Толық мерзімінен бұрын сатып алу және ішінара мерзімінен бұрын өтеу жөніндегі нұсқаулық.
Сатып алумен жалдау үшін өтеу шарттары
Мерзімінен бұрын ішінара өтеу кезінде
- Жалға алушыға мерзімінен бұрын ішінара өтеу сомасын көрсете отырып, белгіленген үлгідегі өтінішпен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға жүгіну қажет.
- Көрсетілген соманы өтініш жіберілген күні «Samruk-Kazyna Construction» АҚ деректемелері бойынша енгізу (* төлемнің мақсатын «ішінара мерзімінен бұрын өтеу» деп көрсету қажет).
- Ақша қаражаты түскеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ өтініште көрсетілген электрондық мекенжайға жаңа өтеу кестесін жібереді.
- Кестені қалыптастырғаннан кейін Жалға алушы жаңа төлем кестесіне қол қою үшін кеңсеге баруы немесе өңірдегі Қоғам өкіліне жүгінуі керек.
* Дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде негізгі Шартқа нотариалды куәландырылған қосымша келісім жасалады. Нотариаттық қызметтер бойынша шығыстарды Жалға алушы көтереді.
Мерзімінен бұрын толық сатып алған кезде
- Жалға алушы болжамды сатып алу күніне дейін 2 (екі) ай бұрын мерзімінен бұрын толық сатып алу ниеті туралы белгіленген үлгідегі өтінішпен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ- ға жүгінуі қажет.
- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ жетекшілік ететін менеджері күнтізбелік 15 күн ішінде мерзімінен бұрын толық сатып алу сомасын хабарлайды.
- Жалға алушы мерзімінен бұрын толық сатып алу сомасын өтеудің бақылау күніне дейін төлеуі керек.
- Ақшалай қаражат түскеннен кейін жетекшілік ететін менеджер жылжымайтын мүлік объектісін меншікке беру шартына қол қою мерзімін анықтайды.
Назар аударыңыз! Жылжымайтын мүлік объектісін меншікке беру шартына қол қою, сондай-ақ құжаттардың түпнұсқаларын алу мерзімі мерзімінен бұрын толық сатып алу кезеңі (өтеудің бақылау күні) басталған сәттен 7-20 жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрауы мүмкін.
Назар аударыңыз!
kense@fnsk.kz электрондық поштасына келіп түсетін өтініштер қоса берілген өтініш нысанына сәйкес келген жағдайда ғана қаралады.
* Өтініш нысаны «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының талаптарына сәйкес жасалды.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, https://skcn.kz/ru/gb/blog Басқарма төрағасының блогына хабарласуыңызды сұраймыз.