілеттілігінің жеткілікті деңгейі. Төлем қабілеттілігінің деңгейін skcn.kz сайтында орналасқан калькулятор көмегімен алдын ала есептеуге болады.
  • Өтінім берушінің бұдан бұрын Қоғам, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ, «ҚР Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ шарттары бойынша аталған Бағдарламаға қатыспауы.   

Пәтер алуға өтінімдер dom.fnsk.kz веб-сайты арқылы қабылданатын болады. Пәтер алуға ниет білдірген барлық адамдар dom.fnsk.kz сайтында тіркелуі тиіс. Бұл рәсімді өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін жүргізу ұсынылады. Сайтта тіркелу үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет. Тіркелу жөніндегі нұсқаулықпен www.skcn.kz. сайтында танысуға болады.  

 

Өтінімдерді қабылдаудың басталу күні мен уақыты: 2020 жылғы 05 қазан, сағат 10.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша).

 

Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты: 2020 жылғы 07 қазан, сағат 17.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша).

 

Өтінімдерді қабылдаудың белгіленген мерзімінде барлық тіркелген пайдаланушылар бір мезгілде пәтерді сатып алу құқығымен жалдау арқылы сатып алуға өтінім жіберу мүмкіндігіне ие болады. Кезектілік электронды өтінімді қабылдау уақыты бойынша автоматты түрде қалыптастырылады. Бұл ретте өтінім пәтердің белгілі бір типіне беріледі.  Нақты өтінім берілгеннен кейін таңдалған пәтер типін өзгерту мүмкін емес.

Жалпы ақпарат.

Пәтерлердің жайғасымымен және көп пәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жерімен www.skcn.kz сайтындағы «Компанияның жобалары/Тұрғын үйлер» бөлімінде, сондай-ақ  https://3d.skcn.kz/ сілтемесі (3D турға сілтемені көрсету қажет) бойынша танысуға болады.

Консультация  келесі телефондар арқылы жүргізіледі: 8 (7172) 57-55-11, 8-701-270-90-96

 

Пәтерлердің жайғасымы:

Типі 1А:

 

Типі 1Б:

 

Типі 1В:

 

Типі 2А:

 

Типі 2Б:

Типі 2В:

 

Типі 2Г:

Типі 2Д:

 

Типі 3А:

 

Типі 3Б:

Төрағасының блогы