Импортты алмастыруға бағытталған құрылыс материалдары мен жабдықтарды шығаратын зауыттардың құрылысына инвестиция салу
"Samruk-Kazyna Construction" АҚ инвестициялық қызметіндегі стратегиялық маңызды бағыттардың бірі – импортты алмастыруға бағытталған құрылыс материалдарын өндіретін зауыттарды салу және іске қосу.
Отандық шикізат базасын пайдалану құрылыс материалдарының өзіндік құнын төмендетеді, құрылыс саласын одан әрі дамытуға ықпал етеді және келешекте тұрғын үй мен коммерциялық құрылыстың көлемі мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, халық үшін жаңа жұмыс орындарын ашады.