//

Жалға берілген үй-жайды толық мерзімінен бұрын сатып алған жағдайда есептелген және өтелмеген өсімпұлдың 90% есептен шығару шарттары:

Басқарманың 12.07.2023 жылғы №24/2023 шешіміне сәйкес «Samruk-Kazyna Construction» АҚ жалға берілген үй-жайды 31.03.2024 жылға дейін толық мерзімінен бұрын сатып алған жағдайда, есептелген және төленбеген өсімпұлдың 90% есептен шығару мүмкіндігін береді.

  1. Жалға алушы болжамды сатып алу күніне дейін 2 (екі) ай бұрын мерзімінен бұрын толық сатып алу ниеті туралы белгіленген үлгідегі өтінішпен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ- ға жүгінуі қажет.
  2. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ жетекшілік ететін менеджері күнтізбелік 15 күн ішінде есептелген және төленбеген өсімпұлдың 90%-ын есептен шығаруды ескере отырып, мерзімінен бұрын толық сатып алу сомасын хабарлайды.
  3. Жалға алушы мерзімінен бұрын толық сатып алу сомасын өтеудің бақылау күніне дейін төлеуі керек.
  4. Ақшалай қаражат түскеннен кейін жетекшілік ететін менеджер жылжымайтын мүлік объектісін меншікке беру шартына қол қою мерзімін анықтайды.
  5. Егер Жалға алушы өтеудің бақылау күніне дейін мерзімінен бұрын сатып алу сомасын төлемеген болса, өтініштің күші жойылды деп есептеледі. Бұл жағдайда есептелген өсімпұл есептен шығаруға жатпайды.

Назар аударыңыз! Жылжымайтын мүлік объектісін меншікке беру шартына қол қою, сондай-ақ құжаттардың түпнұсқаларын алу мерзімі мерзімінен бұрын толық сатып алу кезеңі (өтеудің бақылау күні) басталған сәттен 7-20 жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрауы мүмкін.

Назар аударыңыз!   

kense@fnsk.kz электрондық поштасына келіп түсетін өтініштер қоса берілген өтініш нысанына сәйкес келген жағдайда ғана қаралады.

* Өтініш нысаны «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы  12 қаңтардағы Заңының талаптарына сәйкес жасалды.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайдаhttps://skcn.kz/ru/gb/blog Басқарма төрағасының блогына хабарласуыңызды сұраймыз.

Өтініш нысаны

Төрағасының блогы